Саяси мәдениет

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 02:17, реферат

Описание работы

Саяси мәдениет жие барлық саяси іс-әрекеттерді қарастырады немесе мінезді анықтайтын фактор ерекше саяси іс-әрекеттің даму деңгейін қарастырады.

Работа содержит 1 файл

Саяси мәдениет.docx

— 40.56 Кб (Скачать)

Саяси мәдениет

 

Саяси мәдениет жие барлық саяси  іс-әрекеттерді қарастырады немесе мінезді анықтайтын фактор ерекше саяси іс-әрекеттің даму деңгейін қарастырады. 
Мазмұнына түсінік «Саяси мәденит» тарихи тәжірибеде қосылады,саяси сферадағы жеке индивид,бақылау дағды,саяси мінез-құлық әсер етеді.  
1956 жылы Амеркандық саясаткер Г.Алмандан «Саяси мәдениет»термініне түсінік берді. 
 
 
Саяси мәдениеттегі 4 негізгі топқа түсінік. 
 
1.Психологиялық түсінік-саяси мәдениет саяси обьектіні бақылау деп алып қарастырады. 
2.Талдап қортуға түсінік-саяси мәдени- бағыт мінез-құлық депм түұсінеді. 
3.Саяси обьективті түсінік-мәдени обьективті белгі,қатысушының мінез-құлқы.Бұл жүйеде негізгісі индивидтің жағдайы. 
4.Эвристикалық түсінік-саяси мәденинт гинетикалық конструкт, аналитикалық мақсат құруды карастырады. 
 
 
Саяси психика. 
 
Саяси психика-негізгі саяси психологияны,негізі психологиялық функцияның жүйксін қарастырады. 
Саяси психикада негігі 4 кітапты қарастырады. 
Саяси қабылдау- 20-30 жылдары «New look» американдық психологиялық мектептерде көптеген эксперименталды қортындылар дәлелденеді.Біздің қабылдауымыз бағытқа және бәздіңсанамыздың стеротиптеріне байланысты.Саяси аспект- саяси түсінік өзіндік сана және саяси мәдениет жатады. 
Саяси ойлау-бұл түсінік адамның жүйелік тойтарысты тиімді түсінуі және қоршаған саяси пікірдің шындығы шешім және ой қортындысы.Саяси ойлау өзіне когнитивті емес эмоцияларды бағалау механизімін, жее антологиялық статусты қосады.Саяси ойлаудың мазмұны түсіні көптеген логикалық механизм бағыт, мақсат және бағалау саяси түсінікті анықтау және саяси мәдениет. 
Саяси эмоция- бұл аффективті бағалау және реакция түріндегі саяси шындықтың адамның санасында бейсаналы формада бейнеленуі. 
Инерция психика саясатта- лат inertia қимылдамайтын,іс-әрекетсіздік деп аталады. 
 
 
Саяси бағдар және стереотип. 
 
Саяси бағдар және стеротип саяси ойлауда үлкен рол ойнайды. 
Бағдар түсінігі-шамалы қиын және саяси психология.Бағдар саяси субьектінің ішкі сапасы саяси мәдениет және өтен тәжірибені тіркеу шамалы анық және өңдеуді түсіндіреді «саяси стереотип». 
Стереотипке түсінік-грек сөзінен аударғанда жан дегенді білдіреді.stereos (қатты) + typos (белгі). 
Саяси трактаттың таптаурынын 2 жолмен анықтауға болады. 
1.Полиграфиялық стереотип-монолитті көшірме формасы.Көптеген тиражды және қайта шығару баспасын қолданамыз.  
2.Физиологиялық және динамикалық стереотипі- мидың іс-әрекетінің толық формасы,саналы тойтарыс және мінез-құлық фиксировтивті түрі шартты рефлекторлы әсердің тәртібі. 
1922 жылы У.Линпманың стереотиптерге түсінік және психология. 
Ішкі стереотип-екі негзгі элемент. 
Білім-эмоционалды-сезімтал және бағалау компоненті. 
Стереотип құрлымы-«стержен» және «периферию» орталықта қосылады.Орталықта бір-екі қолайлы белгілер,ашық эмоционалды қабылдау белгісі.Мысалы:этно стереотип үшін ішкі қырлары,терісінің түсі,көзінің формасы,мұрынның өлшемі,шашының түсі және киімі. 
Саяси әлеуметтік үшін символдар- жалау, герб, белгі афоризм программалық фаза бұлар перифериямен байланысты және мінез-құлық (адамның стереотипі) ойға салдары және қайнар көзі немесе жүйеде.

М

САЯСИ МӘДЕНИЕТ САНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Бөлісу…

Сенаттың Халықаралық  істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің  төрағасы Қуаныш СҰЛТАНОВПЕН әңгімелескен едік.

Еліміз экономикасы  айтарлықтай нығайған соң саяси өзгерістер қолға алына бастады. Парламентте пікір алуандығын қалыптастыру үшін оны көппартиялы негізде құру туралы мәселе қоғамда толассыз айтылумен келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда ол Парламент Мәжілісінің талқысынан өтуде. Біз аталған заң жобасының мәні мен маңызын кеңірек ашу үшін Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш СҰЛТАНОВПЕН әңгімелескен едік.

– Қуаныш Сұлтанұлы, соңғы  кезде елімізде саяси либерализация үдерістерінің тереңдеуіне айрықша мән берілуде. Сайлауға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілу қажеттігі күн тәртібіне шығарылды. Бұл халықаралық белді ұйымдардың талабы ма, жоқ әлде өзіміздің қоғамның қажеттілігінен туындап отырған жәйт пе?

– Қандай да бір заң қабылдау ең алдымен мемлекеттің өзінің өркендеу мүддесінен туындайды. Сондықтан қоғамдағы талап-тілектер ескеріле отырып заңдар әзірленеді. Әуел бастан “біреу былай айтты, не болмаса талап етті” деген жолмен жүретін болсақ, ол жол мақсатымызға жеткізеді деп есептемеймін. Президент Нұрсұлтан Назарбаев не себепті “Қазақстандық жол” деген идеяны айтып жүр? Бұл аяқ астынан туындаған әңгіме емес. 90-жылдардың басында, өз тәуелсіздігімізді енді жариялап жатқан тұста біз “қай жолмен қай бағытқа бет аламыз, қандай мемлекет құрамыз, қандай қоғамға бет түзейміз” деген сұрақтар алдымызда тұрды. Сол кезде Президент Н.Назарбаев: “Біз ешкімге де еліктемейміз. Ешкімнің де жолымен жүрмейміз, бірақ, дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттер тәжірибесін зерттеуіміз керек. Дамыған демократиялық, құқықтық мемлекеттер тәжірибелерінен біздің мемлекетіміздің мүддесіне жауап бере алатындарына айрықша мән беруге тиіспіз. Солардың жақсысын ұлтымыздың, мемлекетіміздің игілігі үшін, елдің ерекшелігін ескере отырып пайдалана алсақ, ұтарымыз көп болмақ”, – деген болатын. Осы шақтарда мәскеулік және еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары біздің бағытымызды қалт жібермей, үнемі қадағалап отырды. Бұрынғы кеңестік жүйе ресми түрде таратылған соң, бұлар, яғни біз сияқты “Орталық Азиядағы бұрынғы республикалар мемлекет бола ала ма, бола алмай ма”, – деген пайымдаулар айтыла бастады. “Күні ертең осылар экономикалық тұрғыда тәуелді болып, алдымызға қайта келеді”, дегендей мысық тілеулер кеңінен көрініс берді. Сол кездері біз Түркиямен қарым-қатынасымызды қалыптастырып жатсақ, “Қазақстан “түркиялық жолмен” жүретін болды”, біз Кореямен байланысымызды байыптап, барыс-келісті жиілетсек, “Қазақстан “корейлік жолды” таңдады”, не болмаса, Қытаймен қарым-қатынасымызды жандандыруға әрекеттенсек, “Қазақстан Қытайға бет бұрды” деген сияқты лақап сөздер өте көп тарады. Соларды бақылай отырып, халықаралық дәрежеде, не өзіміздің күнделікті өмірімізде “қазақстандық жолмен” жүретіндігімізді дәлелдеуге тырыстық.

“Қазақстандық жол” дегеніміз  не? Бұл сұраққа ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір том еңбегін арнады. Онда оған толық жауап берілген. Жинақтап айтар болсақ, біз демократиялы әрі ізгілікті мемлекет орнатып, зайырлы әрі азаматтық қоғам құрамыз, еркін экономикалық қарым-қатынас жасаймыз және дүние жүзіндегі озық тәжірибелерді пайдаланып, адам құқығының сақталуына айрықша мән береміз дедік. Адамның мәртебесін көтеруге, оның мемлекетпен қатынасын арттыруға мүмкіндік жасайтын қағиданы ұстандық. Бүгінгі Парламент қарауына алынған заңдарымызға өзгерістер енгізуіміздің өзі де ең алдымен осыдан туындап отырған жәйттер.

Сіздің сұрағыңыздың жаны бар. Өйткені, біз бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықпен араласып отырмыз. Біз – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекеттің біріміз. Оның үстіне сол белді халықаралық Ұйымның төрағалығына сайландық. Қоғамдағы көзқарасқа назар аударсаңыз, біреу бізді сырттан бақылауы керек сияқты көрінеді. Біз әлі күнге сондай жаман қасиеттен арыла алмай жүрміз. Неге бізге міндетті түрде біреу бақылау жүргізуі тиіс? Біздің санамыздан әлі күнге КОКП Орталық комитетінің әкімшіл-әміршіл жүйесі өшпей тұрған секілді. Еліміздің интеллектуалдық әлеуеті жеткілікті, өзіміздің мемлекеттік институттарымызды құрып алдық. Сыртқы саясатымыздың тұжырымдамасы мен қорғаныс тәсіліміз де белгілі. Дүниежүзілік қоғамдастықпен қарым-қатынасымыздың негізгі бағыттары мен жолдары нақтыланған. Оларға күмән келтіріп отырған да ешкім жоқ. Біз өзге елдерден бұрын жаппай қарулануға қарсы шығып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналымыздан бас тарттық. Осы қадам арқылы Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастағы бейбіт саясаты қалыптастырылды. Бұл жерде одан жәй бас тарта салған жоқпыз, алдымен барлық ядролық мемлекеттерден кепілдік сұрадық. Сол кепілдікті заңдастырдық. ЕҚЫҰ шеңберінде 1994 жылдың 6 желтоқсаны күні Будапешт қаласында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Қазақстан атынан дүние жүзінде “ауа райын” жасайтын байырғы мемлекеттер басшыларымен тең дәрежеде сөйлесіп, Қазақстанды ешқашан ел екен деп көрмеген, танымаған ірі мемлекеттер басшылары – АҚШ Президенті Билл Клинтон, Ресей Президенті Борис Ельцин, Франция Президенті Франсуа Миттеран, Англия Премьер-министрі Джон Мейджер қауіпсіздік кепілдігіне қол қойды. Одан кейін бір жыл өткен соң Қазақстанның қауіпсіздігіне Қытай осындай кепілдік берді. Міне, осындай жағдайлардың барлығы бұрын-соңды Қазақстан тарихында болып көрмеген еді. Біз осылайша бірте-бірте өзіміздің жаңа тарихымызды қалыптастырудамыз. Жаңа өмірімізді жасампаздықпен дүниеге танытып келе жатырмыз және өзіміздің ұстанған жолымыз бар. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстанда демократия әлсіздеу деген пікір айтады. Еуропада демократияның өркен жайғанына 300-400 жыл болып қалды. Ал 300 жылдық тарихы бар Америка Құрама Штаттарында әйелдерді сайлауға қатынастыру тек ХХ ғасырда ғана қолға алынды. Біздің тәуелсіздігімізге 17 жыл енді толды.

Жалпы айтқанда, демократия қазақтың санасында, керек десеңіз табиғатында бар нәрсе. Бұрын қазақта түрме, абақты деген болмаған. Оның барлығы бізге Ресейдің отарлық саясатының салдарынан келген. Өлім жазасына мораторийді ең жоғары гуманизм деп қалыптастырып жатырмыз. Қазақта түрме, абақты орнына құн төлету және басқа да өтемдер орныққан. Сырттан араласу болмағанда, біздегі жағдай тіпті басқаша қалыптасар ма еді, кім білсін. Өмір өзгереді, сонымен қатар, заңдар да біртіндеп өзгерістерге ұшырайды. Өздеріңізге мәлім, біз өзіміздің алғашқы Конституциямызды 1993 жылы қабылдадық. Ал 1995 жылы сол Ата Заңымыздың өзін жаңадан қабылдауға тура келді. Бұл өмір бір орнында тұрмайтынын көрсетсе керек. Конституциямызға 1998 жылы қайтадан өзгерістер енгіздік. Сол сияқты алдағы уақытта сайлау заңнамасына да жаңадан өзгерістер енгізуіміз әбден мүмкін. Мысалы, бұған дейінгі сайлау заңнамасында мажоритарлық жүйе болған болса, қазір бізде партиялық жүйемен сайлау орнықтырылып отыр. Былтырғы конституциялық өзгерістерде көптеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сайлау, партия, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарға өзгерістер пысықталуда. Бұл заң жобалары қазіргі кезде Мәжілісте, одан кейін Сенатта қаралатын болады. Қазірдің өзінде аталған заң жобаларына қатысты қоғамда қызу пікірталастар жүріп жатыр.

– Сайлау туралы заң жобасына егер сайлау барысында бір партиядан өзгесі 7 пайыздық межеден аса алмаған жағдайда осы көрсеткішке жақындап, біраз дауысты еншілеген партияға да депутаттық орын беру керектігі жазылмақ. Оның тетігі қандай болу керек деп ойлайсыз?

– Дау туғызып отырған  да осы жәйт. Және ол негізсіз де емес. Одан да табалдырықтың аттау пайызын жеңілдету қажет деген пікірлер де айтылып жүр. Олай жасауға да болар еді. Былтыр мемлекеттік комиссия жұмыс жасады ғой, сол кезде осы мәселелердің барлығы талқыланды. Сол кезде біз 7 пайызды жөн санадық, алайда өмір тоқтап қалуға болмайтынын көрсетуде. Ал Парламент екі партиялыдан кем болмауы тиіс дегенге келсек, ол Мәжілісте кем дегенде екі партия өкілдерінің болуын қамтамасыз ету деген сөз. Оның жүзеге асырылу тетіктері депутаттар ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен партиялар тарапынан кеңінен талқыланып жатыр. Артынан бір мәмілеге келетін болармыз.

Менің о бастағы жеке пікірім, осыны 5 пайызға түсірсек керек. Алайда, бұл жерде мәселенің екінші қыры бар. Мысалы, кез келген партия өз күшімен қоғамда электоратқа ықпал ете алатын әлеуетке ие болуы керек. Қоғамда мейлінше көппартиялы жүйе орнату үшін өзінің саяси ықпалы бар бірнеше партияның болғаны дұрыс. 90-жылдардың басында бізде партиялардың саны қырыққа дейін жеткен. Қазіргі кезде кез келген партияның тіркеуден өте салуын өз басым демократияның көрінісі деп санамаймын. Партиялардың шамадан тыс көптігін демократияның ең алғашқы тәй-тәй басқан қадамдары деп қарастырған жөн. Сонымен бірге, саяси құрылымдардың дәрежесін әлсіретіп алмауды да ойластыруымыз қажет. Партияның ықпалы мен беделі артуы тиіс. Өзіңіз қараңыз, сайлау кезінде партиялардың сайлауалды бағдарламалары бір-біріне қатты ұқсас болып келеді. Одан бізге қандай пайда бар, қандай даму мен өсім болады. Сондықтан саяси партиялардың ықпалды да қуатты болғаны ұтымды. Ең бастысы – саяси партиялардың қоғамда өзінше ізденіп, танылғаны жақсы.

– Қоғамда, не болмаса партиялар  мен саяси тұлғалар арасында саяси мәдениеттілік қаншалықты деңгейде қалыптасқан дей аламыз? Бізде біреу жеңсе, екіншісі дүрдараз кейіп танытып жатады. Саяси мәдениеттіліктің үлгісін дамыған Батыс елдерінен көріп жүрміз. Бізде бір-бірін жеңісімен құттықтайтын үрдіс қашан орнығар екен?

– Жалпы, қоғамның, партиялардың саяси белсенділігі, күресі, сайып  келгенде, мәдени қарым-қатынастарға келіп тіреледі. Солардың мәдениетін көтере білу адамдардың қоғамдағы орны мен дәрежесіне және олардың дүниетанымына байланысты. Әрине, біздің қоғам осыдан 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда, көп өзгеріске ұшырап, айтарлықтай өсті. Шынтуайтына келгенде, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзі саяси партиялардың ықпалына да қатысты жәйт. Саяси мәдениет адамдардың төзімділігінен, бір-біріне кеңшілігі мен түсінушілігінен туындайды. Бізде шенеуніктер адами қарым-қатынасқа деген көзқарасын өзгертуі тиіс. Адам адамды оның қызметіне қарамай сыйлай білуді үйренгені жөн. Қызметтік, лауазымдық үстемдіктен құтылу керек. Іштарлық пен қызғаншақтық сияқты надандық індетінен арылу қажет. Әсіресе, жас буын бірін-бірі аңду интригасынан гөрі, өз білімін көтеру мен өзінің рухани тазалығын көбірек ойлауға міндетті.

– Көптеген елдер өз парламенттерінде жастарға, әйелдерге және де қоғамның өзге де жіктері мен топтарына квота беріп жатады. Сіздің ойыңызша, Қазақстан жағдайында бұл керек пе?

– “Квота” біздің барлық “дертімізді” дауалап береді деп айта алмаймын. Оған мен онша құштар да емеспін. Егер біз өйтетін болсақ, онда әлеуметтік топтарды қайтадан бөлшектейміз. Социализм кезінде ол идеологиядан бас тарттық. “Ондай болатын болса, жастарға, әйелдерге, содан кейін жұмысшыларға, оқушыларға, ардагерлерге, мүгедектерге неге бермейміз” деп кете береді. Қазақстан халқы Ассамблеясының өзіне жаңа конституциялық статус бердік қой. Онда да ұлтаралық қарым-қатынастың өте нәзік екендігін ескере отырып бердік, бірақ соның өзінде соншама ұлттың барлығын депутаттық орынмен қамтамасыз ете алмаймыз. Қазақстанда бір ғана халық, содан кейін басқа этностардың өкілдері бар. Қазір жүзден аса этнос бар екендігін қаперге алсақ, солардың барлығын Парламент орынтағымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ, жалпы қандай да этнос өкілдеріне тең құқықтық жағдай туғызу қажеттігі мақсатқа алынады.

– Қазіргі қаралып жатқан сайлау туралы заң жобасында әттеген-ай, мына мәселе назардан тыс қалды деген тұстар бар ма? Болса, олар қандай?

– Қай заң болса да одан талай кемшін тұстарды табуға болады. Қабылданған заңдардың өзі толық талапқа сай деп айта қою да қиын. Жақында Салық кодексін қабылдадық. Сонда да шешімін таппаған мәселелер баршылық болды. Сенатта пікірталас туындаған кезде мен ол туралы айтқанмын. Мысалы, орта және шағын бизнесті өркендетуге байланысты пікірімді ашық білдірдім. Олардың төлейтін салығының көлемін азайту туралы ұсыныс енгіздім. Бизнес өкілдері төлейтін салық түрлерінің санын кемітуді талап еттім. Экономикалық ауыр жағдайға сүйенген біздің қаржы орындарының дәлелдеуі бойынша, салық кемітілмей төленуі қажет екен. Менің көпшілікпен келіспеске амалым қалмады. Сол сияқты, заңдардың әлі піспеген жерлері жеткілікті дер едім. Қайшылығы да баршылық. Оның барлығы талқылау барысында анық көрінеді. Талқылау жаңадан басталып жатыр және мұны белгілі бір уақытпен шектеп, науқаншылыққа ұрынбаған ұтымды.

Информация о работе Саяси мәдениет