Шынайы жалақы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 13:30, реферат

Описание работы

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы жалақы.docx

— 20.79 Кб (Скачать)

     Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.

     Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

  Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

     Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

      1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;

      2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;

      3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;

      4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;

      5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;

      6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;

      7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;

     Жалақы екіге бөлінеді:

- негізгі;

- қосымша;

     Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы.

     Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы.

     Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

      1-нысаны – мерзімдік;

      2-нысаны - кесімді;

     Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

       1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;

       2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;

       3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;

       4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;

       5.Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

     Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

- Сағаттық;

- Күндік ақы;

- Айлық ақы;

     Марзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:

      1. Тікелей кесімді жүйе;

      2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;

      3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;

      4. Жанама – кесімді жүйе;

      5. Аккордық жүйе;

     Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

       Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.

  Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).

  Жанама - кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.

     Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.

     Жалақылардан  ұстап қалулар  мен төлемдер:

     Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген  жағдайларда жүргізіледі. Әрбір  жалақы төлемі кезінде барлық ұстап  қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50% - нен аса алмайды.

Қызметкердің  жалақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:

• Табыс салығын;

• Орындаушы  қағаздар бойынша;

• Несие сатып  алынған тауарлар үшін тапсырмалар  мен міндеттемелер бойынша;

• Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;

• Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес  тәуелсіз кәсіподақтардың федерация  кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік  кәсіподақ жарнасы;

• Жалақы есебінен берілген авансты өтеу;

• Жеке тұрғын – үй құрылысына берілген несиені өтеу есебінен;

• Жұмысшының жазбаша  келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәтер ақы төлеу;

• Демалыстың өтелмеген  күндері үшін;

• Кәсіпорынға  келтірілген зиянды өтеу;

• Айыппұлдар мен  мойнындағы ақша;

• Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды  ұстау үшін. 

Информация о работе Шынайы жалақы