Салыктык тусимдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:38, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 70% салықтық түсімдер болып табылады. Салықтық түсімдердің ең үлкен үлесі республикалық мониторинг жүргізуге жататын 300 ірі кәсіпорынды қамтитын ұйымдарға келеді. 2008-2010 жылдар кезеңінде кәсіпорындар бойынша республикалық мониторинг жүргізуге жататын салықтық түсімдер 19,6% артты.

Работа содержит 1 файл

Граждан,бюджет(ДНТП) каз.doc

— 465.50 Кб (Скачать)

     Мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 70% салықтық түсімдер болып табылады. Салықтық түсімдердің ең үлкен үлесі  республикалық мониторинг жүргізуге  жататын 300 ірі кәсіпорынды қамтитын ұйымдарға келеді. 2008-2010 жылдар кезеңінде  кәсіпорындар бойынша республикалық мониторинг жүргізуге жататын салықтық түсімдер 19,6% артты.

     2008-2010 жылдары басқа төлеушілер бойынша  салықтық түсімдер саны 39,8% құрады.

     Диаграммада көрінгендей 2009 жылы салықтық түсімдердің  құлдырауы орын алды, ол корпоративтік  табыс салығы бойынша 30%-дан 20%-ға дейін және қосылған құн салығы бойынша 13%-дан 12%-ға дейін ставкалардың төмендеуімен, аванстық төлемдерді төлейтін (төлемдер жылдық декларация қорытындылары бойынша жүргізіледі) кәсіпорындардың корпоративтік табыс  салығын төлеу мерзімінің өзгеруімен және ҚҚС бойынша салықтық кезеңнің ай сайынғыдан тоқсанға өзгертілуімен түсіндіріледі. 

 
 

      Динамикада  көрініп отырғандай 2001-2010 жылдардағы кезеңде ҚҚС бойынша түсімдер 4,2 артылды. 2009 жылы ҚҚС төмендеуі  күрт азайды, ол бәрінен бұрын экономикалық дағдарыстың әсерімен,ставканың 13%-дан 12%-ға төмендеуімен және импорттың кідіруімен байланысты. 2009 – 2010 жылдары ҚҚС қайтару қарқыны қалпына келтірілді.

        
 

     Жер пайдаланушылардан бюджетке мынадай  арнайы салықтар түседi: пайдалы қазбалар өндіруге (ПҚӨС) салық, рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық (ҮПС) және өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі.

     2008-2010 жылдар кезеңінде жер пайдаланушылардан  түсетін арнайы салықтардың түсімі 684 миллиард теңгеден 1580, 3 миллиард  теңгеге (2,3 есеге) дейін артты. 2010 жылы түсімдердің алдыңғы кезеңге қарағанда күрт артуы мұнай секторы ұйымдарына салық салу бойынша салықтық заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізілуімен түсіндіріледі. 
 

       
 

     Төменде келтiрiлген диаграммадан салықтар бөлінісінде  түсімдердің өзгерісін көруге болады. 2009 жылы ҮПС қоспағанда арнайы салықтар түсімдерін төмендету байқалады, яғни ҮПС алдағы жылғы қызметтің қорытындысы бойынша төленеді. 2008 жылы 2009 жылға қарағанда мұнай мен минералдық шикізатқа баға айтарлықтай жоғары болды. 2010 жылы ПҚӨС және рента салығы түсімдері мұнай мен минералдық шикізатқа бағаның артуына байланысты күрт артты. Осылай, 2009 жылы мұнайға дүниежүзілік баға орташа алғанда баррелі 61,9 АҚШ долларын, 2010 жылы - баррелі 79,6 АҚШ долларын құрады, дүниежүзілік баға 2010 жылы темiр рудасы бойынша 35,8 %, алюминий бойынша - 10 %-ға,  мыс бойынша - 21,5 %-ға, алтын бойынша - 18,6 %-ға, мырыш бойынша - 14%-ға артты. 

 

     Төменде берілген диаграммада 2008-2010 жылдар кезеңінде  жер пайдаланушылардан арнайы салықтар мен экспорттық кеден бажының түсімдері көрсетілген. Мұнайға экспорттық кеден бажы 2008 жылы қолданылды, 2009 жылдан бастап 2010 жылғы 15 тамызды қоса алғанда баж алынған емес, өйткені нөлдік ставкасы белгіленген және 2010 жылғы 15 тамыздан бастап мұнай секторы ұйымдары тоннасына 20 доллар ставкасы бойынша мұнайға экспорттық кеден бажын төледі. Тиісінше 2010 жылы мұнай секторы ұйымынан түскен түсімдер айтарлықтай артты.   
 
 
 

 

     Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінде акциздердің  болмашы ғана үлесі бар. Осылай 2001 жылы салықтық түсімдерде акциздер үлесі 3,4% құрады, 2010 жылы үлес 2% дейін қысқартылды.

       

     Төменде экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде  республикалық мониторинг жүргізуге  жататын салық түсімдері, кәсіпорындар бойынша салық жүктеме коэффициенттері бойынша деректер беріледі.

     Салық жүктемесі коэффициенті (бұдан әрі  – СЖК) салық түсімдері сомаларының  экономикалық қызмет түрлері бойынша  жеке іске асыру бойынша айналымға  ара қатынасы жолымен анықталады.

     СЖК республикалық мониторинг жүргізуге  жататын кәсіпорындар бойынша 2010 жылғы 9 айдың ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 12,5-тен 16,4 %-ке дейін артты. СЖК артуы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру бойынша 31,5-тен 37,0%-ке дейін, металлургиялық рудаларды өндіру бойынша 9,7-дан 15,2%-ке дейін, металлургиялық өнеркәсіп пен дайын металл бұйымдарын өндіру бойынша 5,7-ден 8,9%-ке дейін, көмір өндіру бойынша 11,2-ден 17,6%-ке дейін салық жүктемесін шикізат емес сектордан шикізат секторына ауыстырумен түсіндіріледі, темекі бұйымдары мен сусындарды өндіру бойынша СЖК артуы 23,3-тен 30,1%-ке дейін және 8,8-ден 13,5%-ке дейін тиісінше отандық және импортталатын акцизделетін тауарларға ставкаларды бірегейлендіру нәтижесінде акциз ставкасының артуына байланысты.

Экономикалық  қызмет түрлері бойынша мониторингте тұрған кәсіпорындар бойынша 2009-2010 жж. 9 айға салықтық түсімдер, салық жүктемесінің коэффициенті.
          млн.теңге  
ЭҚСЖ 2009 жылғы 9 айда  2010 жылғы  9 айда (алдын ала деректер)
Нақты айналымы ҚР ҚМ СК құзыретіндегі  салықтық түсімдер СЖК, % Нақты айналымы ҚР ҚМ СК құзыретіндегі салықтық түсімдер  М МФ РК КНН, %
300 ірі кәсіпорындар  бойынша ЖИЫНЫ 11 063 050 1 379 773 12,5 13 419 233 2 200 802 16,4
Оның  ішінде салалар бойынша            
Көмір, лигнит және шымтезек өндіру 40 812 4 560 11,2 59 128 10 391 17,6
Шикі  мұнай мен табиғи газды өндіру; осы салаларда қызмет көрсетуді  ұсыну 3 269 259 1 031 348 31,5 4 701 362 1 738 502 37,0
Уран  және шымтезек рудалары 83 973 8 631 10,3 113 279 -839 -0,7
Металлургиялық  рудаларды өндіру 104 102 10 093 9,7 202 514 30 862 15,2
Сусындар  мен темекіні қоспағанда азық-түлік  өнімдерін өндіру 124 113 1 334 1,1 134 735 1 019 0,8
Сусындар  өндіру 40 751 3 568 8,8 54 941 7 438 13,5
Темекі  бұйымдарын өндіру 69 085 16 129 23,3 66 710 20 063 30,1
Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық  материалдарды өндіру 105 635 17 249 16,3 151 970 26 036 17,1
Химия өнеркәсібі 34 892 -263 -0,8 36 196 -1 701 -4,7
Металлургия өнерәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру 783 692 44 576 5,7 1 201 958 106 525 8,9
Өзге  де металл емес минералды өнімдерді  өндіру 22 173 1 636 7,4 23 925 1 361 5,7
Электр  энергиясын, газды және суды өндіру және тарату 212 791 16 451 7,7 284 354 23 876 8,4
Сауда; автомобильдер, тұрмыстық бұйымдар және жеке пайдалану зататрын жөндеу 675 223 10 597 1,6 634 577 11 023 1,7
Көлік және байланыс 1 030 260 78 834 7,7 1 250 199 82 727 6,6
Мұнай өнімдерін сату 512 041 28 530 5,6 417 419 30 807 7,4
Құрылыс 433 543 23 365 5,4 348 502 33 572 9,6
Банк  қызметі 3 239 319 60 246 1,9 3 501 332 46 027 1,3
Жинақтаушы  зейнетақы қорлары 0 504 0,0 0 1 012 0,0
Сақтандыру  қызметі, аудиторлық қызметтер  47 631 1 205 2,5 17 265 1 101 6,4
Қызметтің басқа да түрлері 233 753 21 180 9,1 218 868 31 003 14,2
 

     Республика  бойынша СЖК 2010 жылдың 9 айы ішінде алдағы жылдың сәйкес келетін кезеңіне қарағанда 6,5-дан 7,8%-ке артты. Таукен өнеркәсібі бойынша СЖК айтарлықтай артуы 25,9-дан 30,6%-ке дейін құрады, өңдеу  өнеркәсібі бойынша 5,4-дан 6,5%-ке дейін және жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызметтерді ұсыну бойынша 7,6-ден 14,2%-ке дейін құрады. 

 
Экономикалық  қызмет түрлері бойынша 2009-2010 жж. 9 айға салықтық түсімдер, салық жүктемесінің коэффициенті (МБ + ҰҚ).
          млн.теңге  
ЭҚСЖ 2009 жылғы  9 айда 2010 жылғы  9 айда (алдын ала деректер)
Нақты айналымы ҚР ҚМ СК құзыретіндегі  салықтық түсімдер СЖК, % Нақты айналымы ҚР ҚМ СК құзыретіндегі  салықтық түсімдер КНН, %
ҚР  бойынша ЖИЫНЫ 25 886 110 1 692 615 6,5 34 394 853 2 688 920 7,8
Соның ішінде, салалар бойынша             
Ауыл  шаруашылығы, аң аулау және орман  шаруашылығы 55 997 2 392 4,3 57 356 3 443 6,0
Балық аулау, балық өсіру 2 265 224 9,9 2 546 171 6,7
Тау-кен  өндіру өнеркәсібі 3 760 342 974 767 25,9 5 509 137 1 687 609 30,6
Өңдейтін  өнеркәсіп 2 227 640 120 531 5,4 3 278 558 211 772 6,5
Электр  энергиясын, газды және суды өндіру және тарату 521 249 34 552 6,6 630 033 44 318 7,0
Құрылыс 3 843 938 102 471 2,7 4 310 840 140 124 3,3
Сауда; автомобильдер, тұрмыстық бұйымдар және жеке пайдалану зататрын жөндеу 7 200 001 96 630 1,3 8 775 132 136 779 1,6
Қонақ үйлер мен мейрамханалар 97 628 8 750 9,0 85 424 8 502 10,0
Көлік және байланыс 1 767 023 93 928 5,3 2 036 468 107 869 5,3
Қаржылық  қызмет 3 533 812 63 578 1,8 3 757 002 56 127 1,5
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызметтерді ұсыну 1 724 211 131 217 7,6 1 409 432 200 074 14,2
Мемлекеттік басқару 28 541 3 096 10,8 27 520 9 778 35,5
Білім беру 67 792 5 756 8,5 59 718 6 791 11,4
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну 24 543 1 718 7,0 24 031 1 907 7,9
Коммуналдық, әлеуметтік және персоналды қызметтер  ұсыну 172 697 13 720 7,9 170 967 16 273 9,5
Өзгелер 858 431 39 286 4,6 4 260 690 57 382 1,3
 
 

     Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры  

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2009 жылға  тікелей салықтар түсімдері 98,5% орындалды. 

     2010 жылы жоспар 120% орындалды. Түсімдердің артуы жоспарланған баррелі 65 АҚШ долларына қарсы әлемдік бағаның артуына байланысты.

       

      Төменде келтірілген диаграммадан 2008 жылы мұнайды  өткізуден түскен айналым мен  салықтық түсімдер 2009 жылмен салыстырғанда  барынша жоғары болды, мұнайды өндіру көлемі 70,6 млн.тоннаны құрады.

     2009 жылы қайта өткізуден түскен  айналым мен салықтық түсімдер 76,5 млн.тоннаға дейін мұнай өндіру  көлемінің өсуі кезінде алдағы  жылға қарағанда төмендеді.

     2010 жылғы 9 айдың ішінде өткізу  бойынша айналым сомасы 2009 жылғы деңгейге жетуге тақады, өнім көлемі 59 млн.тонна кезінде салықтық түсімдер 2009 жылғы деңгейден асып кетті. Өткізу бойынша айналым сомасына мұнайға деген баға әсер еткендіктен, салықтық түсімдер мен мұнайға әлемдік бағаның тікелей тәуелді екенін атап өткен жөн (2008 жылы – барреліне 97,6 АҚШ доллары, 2009 жылы – барреліне 61,9 АҚШ доллары, 2010 жылы – барреліне 79,6 АҚШ доллары. 

 

      Диаграммадан  мұнай секторына салық жүктемесі  коэффициенті 2008 жылы 30%-тен 2010 жылдың 9 айында 34,4%-ке дейін өсті.

 
 

Информация о работе Салыктык тусимдер