Шагын және орта кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2011 в 22:21, реферат

Описание работы

Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі.

Работа содержит 1 файл

Шагын және орта кәсіпкерлік.doc

— 91.00 Кб (Скачать)

    Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық  түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі  қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің   әлеуметтік – экономикалық  мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

    2010 жылғы 29 – шы қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақсатанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы        «Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші тармағында - әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады делiнген. Осыған байланысты Үкімет 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізіп,оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп айтылған. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.  
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

    • несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
    • шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
    • бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
    • кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы

      және  әлеуметтік жұмыс орындары.

“Бизнестің  жол картасы-2020” кәсіпкерлер  үшін де, сол секілді банктер мен  инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.

Кәсіпкерлік  теориясы  ғасырлар  бойы  дамыды,  оған  классикалық  экономикалық  теорияға,  неоклассикалық  теорияға,  кейнсианстік,  необерализмге  және  қазіргі  заманғы  экономикалық  ілімдерге  негізделген әр  түрлі   бағыттар  тән. Ғылыми  термин  түсінігінде  «кәсіпкер»  экономика  теориясына  тұңғыш  рет  VIII  ғасырдағы  атақты  ағылшын  экономисті,  банкир  Ричард  Кантильон енгізді.  «Кәсіпкер -  бағаның тұрақсыздығы  мен сату  болашағын  болжауға  болмайтын  жағдайда  тауарларды  сатып  алу  мен  сату  процесстеріне  қатысатын,  бірақ  кірістерінің  жалпы  сомасын  біле  бермейтін  адамдар.  Ең  басты  ерекшелік – тәуекелділік»-деген.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында, экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады. Біріншіден, осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қорынан 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөлінді. Бөлінген қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған болатын. Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болды. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін  өсті. 
Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылданды.

    Кәсіпорынды дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады. Екіншіден, «Самұрық-Қазына» қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді. Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында оларға «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуі ұсынылатын болады.

       Жер қойнауын пайдаланушылармен  және сервистік компаниялармен  қазақстандық қатысуды ұлғайту  бойынша жұмыс күшейтілетін болады.  
Төртіншіден, Үкімет кәсіпорынті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.

Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген.Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпорынды дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды.

        Қазақстан Республикасы  Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму  стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi  шаралар туралы " 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344  Жарлығындағы  негізгі  мақсат  «шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының  серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк  қолдау саясатын жетiлдiру. Стратегияның  негізгі мiндеттерi  «бағдарлама мақсатын  іске  асыру үшiн мынандай  мiндеттердi шешу көзделiп отыр:

  • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық ұйымдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау  мен  қорғау мәселелерiндегi рөлiн күшейту;
  • шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын  басымдықты дамыту;

шағын  кәсiпкерлiктi ақпараттық  қамтамасыз  ету  жүйесiн жетiлдiру және дамыту.

    Бағдарламаны  iске асырудың  негiзгi  бағыттары:

шағын кәсiпкерлiк саласындағы  нормативтiк  құқықтық актілердi  жетiлдiру және олардың  орындалуына бақылау жасауды күшейту;  шағын кәсiпкерлiктi  қолдау  мен  қорғаудың  құрылатын инфрақұрылымын пайдаланудың тиiмдiлігiн арттыру;

  • шағын кәсiпкерлiктi кадрлық, ғылыми - әдістемелік және ақпараттық    қамтамасыз ету;
  • шағын кәсiпкерлiктi қаржылық - несиелiк және инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының  тетiктерiн жетiлдiру;
  • шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту

Қаржыландыру  көздерi  шағын кәсiпкерлiктi  мемлекеттiк қолдауды  қаржылық  қамтамасыз   ету  республикалық  және  жергiлiктi  бюджет қаражаты  есебiнен  көрсетiлген  мақсаттарға  жыл  сайын  көзделетiн қаржының,сондай-ақ Қазақстан Республикасы алатын мақсатты  заемдардың, мемлекеттiк  заттай  гранттардың  шегiнде  жүзеге  асырылады.

       Бағдарламаны   іске асырудан  күтiлетiн түпкi нәтиже  2002 жылдың аяғына дейiн шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерi  санының  500 мыңға  дейiн  өсуi,олардың өндiрiстiк,қаржылық,ғылыми-технологиялық,сауда-делдалдық және басқа салалардағы ұтымды арақатынасына қол жеткiзу жаңа жұмыс  орындарының құрылуы мен шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылған  адамдар  санының  артуы.2007 - 2009 жылдары шағын және орта бизнестi дамытудың басты мақсаты кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету негiзiнде шағын және орта бизнес ұстанымдарын кеңейту және

нығайту болып  табылады. 
     
  Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

  • бизнес пен мемлекеттiң әрiптестiгiн нығайту;
  • шағын және орта кәсiпкерлiктi жедел дамыту үшiн жағдайлар жасау;
  • жеке кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң тиiмдi өзара iс-қимылы;
  • жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдауды қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзiрлеу.

      Кәсiпкерлiкке қысымды қысқарту және әкiмшiлiк тосқауылдарды жою үшiн ұйымдық, құрылымдық және кешендi ұстаным қажет, ол мынаны көздейді:

  • орталық мемлекеттiк және "жергiлiктi атқарушы органдар жанынан құрылатын кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша сараптамалық кеңес құру;
  • кредиттер беру рәсiмдерiн оңайлату, кредит беру мерзiмдерiн және пайыздық ставкаларды төмендету мәселелерiне қатысты өндiрiстiк және инновациялық бейiндегi шағын және орта кәсiпорындарды одан әрi ынталандыруға бағытталған, шағын кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау шараларын әзiрлеу;
  • "Жеке кәсiпкерлiк туралы"  Қазақстан Республикасының  Заңын 

    қабылдауға  байланысты кесiмдердiң күшiн жоюды  негiздеу    мақсатында кәсiпкерлер  бiрлестiктерiнiң мiндеттi қатысуымен  нормативтiк құқықтық кесiмдерге тексеру  жүргiзу;

  • кәсiпкерлiк пен мемлекеттiк органдар арасындағы өзара iс-қимыл тетiгiн оңайлату, мемлекеттiк әкiмшiлендiру тетiктерiнiң тиiмдiлiгiн, ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;
  • лицензиялау жүйесiн жетiлдiру шеңберiнде Қазақстанның бiрыңғай лицензиялық палатасын құру орындылығын қарау;
  • барлық өңiрлерде кәсiпкерлiк пен инновациялық қызмет инфрақұрылым объектiлерiн  құру;
  • "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамның өкiлдiк желiсiн құру және өңiрлерде ақпараттық-талдамалық, консалтингiлiк және оқу-әдiстемелiк қызметтердi ұсыну мәселелерi бойынша жұмысты күшейту;
  • "Көлеңкелi" өндiрiс және "қапшықтық" импортпен бiрге заңды тауар өндiрушiлер үшiн iшкi нарықта тең жағдай жасау. 

   Республикадағы  әлеуметтiк-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шағын бизнестi дамытуға оң ықпал көрсетедi. Заңына  сәйкес  Заңды  тұлға  құрмайтын  жеке  адамдар және  қызметкерлернің  орташа  жылдық  саны  50 адамнан  аспайтын  активтердің  жалпы  саны  алпыс  мың  еселенген  есептік  көрсеткіштен  аспайтын,  кәсіпкерлік  субъектілері  болып  табылады.  Яғни  шағын  кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий  бойынша  анықталады:  жұмыскерлердің  орташа  саны  және  активтердің  жалпы  құны. Заңды  тұлға құрмайтын жеке  кәсіпкерлер,сондай- ақ мынадай ұйымдық- құқықтық  нысандардағы заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін:

  • толық  серіктестік;
  • сенім серіктестігі; 
  • жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі;
  • қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік;
  • өндірістік  кооператив.

   Бағдарламалар шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың және дамытудың кешенді шараларын қабылдау және орындау үшін қажетті негізгі бөлімдерді қамтуы керек. Кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың қалалық, аудандық бағдарламалардың орындалуын бақылау мақсатында ай сайын шағын кәсіпкерліктің даму жағдайының мониторингісін, бағдарламалардың негізгі іс-шараларының орындалуының тоқсан сайынғы мониторингісін жүргізу көзделуде.

    Европалық Одақ Комиссиясы ұсынған көрсеткіштер мынадай: жұмыскерлер саны 100-ден  аспайтын; өзіндік негізгі капитал  мөлшері 75 экюға дейін болуы және осы кезде мынадай шарт орындалуы  керек: жарғылық капиталдағы ірі  компаниялар үлесі үштен бір бөлігінен аспауы тиіс . Европалық Одақ Комиссиясы тағы микрофирмаларды бөліп көрсеткен, олардағы жұмысшылар саны 10 адамға дейін . Бұл микрофирмалар, негізінен, жеке – дара, жанұялық кәсіпорындар немесе фермерлік шаруашылықтар болып табылады .

    Экономикалық  ынтымақтастық және дамудың халықаралық  ұйымы 19-ға дейін жұмысшылар саны бар  кәсіпорындарды «өте шағын», 99-ға дейін  жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «шағын», ал 100-ден 499-ға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «орташа» деп, ал 500-ден астам жұмысшылары бар кәсіпорындарды ірі деп атап көрсеткен.

          Шағын кәсіпкерліктің дамуы және  олардың қызмет тиімділігін арттыру  еліміздегі бірқатар маңызды  мәселелердің  оң шешімін табуына  өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл  оның экономикадағы рөлінің жоғары болуымен де тығыз байланысты. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тек экономикалық тиімділікті ғана емес әлеуметтік тиімділікке де айтарлықтай ықпал етеді.

    Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді , терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

Информация о работе Шагын және орта кәсіпкерлік