Шетелдік тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 10:12, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ең бастысы – экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау, басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз қозғалады. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу Қазақстанда толыққанды зерттелмеуі экономиканың тұрақты дамуына қиындықтар туғызып отыр. Ел экономикасын бәсекеге барынша қабілетті ету мен оны дамытудағы басқару мәселелерін шешуде жаңа теориялық-әдістемелік негіз салу қажеттілігі шетелдік озық тәжірибелерді толық зерттеуді талап етеді.
Берілген жұмыс тақырыбының өзектілігі болып дамыған елдердегі ең озық тәжірибелерді пайдалану негізінде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті ету табылады.

Работа содержит 1 файл

Автореф Озық тәжірибені қолдану.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

Қазақстан ауылшаруашылығының өзіне тән ерекшелігі дамыған  елдердегідей, оған қызмет көрсету үшін арнайы ұлттық қаржы жүйесін құруды қажет етеді. Бұл мәселеде де экономиканы қаржыландырудың тиімді де мүмкін жолы ретінде автормен жапондық үлгі қарастырылады.  Сонымен қатар агроөнеркәсіптік өндірісті қолдау және дамыту мақсатындағы қаржының шоғырлануын алдын-ала қарастырған жөн. Олар ауылшаруашылық ғылымын дамытуға, кадрларды даярлауға, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен элиталық тұқым шаруашылығына қолдау көрсетуге, топырақ құнарлылығын арттыруға, өндіріске дотациялар беру мен ауылшаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін өндіруге бағытталуы тиіс. Бұл бағыттардағы қаржыландыруларды үкіметаралық келісімдер негізінде орын алатын халықаралық гранттар мен резервтік қорларды тарту арқылы іске асырған өте пайдалы.

Елдегі қабылданған  индустриалды-инновациялық даму стратегиясы аясында ұлттық экономиканы инновациялық даму траекториясына түсіруде жапон тәжірибесінен шағын экономиканы қалыптастыру үдерісін қолға алу ұсынылады. Ол экономиканың жаңа секторына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, яғни олар - бюджеттік қаражаттарды  тікелей қажеттілігне орай қорларға бөлу, ықтимал шығындарының өтемақысын қамтамасыз ете отырып, коммерциялық банктің несиелеріне кепілдіктер беру; сақтандыру қорларын, («тәуекелдік қорларын») құру, мемлекеттік және жеке меншік аралас қолдау қорларын құру. 
Орта және шағын бизнесті дамыту – елдегі орташа таптың болуының кепілі, ал бұл – кез-келген мемлекеттің тұрақты дамуының тірегі болып табылады. Ал бізде шағын және орта кәсіпорындар ЖІӨ-нің орта есеппен 30% ғана құрайды (2-кесте). 
Кесте 2 - ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі, %

  2005 2006 2007 2008
ЖІӨ-дегі  ШОК үлесі 40,5 35,8 34,6 31,2
ЖІӨ-дегі шағын бизнестің үлесі 36,4 31,8 30,8 28,0
ЖІӨ-дегі орта бизнестің үлесі 4,1 4,0 3,8 3,2
Ескертпе -  Кесте ҚР Статистика агенттігінің мәліметі негізінде автормен жасалды.

Қазақстан экономкасындағы  басты кемшіліктер осыған келіп  саяды. Бізде шағын өнеркәсіп  индустрясы нашар дамыған, дайын  өнімдерді сырттан тасымалдаймыз. Яғни, аталған саланы дамытпайынша, экономиканы диверсификациялау мүмкін емес.    
2009 жылы екінші дәрежелі банктермен 128,8 млрд. теңге қаражатқа 2602 жоба қаржыландырылған. Мұндағы несиенің орташа көлемі 48 млн. теңгені құраған. Қаражаттың ең көп мөлшерде бөлінген аймақтарына Алматы, Астана қалалары жатады: Алматы – 42,8 млрд. теңге, Астанада – 21,3 млрд. теңге. Жамбыл облысында – 2,0 млрд., Қызылорда облысында – 1,8 млрд. теңге бөлінген. 
Салалық бөліністе аталған қаражат сомасының  70%-дан астамы сауда және қызмет көрсету саласына жұмсалған. Бұл елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) қалыптасқан құрылымын білдіреді (3-сурет).

 
Сурет 3 - 2009 ж. ШОК қаржыландырудың  салалық үлесі 
(Ескертпе – Сурет автормен құрастырылды)

3-сурет Қазақстанда 2009 жылғы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Мұнда сауда мен қызмет көрсету түрлері алғашқы орынға ие екендігі, ал өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы екінші орында, сондай-ақ құрылыс пен көлік және байланыс салалары соңғы орындарда екендігін байқауға болады.  
Елдегі шағын және орта кәсіпорындардың ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы үлесінің соңғы орындарда болмауы оң құбылыс. Өйткені дәл осы салалар ұлттық экономиканы диверсификациялауда басымдықтарға ие болуы шарт. Олай дейтініміз бұл салалардың негізі ертеден қаланған, оларды уақыт талабына сай етіп жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер бар. Егер кәсіпкерлер бір бағытта ғана өнім өндірмей, өз шаруашылығының астына бірнеше бағытта өнім өндіру экономикалық тиімді болар еді. Мәселен, егер де қазақстандық кәсіпкерлер мал шаруашылығымен айналысатын болса, онда дәл сол малдың өнімін өзі қайта өңдеуге тырысса: еті, сүті, жүні, терісі сондай-ақ олардың жем-суын да өздері қамтамасыз етсе, яғни егін егумен де өздері айналысса, олардың шығыны аз да пайдасы көп болар еді. Немесе, малдың бір ғана өнімі – оның сүтін қайта өңдеу арқылы одан май, ірімшік, қаймақ, құрт, қымыз, шұбат және т.б. жасаса, одан шығатын қосалқы өнімдерден шаруашылықтың келесі бір түрін, мәселен, құс шаруашылығымен айналысуға болады. Яғни, ірімшік, одан бөлінетін сары су сияқты сүт қосалқы өнімдерін жем ретінде пайдаланып,  экологиялық таза әрі өсімі мол құс өнімін алуға болады. Бұндағы логика дәл мұнай өндірісіне сай келеді. Мұнай өндіруден шығатын қосалқы өнімдерді мұнай-химия саласында қалай өңдеуге болса, дәл сол сияқты ешбір шығын болмайды, қалдықтар қалмайды. Тіпті, кәсіпкер емей-ақ кез-келген ауыл тұрғыны осындай шаруашылық жүргізетін болса, онда ол өзін толықтай азық-түлікпен қамтамасыз еткен болар еді. Бұнымен қоса бау-бақша өнімі өз алдына...  Бұндай қосалқы шаруашылықты қоса дамыту Ресей, Беларусь елдерінде ерекше маңызға ие болып отыр. Қысқаша қайырғанда, Қазақстан экономикасын диверсификациялауды «қалдықсыз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге негіздеу қажет». 
Қазақстан экономикасының болашағы зор салаларының бірі ретінде қой шаруашылығы ұсынылады. Өйткені бұл саланың қазақ жерінде тамыры тереңге жайылған. Өкінішке орай, оған мемлекет тарапынан қажетті деңгейде көңіл бөлініп отырған жоқ. Қазақстан өңірлерінің барлығына тән климаттық жағдайға ең бейім мал түрі – қой. Өздігімен көбейеді. Оның еті, терісі, жүні, сүті, тіпті, сүйектері, мүйіздері, тұяқтарының өздерін өңдеп, пайдалануға болады. Ұлттық нақыштағы үлкен сұранысқа ие болатын, бәсекеге қабілетті өнім көзі бола алады. Қой шаруашылығы саласын дамытудың артықшылығы ол табиғи шикізаттар – мұнай, түрлі-түсті металдар, минералды ресурстар сияқты шектеулі емес. Орны әрқашан өздігімен толып отырады.  
Дамыған елдер тәжірибелері негізінде мал шаруашылығын дамыту бойынша кооперативтік басқару нысанын жетілдіру, ғылым мен технология негізінде селекцияны дамыту, мал азығы мен малды өсіріп бағатын орындарды, сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын орындарды жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау, ветеринарияны дамыту ұсынылады. 
Диссертацияда салалық экономиканы басқаруды жетілдіруде кластерлік ұйымдастыру тетігін пайдалана отырып, қой шаруашылығы кластерін құру арқылы халық шаруашылығы салаларын мүлдем жаңа деңгейге шығару ұсынылады. Ол ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсіптерін қоса дамытуға мүмкіндік беріп, қосымша құны жоғары сапалы да бәсекеге қабілетті дайын өнім алуға мүмкіндік берген болар еді. Ұлттық нақыштың басым болуына орай, бұл саланы басқа елдер қайталай алмайтын болғандықтан, ол сөзсіз бәсекеге қабілетті болады және ол халықаралық нарықтағы ет, сүт, тері, жүн өнімдері сегментін басып алған болар еді.

ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тұрғыда бәсекеге барынша қабілетті болу аса өзекті мәселе. Осы тұрғыда ұлттық экономика мен бизнесті дамыту, сондай-ақ отандық өнеркәсіп салаларын жетілдіру, экономикалық басқару істерін жетілдіру мәселелері аса үлкен маңызға ие болады. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуы үшін М.Портердің  тұжырымына сай, табиғи, адами ресурстарды тиімді пайдалану шеберлігі еңбек өнімділігінің тиімділігіне әкеледі. Ал еңбек өнімділігінің тиімділігі бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын бірден-бір көрсеткіш. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру оларды толыққанды талдаудан өткізуді талап етеді. Бұл мәселеде жетекші елдер тәжірибелерін ескермеу орны толмас қателік болған болар еді. Сол себептен де дәл бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын инновациялық бағытта дамыту мәселесінде әлемнің дамыған елдерінің экономикалық даму тәжірибелерін, атап айтсақ, АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Жапония және де дамушы елдердің экономикалық даму жолдары мен ерекшеліктерін зерттеу өте маңызды.  
Аталған елдердің ішінде Жапония тәжірибесіне терең үңілген дұрыс. Олай деуге себеп, егер де АҚШ, Еуропа елдері дамудың жоғары дәрежесіне бірнеше жүздеген жылдар бойында ғана қол жеткізсе, ал Жапония анағұрлым аз уақыт жұмсап,  оның экономикасы жарты ғасыр бойы тұрақты түрде дамып отыр.  Жүргізілген зерттеу нәтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады: 

  1. Жапон үкіметінің экономикалық басқару саясатын ескеруміз керек, ондағы ұлттық экономика мен өнеркәсіп салаларының бәсекеге барынша қабілетті салаларын таңдау және оны дамыту үшін үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шараларын отандық тәжірибеде қолдануға болады. Өйткені дәл сол салалар экономиканың қозғаушы күшіне айналып, Жапонияны бәсекеге барынша қабілетті ел ретінде танытты;  
  2. Жапон экономикасының экспортқа бағытталған өнімдер шығаратын салаларын дамыту, оған үкімет тарапынан қолдау көрсету. Үкімет тарапынан көрсетілген көмектерге ұзақ мерзімді жеңілдетілген несиелер беру, өндірістің дамуына барынша қолайлы жағдайлар туғызу және ең бастысы – инвестициялар құю; 
  3. Жапон менеджментінің ерекшеліктерін, жалпы жапондық компаниялардың даму жолдарын отандық экономика мен бизнесті өркендетуде пайдалану мүмкіндіктері зор; 
  4. Жапон үкіметінің экономика салалары мен құрылымдарын модернизациялаудағы ерекшеліктерін отандық экономика мен өнеркәсіп салаларын модернизациялауда пайдалану; 
  5. Жапонияның ғылыми-техникалық даму жолдарын, жапон үкіметінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсайтын қаражаттары негізінде оған бөлінетін назардың маңыздылығын отандық тәжірибеде пайдалану; 
  6. Жапонияның инновациялық даму жолдарын, оның ерекшеліктерін Қазақстанның инновациялық даму жолындағы іс-шараларында ескеру; 
  7. Жапония мысалы негізінде қазақстандық еңбек адамын қормен қаруландыру нәтижесінде және оның еңбек ақысын өсіру есебінен еңбек өнімділігі тиімділігін арттырудың құралы ретінде пайдалану.

Зерттеу жұмысы нәтижесінде жоғарыда аталған жапондық тәжірибелерді ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етуде және мемлекеттік экономикалық басқаруды жетілдіруде пайдалану болашақта өз жемісін береді деп есептеуге болады.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми жұмыстар тізімі:

    • Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елі қатарынан үміткер мемлекеттердің экономикалық индикаторларын бағалау // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы (экономика сериясы). - Алматы: Қазақ университеті, 2008. - № 6 (70). – Б.16-22.
    • Жапонияның машина жасау өнеркәсібі экономиканы бәсекеге қабілетті етудің үлгісі ретінде // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы (ғылыми журнал). Астана, 2009. - № 2. – Б.110-116.
    • Об одном методе экономического анализа // Экономика и статистика, (ежеквартальный научно-информационный журнал). Астана, 2009. - №1. – С.73-84
    • Принципы развития конкурентоспособности региональной экономики Казахстана // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Астана, 2007. – Б.246-247.
    • Ғылыми-техникалық даму – бәсекеге қабілетті экономиканың дамуына басты алғышарт // «Ғылым және білім-2009», Жас ғалымдардың 6 халықаралық ғылыми конференциясы. - Астана, 2009. - №3. – Б.52-58.
    • Еңбек өнімділігі және оны анықтайтын факторлар жүйесін Қазақстанда пайдалану қажеттілігі // «Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан экономикасының даму болашағы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Астана, 2009. - №4. – Б.44-51.
    • Метод исследования основных экономических факторов, влияющих на темпы роста ВВП на душу населения страны / Проект SONA (OSA) по системной поддержке государственного управления (в экономическом анализе и прогнозировании). – Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. – С.39-44.
    • Разложение индикатора ВВП на душу населения по трем факторам экономического развития / Прикладные инструменты системного анализа динамики экономических индикаторов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. – С.77-81.

    Сагимбаева Альмира Юбилеровна 
    Пути совершенствования управления отраслями народного хозяйства РК на основе применения передового опыта

    08.00.05 – экономика и управление народным хозяйством 
     (по отраслям и сферам деятельности)

    РЕЗЮМЕ 
    Актуальность темы. В условиях глобализации становление конкурентоспособной национальной экономики является главным признаком экономической состоятельности государства. В свою очередь, повышение конкурентоспособности экономики требует проведения реформ и постоянного совершенствования механизмов управления.  
    Подобный подход в изучении проблем повышения экономической эффективности управления народным хозяйством ставит новые задачи. Прежде всего, речь идет о выборе конкурентоспособной модели экономики; о приоритетных отраслях, имеющих соотвествующий потенциал для повышения конкурентоспособности; о выявлении факторов и элементов, воздействующих на степень развития конкурентных отношений. К тому же, решение обозначенных выше вопросов требует применение новых теоретико-методологических подходов и изучение лучших мировых достижений в этих сферах. 
    Цель и задачи исследования. Целью диссертационного исследования является обоснование теоретико-методологических подходов к формированию конкурентоспособной национальной экономики путем совершенствования управления с учетом лучших мировых достижений.  
    Исходя из общей цели в работе были поставлены и решены следующие задачи:

    1. изучить опыт передовых стран по совершенствованию управления отраслевой экономикой.
    2. определить экономическую эффективность научно-технических достижений в развитых странах. Выявить уровень расходов на НИОКР в наиболее конкурентоспособных странах мира, и на основании этого показать роль их правительств в финансировании НИОКР, а также роль НИОКР в развитии экономики.
    3. на примере развитых стран доказать функциональную взаимозависимость производительности труда, оплаты труда, и капиталовооруженности труда.
    4. рассмотреть возможности применения опыта лучших достижений стран мира в отраслевой экономике для повышения конкурентоспособности Казахстана.
    5. на примере опыта передовых стран показать роль совершенствования малой инновации в диверсификации экономики.
    6. показать особенности и отличия менеджмента в развитых странах мира, и оценить его роль в экономическом развитии. 

    Объектом исследования является развитие наиболее конкурентоспособных отраслей народного хозяйства Республики Казахстан на основе совершенствования механизмов управления. 
    Предметом исследования является определение механизмов совершенствования управления отраслями народного хозяйства Казахстана в результате определения лучшего передового опыта. 
    Научная новизна работы заключается в том, что в ней сделана попытка исследовать опыт передовых стран по совершенствованию управления отраслевой экономикой, и выявить наиболее подходящие образцы для их применения в повышении конкурентоспособности экономики Казахстана. Также было показано, что именно научно-технологический прогресс является главным условием развития конкурентоспособности и ускорения экономического роста передовых стран. На примере таких стран было доказано то, что повышение уровня капиталовооруженности труда влечет за собой рост среднегодовой заработной платы. А с увеличением среднегодовой зарплаты напрямую связан и рост производительности труда и капитала. 
    Основные научные положения выносимые на защиту:

Информация о работе Шетелдік тәжірибе