Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:36, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ-ге қатынасы 17%-ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20%-дан астам шамаға жетті.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ-ге қатынасы 17%-ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20%-дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ-ге қатынасының болжамды көрсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР-ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге
мәлім кәсіпкерлік секторы
Жұмыстың мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР-дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай-ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай-ақ «Сұлтан» ЖШС-і.
Бітіру жұмысының міндеттері:
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;
Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зерттеу арқылы ҚР-дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Бітіру
жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми
жұмыстың теориялық маңыздылығы
қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай-ақ
бұл бітіру жұмысында тәжірибелік
маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік
маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын
және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен
қиындықтарды шешу жолдарының шынайы
өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды
ұсынуымен анықталады
1.Шағын және орта бизнесті дамытудың обьективті қажеттілігі мен теориялық негіздері.
1.1
Шағын және орта
бизнес түсінігі.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ.) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық нег байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми техника дамудың теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің
анықтамасынан тоқталмас бұрын
кәсіпкерлікті қандай категорияға
жатқызу керек екендігін
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкін береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтық салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық
экономиканың шаруашылық жүргізуші
субъектілерде «кәсіпкерлік»
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатынастар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Соған
қарамастан, тәжірибеде «кәсіпкерлік»
пен «бизнес» терминдері бірін-бірі
алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай,
«кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі-біріне
синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес
кәсіпкерлікпен айналысатын шағын
кәсіпорындардың қызметін қарастырады.
Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан
көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге
белгілі, шағын және орта бизнесте жеке
секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорының
ашу барысында адамдарды не қозғайды?
Келесідей себептерді бөліп көрсетеді:
пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық
және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың
ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың
мотиві ретінде келесілерді көрсету керек:
тұлғалардың өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі,
шаруашылық процеске халық қаржысының
бір бөлігін қосу, қосымша және басқада
ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын
заңды жолмен арттыруға ұмтылу.
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін бағалауға келмейтіндей жоғары екенің көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жалдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің рөлін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).
Екіншңден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.