Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 08:28, реферат
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген.
Саяси ілім пәні, оның негізгі түсініктері мен категориялары
Саяси ілім пәні, оның негізгі түсініктері мен категориялары.
Саясат ғылымының пайда болуы, қалыптасуы.
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген.
Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды.
Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.
Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады.
Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты.
Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді.
ХIХ ғғасырдың екінші жартысында
саясаттану пән ретінде қалыптасты.
1857 жылы АҚШ – тың Колумбия коледжінде
профессор Фрэнсис Либер «Тарих
және саяси ғылым» деген кафедра
ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси
ғылымының жоғары мектебі құрылды.
1872 жылы Францияда меклекеттік
Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.
Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды.
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.
1989 жылдан бері Жоғары
Аттестатциялау Коммисиясында
2.Саясаттану сабағы және оның ұғымдары.
Саясаттану сабағының
ғылым ретіндегі өзіндік
1.Теориялық.
2.Тәжірибелік.
3.Теориялық жағы: ғылыми
мәселелерді, саяси ғылым
Тәжірибелік жағына: үлгілер, принциптер, саяси технологиялар жатады. Саясаттану үлкен ғылым болғандықтан, оның мәселелері де жетерлік: саяси тарих, саяси иниститут, партия, топ, қоғамдық ой, халықаралық қатынастар. т.б.
Қазақстанда саяси ғылым туралы диссертациялар төрт пән ойынша қорғалады:
1.Ереже. Саяси ғылым тарихы. Саяси партия. Саяси қозғалыс.
2.Саяси иниститут пен процесс.
3.Саяси мәдениет пен идеология.
4.Саяси халықаралық құрылым мәселелері.
Саясаттану пәні қоғамның
саяси саласын, оның даму заңдылықтарын,
қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды,
басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс
істеуін зерттейді. Бұл адамзаттың
демократиялық қоғамдағы
Сонымен саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынастары туралы жинақталған ғылым.
3. Саясаттанудың әдіс – тәсілдері мен қызметтері.
Саясаттану саяси құбылыстар
мен өзгерістердің мән –
Салыстырмалы әдіс - әр түрлі
елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып,
олардың жалпы жақтарын және жеке
ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік
береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық
пен саяси жағдайды бағалауға, соның
негізінде нақтылы саяси
Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл – саяси құбылыстарды заманына қарай бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді деректерді олардың болған мезгілін еске ала отырып танып – білуді талап етеді.
Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс - әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс - әрекеттерін талдау арқылы түсініп – білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс – қоғамдық игілік қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құбылыстың түрін іздейді.
Диалектикалық – матералистік
әдіс – табиғаттағы, қоғамдағы және
санадағы құбылыстар мен процестерді
бірімен – бірін тығыз
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты мәселелерді зерттегенде басқа да әдістерді қолданады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады.
1.Танымдық қызмет –
саяси білім қоғамдағы
2.Бағалау қызметі –
саяси құрылысқа,
3.Реттеушілік, басқару
қызметі – адамдардың саяси
өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс
- әрекетіне тікелей әсер етеді.
Саяси дамудың үрдіс, бағдарын
бақылай отырып, саясаттану қоғамдық
оқиғаларды тиімді басқару
4.Болжау қызметі – ол
белгілі бір саяси жағдайларда
алдыңғы қатарлы, озық саяси
өзгерістер жасауға
4.Саясаттанудың басқа
қоғамдық ғылымдармен
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста болады.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызды. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.
Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен
де тығыз байланысты. Құқық адамдардың
қоғамдағы қатынастары мен
Келесі саясаттануғка жақын ғылым - әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс – жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді.
Саясаттану тарихпен байланыста болады. Ол жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси иниституттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
Әкімшілік экономикадан нарықтық
шаруашылыққа, тотаритарлық жүйеден
демократиялық құқықтық мемлекет құруға
өту жұртшылықтың саяси мәдениетін
түбегейлі өзгертуді талап
Саяси білім азаматтарға қоғамдағы құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға тәрбиелейді.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет дара әкімшілікке негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.
Қорыта келе саяси білім әр азаматқа үкімет көлемінде өз қызығушылығын қалай қанағаттандыру керек екендігін үйретеді.
Информация о работе Саяси ілім пәні, оның негізгі түсініктері мен категориялары