Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:45, доклад

Описание работы

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Қоғамдық - экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады.

Работа содержит 1 файл

Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары..docx

— 15.01 Кб (Скачать)

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін  көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің  барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл  өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі  сипаты. Қоғамдық - экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының  болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі  сипатымен байланысты, бұл қатынастардың  кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын  ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір  қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік  қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы  тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан  сақтану және басқа жағынан, бұл  құбылыстардан болған шығасыларды  өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан  өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын  қолдап отыру мақсатында оларды сатып  алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін  де, сондай-ақ ақшалай ресурстарды  да кіріктіретін қажетті қаражаттары  болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар әдетте резервтік және сақтық қорлары  түрінде қалыптасады.

Қолайсыз табиғи, дүлей  күштердің, кездейсоқ жағдайлардың, өндірістік факторларың және ақшалай  жарналардың есебінен залал шығасылардан шеккендерді өтеу іс-әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөлінеді.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін  қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс Үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін  көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің  барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл  өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі  сипаты. Қоғамдық-экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының  болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі  сипатымен байланысты, бұл қатынастардың  кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын  ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір  қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік  қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану және басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығасыларды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақшалай ресурстарды да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар әдетте резервтік және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Қолайсыз табиғи, дүлей  күштердің, кездейсоқ жағдайлардың, өндірістік факторларың және ақшалай  жарналардың есебінен залал шығасылардан шеккендерді өтеу іс-әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөлінеді.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін  қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер (ерекшеліктер) оған тән болып келеді:

1) қатынастардың ықтималдық  сипаты;

2) қатынастардың төтенше  (жай емес) сипаты (кез келген аукымда  мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын  немесе оның бөлімшесі, жеке  адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржылық кагегориямен ортақ өзгеше белгілері бар:

сақтық қатынастарының ақшалай  сипаты;

сақтандырудың қоғамдық өнімнің  құнын қайта бөлуге қатысуы;

оның іс-әрекеті ақшалай  қорларды жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

сақтық қатынастарының бір  бөлігінің міндетті сипатының болуы;

ақшалай қорларды жасап, пайдалану  кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың  баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъекті болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды  бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайларда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушы немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері  есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек  көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың  мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік  қатынастардың айрықша сферасы  деп қараған жөн.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының  көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары  сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция  ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде  қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі  бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бөлу функциясы алдын  алу функциясы, мысалы, алдын алу  шараларын қаржыландыру жолымен  сақтық жағдайының болу мүмкіндігін  жоюға бүгіледі, яғни иіп әкелінеді. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы  сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі (иіледі).

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды  қамтамасыз етуге байланысты болатын  тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі  арналымымен - қолайсыз оқиғалардан  болған залалдың орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір  бөлігінін салыстырмалы жалпы бағыттылығы  мен (кең арналымдағы резервтік  қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай  қаражаттардың арналымы болады. Бұл  қатынастар мен қорлар байланған  және жалпыұлттық сипаты бар төтенше  уақиғаларды ескертуге және жоюға  бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты  жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің  біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік сақтандыру меи әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана  отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл  қатынастардың іс-әрекеті халықты  әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.

Үшінші бөлік қатынастардың  тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде  бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен  әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен  бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - азаматтардың мүлкін және жеке басын сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер  үшін мүліктік сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің  салыстырмалы дербес бөлігі медициналық  сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың  екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың  бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды  болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың  түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші  бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік  әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісі пайдаланылады.


Информация о работе Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары