Шағын бизнесті дамыту және жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 10:00, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................................
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы.....................................
1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі......................................
1.3 Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі................................
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ.....................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау..................................................................................
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау.........................................................................................................................
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ.....................
3.1 Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар....................................
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.....
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер....

Работа содержит 1 файл

курсов.docx

— 66.02 Кб (Скачать)

         Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламсы әзірленді. Бағдарламаның мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері асын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.  

         Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттары: 

    -         шағын бизнес мәселелері бойынша  заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру; 

    -         шағын бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу; 

    -         әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» негізу; 

    -         әкімшілік кедергілерді азайту  және бюрократиясыздандыру; 

    -         кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын  дамыту болып табылады. 

                 Бағдарламаның міндеттері: 

    -         мемлекеттің жеке сектормен өзара  іс-қимылының жаңа идеологиясын құру; 

    -         кластерлік - желілік ұстаным негізінде  өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету; 

    -         шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру; 

    -         шағын кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымдағы қысқарту. 

                Қазіргі жағдайда капитализмге  ауысу жолында қоғамдық меншікті  жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.  

                 Шағын кәсіпорындардың дамуы  нарықты тауар және қызметтермен  толықтырады, экспорттың потенциалын  арттырады және жергілікті шикізат  ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін. 

                Шағын бизнестің басты проблемасы - ол  несие беру саясаты. Несие тек қана  кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын  мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың  керекті несиесіне кепілдік  бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті  қолдайтын арнайы  банк, несие  банктің бір  бөлімі болуы керек. 

                 Шағын кәсіпорындар  кадрларды даярлау, банктік несие  алу және  информациялық  қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік  фирмалар қазіргі  жағдайда делдалдық сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады. 

                  Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару туралы жаңа заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.  

              Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда  әртүрлі ұйымдық - құқықтық  пошымдағы  шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.  

            Қазақстан Республикасында қолданылып  жүрген заңдар бойынша шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді. 

            Айта кетейік, қызметкерлерінің  жылдық орташа саны 50 адамнан  аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің  жалпы құны орта есеппен алғанда  есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар. 

             Аймақтарды дамытуға қаражат  жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей  қаражат жұмсауды мемлекеттік  қолдау туралы заңдарда көзделген  тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату. 

             Жеңілдіктер мен преференциялардың  мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру  мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика  секторының басымдылығына және  басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.  

                       Кәсіпкерлік қызмет субъектілері  заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

                 Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің  бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс. 

    ҚОРТЫНДЫ. 

    Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде  кәсіпорындар келесідей айрықша  ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. 

      Сонымен кәсіпорындардың  3 түрін бөліп көрметуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. 

    Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы. 

    Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек. 

    Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

    Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

    Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

    Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.                

    Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

    Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макразкономикалық проблемалармен байланыстырады-жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Информация о работе Шағын бизнесті дамыту және жетілдіру жолдары