Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 14:51, курсовая работа
Кең таралған жауапкершiлiктiң екiншi тұжырымдамасы болып құқық бұзушының құқық бұзушылығы үшiн мемлекеттiң мажбұрлеудi қолданумен байланысты мемлекет алдында жауап берұ мiндетi табылады.
Менiң бұл тақырыпты таңдап алуымның негiзгi себептерi келесiдей:
1) Заңды жауапкершiлiк бiр түpi ретiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк мағынасын ашу; 2) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк нормаларын бiр жүйеге келтiру және оны Азаматтық Кодекстiң жалпы бөлiмiнiң жеке институты ретiнде көрсету үшiн «азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк», «азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң туындауының негiздерi», «азаматтық құқық бұзушылық ұғымы мен құрамы және т.б. терминдерiнiң анықтамаларына қатысты сұрақтарын туғызуына байланысты зерттеулер мен тұжырымдар жүргiзу.
Осы еңбектiң мақсаты азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк ұғымының мазмұнын анықтау, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi туындататын негiздердiң әрқайсысының жеке-жеке түсiнiгiн ашу, сонымен бiрге мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауаптылықтың түрлерi мен нысандарын анықтау болып табылады.
Кіріспе...................................................................................................................3-5
І-тарау. Заңды жауапкершіліктің түрі ретіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік
1.1 . Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктiңтүсiнiгi......................................6-20
1.2. Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi қолдану шарттары............................................................................................................21-41
ІІ-тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
2.1. Мiндетеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк нысандары..........................................................................................................42-46
2.2. Мiндетеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк түрлерi................................................................................................................47-55
Қорытынды......................................................................................................56-60
Пайдаланылған қайнар көздер....................................................................61-64
Кіріспе.......................
І-тарау. Заңды жауапкершіліктің түрі
ретіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік
1.1 . Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктiңтүсiнiгi......
1.2. Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi
қолдану шарттары......................
ІІ-тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік
түрлері және нысандарының сұрақтары
2.1. Мiндетеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк
нысандары.....................
2.2. Мiндетеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк
түрлерi.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған қайнар көздер........................
Кіріспе
Қазiр Қазақстан Республикасында нарықтық
қатынастардың дамуына орай заңдардың
қолданылу аясы кеңiдi. Сонымен қатар азаматтық
қатынасқа қатысушы субьектiлердiң құрамы
күннен күнге өсуде, өзара есеп айырысу,
зейнетақы, еңбекақы төлеу сияқты және
өтпелi кезеңге тән басқа да мәселелер
туындайды. Өз ерекшелiгi бар нарықтық
қатынас азаматтық құқыққа әcepiн тигiзбей
қоймайды. Соған байланысты азаматтық
және шаруашылық icтep бойынша дау-дамай
көбейдi. Азаматтық құқықтық қатынасының
субьектiлерi болып табылатын тараптар
өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамауы
қоғамдық қатынастарды бұзып, мүлiктiк
шығынға және жеке тұлғалар мен бүкiл қоғамды
қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын
бiлуi тиiс, әpi өзiнiң мiндетiн бұзбауға күш
салуы керек. Жауапкершiлiкке тарту, азаматтық
құқық бұзушылық жағдайында құқықтық
нормалардағы санкцияны жүзеге acыpуға
түрткi болды. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiкте мемлекеттiк және шарттық
тәртiптi нығайту да, осы мақсаттың алдын
алуда тәрбиелiк маңызы айрықша. Тәрбиелiк
жағын былай қойғанда, егер, құқық бұзушылыққа
жол берiлетiн болса, онда азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк оны қайта қалпына келтiрудi
қамтамасыз етедi. Сондықтән да борышқор
өзi icтeyгe мiндеттi нәрсенi орындамағанда
ғана емес, оны орындаудан бас тартқан
кезде де оған жауапкершiлiк бәрiбiр мойындатылады.
Азаматтық құқықтық қосымша мүлiктi өндiртiп
алу тәрiздi өзiне тән жауапкершiлiк қасиетi
болмаса, несие берушi мiндеттемесiн орындаудан
жалтарған борышқорға жазалау шарасын
қолдана алмайды және оның ic-әрекетiн өз
дәрежесiнде реттеп отыруы қиындай түседi.
Азаматтық құқықтық қатынастардың негiзгi
бөлiгiн мiндеттеме кұрайтын болғандықтан
жауапкершiлiк жөнiндегi мәселе мiндеттемелiк
құқықтың жалпы ережелерiнде қаралады.
Бiрақ та бұл арада айтылған мәселе мiндеттемелерден
тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жауапкершiлiк
- барлық құқықтық қатынастарына тән нәрсе.
Мен бұл диплом жұмысымды заңды жауапкершiлiктiктiң
бiр түpi болып табылатын азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк мәселесiне арнадым. Азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк мәселелерi ұзақ уақыт бойы
құқық теориясы саласында да, салалық
ғылымдарда да ғалымдардың зерттейтiн
пәнi болып келедi. Жауапкершiлiктiң құқықтық
табиғаты туралы талқылаулар осы күнге
дейiн жүргiзiлуде, бiрақ осы кезге дейiн
құқықтық жауапкершiлiктiң түсiнiгiнде ортақ
пiкiр қалыптасқан жоқ. Бiз ғалымдардың
заңды жауапкершiлiк сөзсiз ретроспективтi,
яғни тек жасаған құқық бұзушылығы үшiн
туындауы мүмкiн деген пiкiрiне қосыламыз.
Заңды жауапкершiлiктi қолданұ құқық бұзушылықтың
салдары ретiнде қарастырылуы тиiс, сонда
барып ол адамның санасына жетедi, басқа
тұлғаалардың мүдделерiн бұзудың мақсатқа
сай еместiгiне көзiн жеткiзедi. Тек осындай
жағдайда ретроспективьi аспектiде түсiнiлiген
жауапкершiлiк азаматтардың құқыққа сай
жүрiс-тұрысын қамтамасыз ету құралы қызметiн
атқарады. Әдебиеттерде позитивтi жауапкершiлiктiң
туындау негiзiнiң жоқтығына көңiл аударған
болатын. Ал сол кезде ретроспективтi өзiнiң
пайда болу негiзi құқық бұзушылық болғанын
айтып кеткеңмiз жөн.
Кең таралған жауапкершiлiктiң екiншi тұжырымдамасы
болып құқық бұзушының құқық бұзушылығы
үшiн мемлекеттiң мажбұрлеудi қолданумен
байланысты мемлекет алдында жауап берұ
мiндетi табылады.
Менiң бұл тақырыпты таңдап алуымның негiзгi
себептерi келесiдей:
1) Заңды жауапкершiлiк бiр түpi ретiндегi
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк мағынасын
ашу; 2) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк
нормаларын бiр жүйеге келтiру және оны
Азаматтық Кодекстiң жалпы бөлiмiнiң жеке
институты ретiнде көрсету үшiн «азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк», «азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң
туындауының негiздерi», «азаматтық құқық
бұзушылық ұғымы мен құрамы және т.б. терминдерiнiң
анықтамаларына қатысты сұрақтарын туғызуына
байланысты зерттеулер мен тұжырымдар
жүргiзу.
Осы еңбектiң мақсаты азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк ұғымының мазмұнын анықтау,
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi туындататын
негiздердiң әрқайсысының жеке-жеке түсiнiгiн
ашу, сонымен бiрге мiндеттеменiң бұзылғандығы
үшiн жауаптылықтың түрлерi мен нысандарын
анықтау болып табылады.
Сондықтән, бұл еңбекте, бiрiншiден азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк мәселесiн қарастырамын
(осы тақырыпқа байланысты заңи әдебиеттер
мен қазақстән заңдарына анализ жасау
негiзiнде).
Екiншiден, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi
жүктеу үшiн қандай негiздер жиынтығы барын
анықтау мәселесiн көтеремiн. Сонымен қатар
азаматтық құқық бұзушылықтың ұғымы мен
құрамын қарастырамын.
Үшiншiден, мiндеттеменiң бұзылғандығы
үшiн жауаптылықтың нысандары мен түрлерiне
қысқаша шолу жасаймын.
Бұл еңбекте Қазақстандық, coвeттiк және
алыс-жақын шетел елдерi авторларының
монографияларын, статьялар жинақтарын,
оқулықтарды қолдандым. Диплом жұмысына
жұмысты жазу барысындағы әрекет ету күшi
бар заңдарды қолданамын.