Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:32, реферат

Описание работы

>Салықтар - мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және мерзімде алынатын міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстың бөлігін білдіреді.

Работа содержит 1 файл

салык2.doc

— 67.00 Кб (Скачать)

<h2>Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру. </h2>

<h3></h3>

<h4>Салықтар - мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және мерзімде алынатын міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстың бөлігін білдіреді.

Салықтар қаржының маңызды категориялардың бірі болып табылады.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандарымен әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіктеріне қарай өзгеріп жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар - ақша қатынастарының жүйесінде жетілді.

Салық салу қағидаларына мыналар жатады:</h4>

1. Әділдік қағидасы екі тұрғыда қарастырылады:

а) горизонталды әділдік-салық төлеушінің табысына салық бірдей шарттарда, бір түрде салынуы тиіс;

ә) вертикалды әділдікті сақтау салық табыстың бөлігін қайта бөлу үшін дифференциалды ставкаларды пайдаланып, прогрессивтік шкаламен салынуы тиіс;

Қарапайымдылық қағидасы. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті әрі қарапайым болуы керек.

Жеңілдіктердің минималды мөлшері. Жеңілдіктер құндық пропорцияларда бұрмалап және біле тұра салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға қояды.

Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономикамен инвестицияның өсуіне, жұмыс істеуінің жақсаруына кедергі келтірмеу керек.

Салық ставкаларының осы елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі елдер салықтарымен негізі түрлері бойынша салыстырмалылығы.

Салық  түрлерінің  мемлекеттегі ерекшелігі болып әртүрлі қоғамдық қажеттіліктері үшін бейнесіз пайдалануы табылады.

Салықтардың мәні функциясында көрініс табады:

1. Мемлекеттік бюджетке түсімді қамтамасыз ететін тарихи бірінші қызметі салықтың фискалдық қызметі болып табылады.

2. Салықтардың   қайта   бөлу   қызметі   мемлекет   пайдасына әртүрлі шаруашылық субъектілері табыстарының бөлігін қайта бөлу болып табылады. Бұл салада қызмет ету масштабы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлесімен анықталады: ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 79,7%; 1998 жылы - 16,6% ; 1999жылы - 17,4% ; 2000 жылы - 20,2% құрады.

3. Салықтардың үшінші реттеуші қызметі - мемлекеттің экономикалық қызметін кеңейтумен байланысты пайда болды. Ол мақсатты түрде ұлттық шаруашылық бағдарламаларына сәйкес әсер етеді. Мұнда салық нысандарын таңдау, салық ставканы өзгерту, жеңілдік алу әдістерін өзгерту пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамның қайта өндірісінің құрылымымен пропорциясына, жинақтау және тұтыну көлеміне әсер етеді.

Мемлекет салық саласындағы шаралар жүйесін - экономикалық саясатқа сәйкес әлеуметтік экономикалық және басқа да мақсаттарға, қоғамның әрбір нақты даму кезеңдеріндегі тапсырмаларға байланысты салық саясатын жүргізеді.

Мемлекетке  алынатын барлық салық түрлерінің жиынтығы, олардың құрылуының әдістері мен нысандары, салық қызметі органдары мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салық жүйесі - көптеген салық түрлері, салық төлеушілер, салық жинау әдістері, салықтық жеңілдіктерінің болуына байланысты күрделі модель болып келеді.

Салықтарды әр түрлі принциптер бойынша бөлуге болады:

- мемлекет пен  төлеушінің қарым-қатынастары және салық салу объектісіне байланысты; пайдалануы бойынша; салық жинаушы органы, экономикалық сипаты бойынша.

Бірінші сипаты бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салықтар табыс немесе мүлікке ғана (табысқа, пайдаға, мүлікке және жерге салынатын салық) салынады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты және жеке болып бөлінеді.

Нақты  салық  мүліктің  пайдалану тиімділігіне сыртқы сипатына байланысты салынады; нақты тікелей салықтарға жер, мүлік, ақша капиталына салынатын салықтар жатады.

Жеке салықтарда табыс қана емес, төлеушінің қаржылық жағдайы да ескеріледі, мысалы отбасы жағдайы. Оған мыналар жатады: табысқа салынатын салық, сый мен мұраға салынатын салық, жан басына және т.б. салықтар.

Жанама салықтар — тауар, қызметтер бағалары арқылы, (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік баждар) алынады. Салық сомаларының иесі тауар және қызметтерді өткізгесін мемлекетке тапсырылады.

Пайдалану сипаты бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түсіп белгілі бір пайдалану барысында тұлғасыздандырады. Арнайы салықтар белгілі бір мақсатқа ие болып келеді (мысалы: әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері үшін пайдаланылады).

Салықты жинайтын және оны билейтін органына байланысты орталық (жалпы мемлекеттік) және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Объектінің экономикалық сипаты бойынша салықтар табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді: біріншісі - салық төлеушінің кез келген объектіден алған табысына салық салу, екінші жағдайда - бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынғанда төленетін шығындарға салынатын салық.

Салық салу объектісін есепке алу және бағалануы бойынша салық алудың төрт тәсілі бар: кадастрлық, декларация бойынша, төлем көзіне байланысты, патент бойынша.

Кадастрлық әдіске сәйкес салық салу және есепке алу қамтамасыз ету объектілерінің тізімі негізінде, оның табыс әкелу нормасын (әсер мүліктік) көрсете отырып, нақты табысын ескермей жүзеге асады.

Салық төлеуші декларацияда табыс көлемін, керекті жеңілдіктерді, шегерімдерді ескере отырып, салық сомасын есептейді.

Төлем көзіне байланысты салықты табысты алған жерден бухгалтерия есептеп, төлетеді.

Патент негізінде  салық әр түрлі қызметтен табыс алуға байланысты бөлінеді. Бұл бойынша салық төлемін анықтау және ескеру өте қиын.

<h4>Салықтық есептің екі әдісі пайдаланылады:  кассалық және есептеу әдісі. Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шығындар жұмыстарды жүргізу кезінен бастап қызметтерді, мүліктерді қабылдау және ол бойынша төлеу жүргізіледі. Төлеу уақытынан тәуелсіз есептелетін есептеу әдісі бойынша табыстар мен шығыстар жұмыс жүргізу уақытынан есептеледі. Екінші әдіс – салық қызметтері үшін қолайлы және оны Қазақстанның барлық салық төлеушілері қолданады. Оның төлеушілер үшін кемшілігі – салық төлемдерін жеткізу уақытында болмаған жағдайдың өзінде төленіп, айналым қаржыларының оқшаулануына әкеліп соғады.

Қазақстандағы салықтар, төлемдер мен алымдардың тізімі:</h4>

1. Салықтар

1) корпоративтік  табысқа салынатын салық;

2) жеке табыс салығы;

3) қосылған құнға салынатын салық;

4) акциздер;

5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы (қол қойылған бонус, коммерциялық табу бонусы, роялти, үстеме пайда салығы);

6) әлеуметтік салық;

7) жер салығы;

8) көлік құралдарына салынатын салық;

9) мүлікке салынатын салық.

Жекелеген салық төлеушілер топтары үшін арнайы салық режимі қарастырылған. Оларға жататындар: шағын бизнес субъектілері, шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері. Бұл режимде салық төлеу мынандай негізде жүргізіледі: патент; бір жолғы талон; біртұтас жер салығы; оңайлатылған декларация. Бұл режим табысқа. мүлікке, әлеуметтік, жанама салықтардың комбинациясын сипаттайды.

2. Алымдар:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;

2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;

3) жылжымайтын  мүлік және ол бойынша құқықтарын мемлекеттік тіркегені үшін;

4) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құралдарды мемлекеттік тіркеу үшін;

5) көлік   құралдарын   және   тіркемелерді   мемлекеттік тіркегені үшін;

6) теңіз, өзен және аз өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алымдар;

7) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін;

8) дәрі-дәрмек   құралдарын   мемлекеттік   тіркеу   үшін алымдар;

9) Қазақстан Республикасы аумағымен автокөлік құралдарын өткізу үшін;

10) аукциондардан  алынатын алым;

11) елтаңбалық алым;

12) белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;

13) радио-теледидар ұйымдарына берілетін радиожиілік спектрін пайдалану рұқсаты үшін;

3. Төлемдер:

1) жер учаскелерін  пайдалану үшін;

2) су ресурстарын  (жер үсті көздерінен) пайдалану үшін;

3) қоршаған ортаны ластағаны үшін;

4) аңдар әлемін пайдаланғаны үшін;

5) орманды пайдаланғаны үшін;

6) ерекше күзетілетін табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін;

7) радиожиілік  спекторды пайдаланғаны үшін;

8) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

9) сыртқы (визуальды) жарнаманы пайдалану үшін;

4.  Мемлекеттік  баждар.

5. Кедендік баждар:

1) кедендік баждар;

2) кедендік алымдар.

<h4>Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі салық және басқа міндетті төлемдер түрлері айтарлықтай дифференцияланған. Салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде және сәйкес ережелерде көрсетілген.

Мемлекеттік салық қызметі органдары Қазақстанда қаржы министрлігімен және облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қала аудандарындағы, сонымен қатар қаржы полициясымен көрсетілген. Салық қызметі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы республика заңдарының орындалуына бақылау жасайды.

Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін, яғни салық түрлерінің нақты атаулары, сонымен қатар оларды пайдаланудың әдістері, тәртібі, іс-әрекет әдістерін құру мен жұмыс істеуіне байланысты сипатталады.</h4>

Салық салу элементтеріне мыналар жатады: субъект, объект, салық көзі, салық салу бірлігі, салық ставкасы, квота, салықтық жеңілдіктер, төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, салық төлеуге бақылау, салық заңдылықтарын бұзғаны үшін санкциялар.

Салық субъектісі (салық төлеуші) - бұл заң арқылы салық төлеу міндеті жүктелген жеке немесе заңды тұлға. Салық тасушылар - нақты салық ауыртпалығы түсетін соңғы салық төлеушілер, яғни жеке тұлғалар.

Салық объектісі – салық салудың негізі болатын ақшалай операциялар, қызмет көрсету, қызмет түрі, мүлік, табыс. Салық салу объектісі болып, сонымен қатар, мүлікті беру, табиғи ресурстарды пайдалану, өнімге (оның құнына) қосылған құн, жұмыс және қызмет көрсету, шаруашылық айналым (тауарлы материалды құндылықтар) және т.б. табылады. Салық номенклатурасы (түрлері және тізімі) өзінің бастауын салық объектілерінен алады.

Салық көзі болып салық төленетін табыс; кейбір салықтар бойынша (мысалы, табысқа салынатын салық) объектілері мен көздері сәйкес келеді; кейбір жағдайларда салық көзі болып салық төлеу үшін төлеуші сататын мүлкінің бір бөлігі болуы мүмкін.

Салық  өлшем  бірлігі  -  санау  үшін  белгіленген  салық объектісінің өлшем бірлігі (1 теңге, табыс, және т.б.)

Салық ставкасы - бұл салық салу бірлігіне бекітілген салық көлемі, ол салық салудың нормасын сипаттайды; салық төлеушінің табысына пайызбен бекітілсе, салық квотасы деп аталады. Салық ставкаларының құрылуы жағынан тұрақты және пайыздық болып бөлінеді.

Тұрақты ставкалар табыс көлеміне байланыссыз, салық салыну бірлігіне абсолютті сомада белгіленеді (нақты салықтар салынғанда: жерге, мүлікке және т.б. қолданылады).

Пайыздық ставкалар үш түрлі болады: пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік.

Пропорционалдық ставкалар салық объектісі көлемінен тәуелсіз бір пайызбен тағайындалады; прогрессивтік - табыс немесе мүлік өсіміне сәйкес ставкада өсіп, шкала түріңде  көрсетіледі.

Прогрессивті  ставкаларда екі түрлі прогрессия қолданылады: жай және күрделі; жай прогрессияда мүлік құнының немесе табыстың өсуіне байланысты салық ставкасы да өседі; күрделіне - бөліктерге бөлініп, әрқайсысына көтерілетін салық ставкасы қойылады. Прогрессивтік ставканың кемшілігі оның экономикалық және еңбек қызметіне кері әсері болуында. Салық салу прогрессиясы жоғары болған сайын, салық салыну субъектілерінің қарамағындағы табыстардағы дифференциясы әлсіз, бірақ экономиканың тиімділігі соғұрлым төмен.

Регрессивтік  ставкалар салық объектісінің ұлғаюына байланысты төмендейді.

Нарықтық экономика жағдайында ставкалар салық төлеушілердің төлем қабілеті мен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді ескеріп қолданылады.

Ставкалар заңды түрде белгіленіп, мемлекеттік бюджеттің әр жылына байланысты қабылданғанда түзетілуі мүмкін.

Салық оклады - субъектінің бір объектіден төленетін салық сомасы.

Салық, жеңілдіктері - заңды түрде төлеушілерді салық төлеуден толық не жартылай босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

- салық салынбайтын минимум - толығымен салықтан босатылатын салық объектісінің ең аз мөлшері.

- есептелген  табыс сомасынан жеңілдіктер;

- салық салынатын табысқа жатпайтын сомалар;

- белгілі бір  субъектілерге және кейбір салық төлеушілерге салық ставкаларын азайту.

Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: төлеудің мерзімін шегеру және салық бойынша берешекті сызып тастау.

Информация о работе Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру