Салық мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 13:33, реферат

Описание работы

Салық мәселесi мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып

Работа содержит 1 файл

салық туралы түсінік.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

      

Практикалық сабақ .    

     Салық  мәселесi мен салық салудың  тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып  келе жатқан құбылыс.Ұйымдық-құқықтық  жағынан салықтар- бұл мемлекет  бiржақты тәртiппен заң жүзiнде  белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде  және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.

     Салықтардың  экономикалық мәнi олардың өзiнiң  функциялары мен мiндеттерiн жүзеге  асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын  ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып  табылатындығында.

     Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

      Салықтар мемлекетпен бiрге пайда  болды және мемлекеттiң өмiр  сүрiп,дамуының негiзi болып табылады.Адамзат  дамуыныңбүкiл тарихы бойына салық  нысандары мен әдiстерi өзгердi,игерiлдi,мемлекеттiң  қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi.Мемлекет құрылымының өзгеруi,өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,жаңаруымен қабаттаса жүредi.

-      Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.    

Салық мемлекеттің ең басты құралы.

1.1 Салықтың шығу  тарихы және оның мәні.

   

Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс. Ұйымдық- құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен  заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.

Салықтар тауар- ақша қатынастарының ахуалына әсер ете  отырып, олардың дамыған жүйесінде  айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының  өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық  жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізі көзі ұлттық табысты қайта бөлудің  басты қаржылық құралы, мемлекеттің  және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Жалпы салық салуға ғылыми көзқарас XVII-XIX ғасырларда пайда бола басады. Атап айтқанда, теориялық экономия классикалық мектебінің ағылшындық өкілдері В.Петти (1623-1687ж.ж.) «Салық пен жиынтық трактаты», Д.Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» (1817ж), А. Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу»-(1776ж.) деген еңбектерін жазды. А.Смит салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын ұсынған. Олар мынаған саяды

1) Салық салық  төлеушінің әрқайсысының табысына  сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік  қағидаты)

2) Салықтың мөлшері  мен оны төлеу мерзімі алдын  ала және дәл анықталуы тиіс (анықтылық қағидаты)

3) Әрбір салық  салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты )

4) Салықты алудың  шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты)

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық – зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттелмеуді енгізді және А. Смитке « салықтар оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 Салық дегеніміз  не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан  салық дегеніміз, тұрғындар, кәсіпорын  мен ұйымдардан заңға негізделіп  алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық салудың кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ. Мемлекттің табыс көзі салық. Салық құрылған және анықталған заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субьект табысының бір бөлігі. Салық салу бұл табысты және қайнар көздерді мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысы мен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық қағидасын іздеуді алғаш рет А Смит қалыптастырған.Оның көзқарасы негізінде қазіргі уақытта салық салудың екі ірі пікірі пайда болды.Бірінің мәні мынада: салық, салық төлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуімен түскен пайдаға пропорциональды болуы тиіс.

(А.Смит мысалы:жолды кім пайдаланса,сол оның жөндеуі үшін төлеу керек.) Екіншінің мәні:салық табыс мөлшеріне байланысты. Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту. Тұрақтылық яғни, уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күшейту, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек. Міндеттеме яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі. Салық салу жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Бюджет салық сажаты (қазыналық фикалный саясат ) мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамсыз ету мақсатында жүргізіледі. Мемлекттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізілді.Мемлекттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржы мен қамтамасыз ететін бірден бір құрал. Ынталандырушы бюджет салық саясаты (қазыналы экспансия) бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикаға циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды.

1.2 Салықтың түрлері  және атқаратын қызметі.

 

Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:

- Фискалды немесе  жұмылдыру қызметі. Осы қызметте  мемлекет бюджеттік шығындарды  қаржыландыру үшін салық жинайды; 

- Бөлу қызметі,  мелекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;

- Реттеуші қызметі,  мемлекет салықтың көмегімен  тұтыну және қорлану арсындағы  пропорцияны реттейді;

- Ынталандыру  қызметі, мемлекет өндіріс пен  техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;

- Шектеу қызметі,  мемлект салық саясаты арқылы  кейбір өндіріс түлерінің дамуын  тежейді немесе шектейді;

- Бақылау- есептеу  қызметі, мұнда кәсіпоры мен  тұрғындар топтарының қаржы көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады;

Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық  салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқталуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысы мен салықтардың мемлекет, сондай- ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аудандарынан айырмашылығы болады; 

Бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң  мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін  жарналар мен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан, еңбек ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.

Салықтардың әлеуметтік- эконмикалық мәні мен мазмұны  олар атқаратын функцияларда толық  ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын еске ұстанған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық  функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі  функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюы мен байланыта пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функциясының іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; Ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру дәрежесін көрсетеді. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің күрделі үлгілері болуы мүмкін.

1.3 Шет елдердің  салық салу механизмі.

    Барлық  өркениетті елдерде салықтардың  бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар  бойынша былайша жіктеледі: 

Салық салу обьектілері  бойынша;

Салықты алатын және салықтан жиналған сомға билік жасайтын органға қарай; 

Пайдалану тәртібі  бойынша;

Обьектінің экономикалық белгісі бойынша;

  Қазақстан  Республикасында экономиканы модернизациялау  және реформалаудың қазіргі жағдайында  шетел инвестициясы мен озық  технологиясын тарту қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда көптеген шетел компаниялары Қазақстан рыногына келмес бұрын біздің салық салу механизмімізге зерттеу жүргізеді. Себебі олар екі жақты салық қыспағына ұшыраудан қауыптенеді. Шет елдердің салық салу механизмі барынша дамыған және кез келген өркентті елдерде салық төлеуден жалтару мемлекетік маңызы бар қылмыс болып есептеледі.

Информация о работе Салық мәселесі