Сақтандыру түйіні мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 18:28, реферат

Описание работы

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Содержание

1.1. Сақтандырудың даму тарихы.
1.2. Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар.
1.3. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі.

Работа содержит 1 файл

Сақтандырудың экономикалық мәні.docx

— 28.66 Кб (Скачать)
align="justify">    Сақтық  капиталы – акционерлік қоғамдағы арнаулы ақшалай қор; ықтимал залалды жабу мақсатымен және облигацияларды өтеу және есепті кезеңде табысты кем алған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді төлеу үшін құрылады. Сақтық қордық шамасын акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді, бірақ жарғы капиталы шамасының 12%-ынан кем болмауға тиіс. Қор акционерлік қоғамның таза табысы есебінен құралады.

    Сақтық  қоры – тосын жағдайдан пайда болатын шығындарды жабу, залалдың орнын толтыру, уақытша қиындықтарды жою, қандайда бір төтенше оқиғалар болған жағдайда қалыпты қызметті қалпына келтіру үшін ақшалай және заттай нысанда жасалатын, босалқы қаражат қоры. Бұл оқиғалар жағымсыз факторлардың – табиғат апаттарының, ереуілдердің салдарынан болуы немесе жағымды жәйттерге – ғылыми ашылымдарға, пайдалы қазбалардың мол кеніші табылуына байланысты болуы мүмкін.

 

1.3 Қоғамдық қатынастар  жүйесіндегі қаржының  рөлі.

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын  тілігің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда  нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар  өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай  қаржы ресурстары мен қорларды жасау  және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің  және оның ресурстарға қажеттіліктерінің  дамуымен тығыз байланысты болды.

   Қаржы туралы жұмыстың алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж) болды.

    Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен  қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

    Қаржының  пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар  өндірісі болып есептеледі.

    Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын  қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

    Экономикалық  өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар  қаражаттарының қозғалысы түрінде  болып жатады. Құбылыстар бетінде  бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен  қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға  жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымының  қорларын қалыптастыру; мемлекеттік  бюджеттің кірістеріне салық  төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына  қаражат төлеу; экопортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз  немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу  түрінде бір иеленушіден басқа  иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас  қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

    «Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын  экономикалық қатынастардың кең  ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика  жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын  – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

    Қаржы қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне  екі түрлі ықпал жасайды:

    а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің  үйлесімдерімен сипатталады;

    ә) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық  мүдделеріне ықпалымен сипатталады.

    Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы  өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін  арттыруда маңызды рөл атқарады.

    Қаржының  экономикалық рөлі мына бағыттардан  көрінеді:

    • қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
    • кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың. Фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
    • қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
    • қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
    • қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

    Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рол атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

    Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының ролін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

    1. ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
    2. қаржынв қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
    3. қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВВЕРСИТЕТІ 
 
 

                                             «Есеп және қаржы» кафедрасы  
 
 
 
 
 

 

Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні. 
 
 
 
 
 

                                                                      Дайындаған:

                                                                      Тексерген:  
 
 
 
 

Астана 2009

Жоспар

    1.1 Сақтандырудың  даму тарихы.

    1.2 Сақтандыруда  қолданылатын түсініктер мен  ұғымдар.

    1.3 Қоғамдық  қатынастар жүйесіндегі қаржының  рөлі. 
     
     
     
     
     
     

                         
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Сақтандыру түйіні мен мәні