Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 08:46, реферат
Қазақстанда жүргізіліп жақтан экономикалық реформаларды объективтік қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде де қарастырған ләзім. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны мәлім.Өйткені осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресурстарына, халқының менталитетіне және тағы сол сияқты көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады
КІРІСПЕ....................................................................................................3
1 Шағын кәсіпкерлікті қолдау.....................................................................5
2 Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы...9
3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры.............................................................12
кәсiпкерлiк қызметке халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын тартуға бағытталған шаралар;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар;
шағын кәсiпкерлiкке кредит-қаржылық және мүлiктiк қолдау көрсетiп, оны қорғау жөнiндегi шаралар;
шағын кәсiпкерлiктiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау жөнiндегi шаралар;
шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттiк саясатты iске асыруға байланысты басқа да мәселелер.
1-2. Экономиканың
басым салаларын дамытудың
саланың негiзгi өнеркәсiп орындары инфрақұрылымының объектiлерi ретiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өнеркәсiп орындарын дамытуды ынталандыру;
операциялардың бiр
бөлiгiн шағын кәсiпкерлiк
шағын кәсiпкерлiк
3) 2-тармақта:
"Ұйымдар" деген сөз "Мүдделi ведомстволар, қоғамдық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және аймақтық" деген сөздердiң алдынан ", салалық" деген сөзбен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.".
4. 7-бапта:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексерудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңдарды бұзуға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.";
2) 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар сауда-өнеркәсiп палаталарымен бiрлесе отырып:" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Ұйымдар - табиғи монополистер
саладағы бәсекенi дамыту
"7-1-бап. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар
1. Қоғамдық-сараптамалық комиссиялар мен сауда-өнеркәсiп палаталары қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары:
осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
атқарушы өкiмет органдарында шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;
кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бастамашылықпен әзiрлеу және қоғамдық сараптамадан өткiзу;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссияның құрамы қоғамдық бiрлестiктердiң, сауда-өнеркәсiп палаталарының, шағын бизнес одақтары мен қауымдастықтарының, шағын кәсiпкерлiктi қолдау құрылымдарының өкiлдерiнен, ғалымдардан, жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы кәсiпкерлерден құралады.
3. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.".
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.