Салық бақылауын жүзеге асыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. Құрылымдық салық реформалары неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен және салықты ұйымдастыруға байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді. Бұл салықты қайта құрулар ең бірінші, салық салу базасын анықтау бойынша,салық мөлшерлемелерін тағайындау, салық жеңілдіктерін ұсыну тетіктерін түбегейлі ұлғайта құру бойынша өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3-4 бет.
I-тарау. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны.
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............5-6 бет.
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.....................................................7-8 бет.
1.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері және түрлері.............................................................9-14 бет.
II-тарау.Қазақстан Республикасының бюджетіндегі салықтың кірістері.
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.........................................................................................................15-17 бет.
2.2 Бюджеттік жоспарлаудың маңызы және бюджеттің атқарылу сапасын арттыру.........................................................................................................18-21бет.
2.3 Салық бақылауын жүзеге асыру.........................................................22-26 бет.
III-тарау.Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері.
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі мен құрылымы.............................................................................27-30 бет.
3.2 Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі...........................................................................................31-34 бет.
Қорытынды..................................................................................................35-36 бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................37 бет.

Работа содержит 1 файл

курстық жумыс Салық ЖУЛДЫЗ.docx

— 87.48 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III-тарау. Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері.

 

3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі

 

 Салықтар мемлекет қазынасына қоғамның жиынтық табысының бөлігін мәжбүрлеп алудың нақты нысаны ретінде мемлекеттік құрылым және басқару жүйесінің экономикалық кеңістіктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бейнелейді.  
Салық реформасы салық салу жүйесінің қызмет ету жүйесін ауқымды қайта құру және оны басқару механизмін өзгерту негізінде салық қатынастарын шектеулі немесе түбегейлі қайта құруды білдіреді. Аталған қайта құруды салық қатынастары мемлекет дамуының экономикалық, әлеуметтік немесе саяси жадайларының елеулі өзгерістерге сәйкес келмеуімен байланысты салық саясатының негіздерін қайта қарастыру қажеттілігімен шарттастырылған.  
Кез келген салық реформасын жүргізудің, соңғы нәтижесі ел экономикасын дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталған. Ол- мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру үшін салық түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру.  
Салық кірістерінің қажетті көлемін қамтамасыз ету, салық жүйесінің фискалды функциясының тиімділігіне тәуелді. Сондай-ақ экономикалық өрлеу басым дәрежеде салық салу жүйесінің басқа функцияларын, яғни реттеуші және ынталандырушы функцияларын табысты жүзеге асырумен анықталады. Сондықтан салық реформалары, ең алдымен, салық жүйесі өзінің функцияларын тиімді орындауымен тығыз байланысты.  
Экономикалық ғылым және тәжірибе салық реформаларының жалпы сыныптамасын ұсынған. Мазмұны бойынша салық реформалары жүйелік және құрылымдық реформаларға бөлінеді. Жүйелі салқ реформасы кезінде бүкіл салық салу жүйесінің тұжырымдамалық және әдістемелік ережелерінің ауқымды құрылымдануы жүргізіледі. Бұл кезде салықтар тізбесі түбегейлі өзгереді, тікелей және жанама салықтардың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленеді. Құрылымдық салық реформалары неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен және салықты ұйымдастыруға байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді. Бұл салықты қайта құрулар ең бірінші, салық салу базасын анықтау бойынша,салық мөлшерлемелерін тағайындау, салық жеңілдіктерін ұсыну тетіктерін түбегейлі ұайта құру бойынша өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған.[2] 
       Нарықтық экономиканы қалыптастыру барысындағы Қазақстан Республикасының салық реформаларына көз жүгіртейік. Бұл реформаларды 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Салық реформаларының I кезеңінде, 1991-1994 жылдары салық жүйесінің негіздері қалыптаса бастады. II кезеңде, 1995-1998 жылдары салық жүйесі ықшамданып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау барысындағы шараларға негізделген салық жүйесі қызмет етті. III кезең, 1999-2001 жылдары экономикалық өрлеу тұрақтылып, мемлекеттік бюджет кірістерін жоғарлату көзделді. VI кезеңде, 2002 жылдан бастап нарықтық экономика талаптарына жауап беретін, экономикалық тұрақтандыруға бағытталған тұжырымдамалық жаңа салық жүйесі қабылданды. 1999 жылы салық заңдарындағы өзгерістерге сәйкес салықтардың жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуіне шектеу койылды, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін «Салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» деп аталып, олардың саны 11-ден 17-ге дейін жетлізілді. 1998 жылы бюджеттен тыс қорлардың қысқартылуына сәйкес, салық жүйесіне әлеуметтік салық пен алымдардың түрлері енгізілді. Үшінші кезеңдегі салық реформасы құрылымдық реформаға жатты, өйткені салық салу базасын кеңейтуге, мемлекттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің мөлшерін жоғарылатуға бағытталды. 2002 жылғы салық реформасы жаңа, нарық талаптарына жауап беретін Салық кодексінің енгізілуімен байланысты болды. Салық жүйесі жаңғыртуға және шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшуіне бағытталды. Салық реформасының төртінші кезеңі ерекшеліктеріне инвестициялық белсенділікті қолдау, салық салу базасын кеңейту, салық ауыртпалығын төмендету, интеграциялық ақпараттық салық жүйесін енгізу жатады. [13] 
       Сонымен кез келген салық реформасының мақсаты, елдің серпінді әлеуметтік әлеуметтік-экономикалық даму негізі ретіндегі, болашақтық фискалды тетіктерді қалыптастыру болып табылады. Салық салу реформасы саяси, экономикалық және құрылымдық қайта құрудан кейін жүргізіледі. Өйткені, ол нәтижесінің тиімділігі жағынан неғұрлым инерциалы болып келеді. Осыған байланысты салық реформалары салық жүйесінің қызмет ету аясында анықталған кемшіліктерді және қателіктерді жою жолымен, тым ұзақ уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аталып өткен Қазақстан салық жүйесінің реформаларын кезеңдерге бөлгенмен, әрбір кезең барысында тұрақты салық жүйесі қызмет етпейді, оған үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Салық қатынастарының жағымсыз жақтары елдің экономикалық дамуының объективті қадамымен анықталады. Нарықтық экономиканың салық реформалары кезекті және үздіксіз жүргізіліп отырады.  
Салықтар өзінің мәні және мазмұнына қарай жинақтала келіп, әр түрлі елдердің салық жүйесін құрайтын, ұлттық ерекшіліктердің көптеген нысандары түрінде болады. Салықтар құрамы, құрылымы, оларды алу тәсілдері, мөлшерлемелері, қазыналық өкілдіктері, салық базасы, әрекет ету өрісі, жеңілдіктері бойынша бұл жүйелер бір-бірінен елеулі айырмашылықта болады және бастапқыда мүлдем салыстыруға келмейтіндей болып көрінеді. Бірақ неғұрлым мұқият талдау кезінде екі негізгі жалпы белгілерді айқындауға болады: 1) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерді ұлғайтудың тұрақты нақты жолдарын іздеу; 2) салық жүйесін экономиканың теориялық жалпы қабылданған қағидалары базасында құру.[3] 
    Әр түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл оңтайлы жүйені құру үшін экономистерге және әлеуметтанушыларға талаптар ретін өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары мыналар:  
- салық ауыртпалығын тарату біркелкілігі немесе басқа сөзбен айтқанда, әркім мемлекеттік кірістерге өзінің «әділетті үлесін» енгізуі;  
- салықтар мүмкіндігінше әр түрлі тұлғалармен экономикалық шешімдерді қабылдауға әсерін тигізбеуі қажет, немесе мұндай әсер ең аз шамада болуы қажет;  
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін салықтық саясатты пайдалану кезінде,салық салудың теңдік және әділеттік қағидаларын бұзуды ең аз шамаға жеткізу қажет;  
- елдің экономикалық өсуі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет;  
- салық жүйесі әділетті болуы қажет және салық төлеушілерге түсінікті болуы қажет;  
- салықтарды басқару және салық заңдылығын сақтау бойынша әкімшілік шығындар ең аз шамада болуы қажет.  
Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі критерийлер ретінде пайдалануы мүмкін.  
Салық жүйесін құру кезінде әр түрлі салықты қолданудың салдарын қайта тарату күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бұл салдар салықтарды алу тәсілінен, салық мөлшерлеме құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел экономикасының салық жүйесіне әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан және жаңа салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер баға өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және шығыстарына, салық ауыртпалығын таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара әсеріне тәуелді болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды жасауға болады.  
Тұтыну салықтырына қатысты бұл қорытындылар төмендегілерден тұрады:  
- салықты енгізу бағаның өсуіне әкеледі және салық салынатын тауарларға сұранысты қысқартады;  
- бағадағы және өндірістегі өзгерістер ауқымы сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне тәуелді болады;  
- салық ауыртпалығы сұраныс және ұсыныс икемділігіне қатысты сатушы және сатып алушы арасында таратылады;  
- белгілі шектен жоғары салық мөлшерлемелерін жоғарылату кезінде салықтық түсімдер төмендеуі мүмкін.  
Өндіріс факторына салықтар қатыстылығына қарай бұл ережелер мен қорытындылар мыналарға бөлінеді:  
- салық өндіріс факторында табыстың жалпы нормасын жоғарылатады, осы факторлардың ұсынысын қысқартады және пайданың таза нормасын төмендетеді;  
- салық ауыртпалығын қайта тарату сұраныс және ұсыныстың икемділігіне тәуелді болады;  
- бұл салықтар шешуші әсерді үй шаруашылығының шығындарына емес, кірістеріне тигізеді;  
- өндіріс факторына салық салу өзгерістерінің соңғы нәтижесі нарық құрылымына, ұжымдық келісімшарттарға және бәсекелестік шарттарына тәуелді болады. [12] 
     Салықтық қатыныстар үйлестігі мемлекеттің, салық төлеушілердің және өзге мемлекеттердің мүдделерін, ұзақ мерзімді және тұрақты теңдігін, қамтамасыз ететін салықтық қатынастар жүйесін құруды білдіреді. Мемлекеттің қазыналық мүдделері мен шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығы арасындағы қатынасты; салық төлеушілер мен мемлекттік орган міндеттерінің және құқықтарының теңдігін қамтамсыз етуді; барлық деңгейлердің салықтық мүдделерін үйлестіруді; салық салу жүйесін еларалық бірыңғайландыру үшін сәйкес негіздерді қалыптастыруды салықтық қатынастар үйлестіру бағыттары ретінде қарастыруға болады. Алғашқы үш бағытқа салық реформалары негізінде біршама қол жеткізілді. Ал салықтық қатынастарды еларалық үйлестіру қажеттілігі, ортақ кеден және салық саясатын жүргізу мақсатында, мемлекттерді біртұтас халықаралық одаққа біріктіру кезінде пайда болады. Салықтық қатынастарды үйлестіруді қарастырылатын бағыты салық салудың белгілі элементтерін бірыңғайландыруды, халықаралық бірлесуге қатысушы елдердің ұлттық салық жүйесі және салық саясатын құрылымдастыруды білдіреді. Еларалық үйлестіруді жүзеге асыру мемлекетаралық бірлесу үшін біртұтас салық жүйесіне бірден көшуді білдірмейтіндігін айта кеткен жөн. Дегенмен неғұрлым терең саяси немесе экономикалық бірігу, сондай-ақ тәуелсіз елдердің бірігуі негізінде конфедеративті мемлекетті құру жағдайында салықтық қатынастардың үйлестіруі бірыңғай салық кеңістігін құруды қарастырады. Осы уақытқа дейін бірігудің өзара байланыстар жолында құрылған бірлестіктер және одақтар толығымен құрылмады, әсіресе тарифтік реттеу, салық заңдарының бірыңғайлылығы бөлігінде. Сондықтан қазіргі кезде бірігуге байланыстарды жүзеге асыру барысында, салықтық қатынастар үйлестірілуіне көп көңіл бөлінуде.Мұндай еларалық үйлестірудің айқын мысалы ретінде 2003 жылдың 23 ақпанында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Украина мемлекеттерінің шешімін қарастыруға болады. Осы тұрғыдан осы елдердегі салық жүйелерінің ерекшеліктеріне тоқталады.

 

 

 

 

3.2 Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі

 
       Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі бүгінгі күнге дейін даму үрдісінде. Барлық төрт елдегі салық реформалары бір уақытта 1990 жылдың ортасында басталған, бірақ салық жүйесін реформалау қарқыны елеулі айырмашылықта болады. Бұл салықты реттеу бойынша заңдылытарды өңдеуде айқындалады.  
     Қазақстан және Ресейде салықтық реформалар 1990 жылдардың ортасында басталды. Осы екі елде бір команда жұмыс жүргізді, Алматыда қазақстандық және ресейлік салық кодексін өңдеушілерге бүкіл әлемдік салық мамандарының тобы кеңес берді. 1994 жылы әлемдік екі топ осы елдер үшін, батыс стандарттарына негізделген үлгілік салық кодексін ұсынды.Бұл құжаттар сол кедегі жетекші салықшылар үшін салық заңдарының идеалы сияқты көрінді, бірақ екі құжат та парламеннтерде талқылаудан өтпеді.  
Ресейде салық кодексінің бірінші бөлімі 1998 жылы, ал екінші бөлімі 2002 жылы қабылданды. Осы құжаттардың негізгі нормативтік құжат ретінде қабылдағанға дейін, 1991 жылғы салық жүйесінің негіздері туралы заң, салық қатынастарын реттеген, негізгі нормативтік акт болды.  
2002 жылдың желтоқсан айында Белоруссияда Салық кодексінің тек жалпы бөлімі қабылданды. Қазіргі кезде салық салу объектілері, салық төлеу реті, әрбір салық бойынша мөлшерлемелер және жеңілдіктер, сондай-ақ салық жүйесінің деңгейлері арасында салықтық алымдарды тарату Белоруссияда салықтық және бюджеттік заң актілерімен реттеледі.  
      Украинада да Салық кодексі талқылану сатысында. Салықтық қатынастар жекелеген заңдар, қаулылар және нормативтік актілер жүйесімен реттеледі, ал осының нәтижесінде салыққа байланысты заңда салықтық жеңілдіктердің кең мүмкіндіктерін күрделі және шиелініскен жағдайды көрсетеді.  
Сонымен, соңғы уақытқа дейін, қарастырылатып отырған елдерде салық заңдылығын өңдеуде үйлестіру,ұқсастыру байқалмайды.Украина және Белоруссияда салық кодексінің болмауы олардың салық жүйелерінің жетілмегендігін білдіреді.Бұл жағдай, бір жағынан салық заңдарын бірыңғайландыруда, біпрігу үдерісі шегінде заң жобасын тақылауға мүмкіндіктер беретін, артықшылықтарды құруы мүмкін.Бірақ бұл артықшылық дамудың жалпы векторы да болмауы нәтижесінде жойылып кетеді. Қазақстан мен Ресейдің тек салық жүйелерінде емес, сондай- ақ олардың даму бағыттары арасында елеулі айырмашылықтары бар.Жеке параметрлер бойынша осы екі елдің арасындағы алшақтық, олардың әрқайсысын Украинамен немесе Белоруссиямен салыстыра қарағандықтан, әлдеқайда үлкен. Сондықтан, барлық республикалардың қабылдау мүмкін, салықтық реттеудің ортақ ережелерін талқылау,, зерттеу негізгі проблема зерттеу проблема болып табылады. [15] 
     Мемлекеттік басқару қағидаларындағы айырмашылық, осы елдердің салық салу жүйесіндегі айырмашылықты шарттайды. Ресей Федерациясында үш деңгейлі салық жүйесі қызмет етеді. Бірінші- бұл федералды деңгей. Федерадлды салықтар бүкіл ел аумағында қызмет етеді және жалпы ресейлік заңдармен реттеледі. Бұл- федералды бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын, неғұрлым жоғары кірісті көздер, олардың есебінен федерация субъектілері бюджеттерінің және жергілікті бюджеттердің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Екінші деңгей -федералдық заңдар талаптарынан шығатын федерация субъектілерінің заң шығарушы органдарымен тағайындалатын, аймақтық салықтар. Бұл салықтардың бөлігі Ресей аумағындағы міндетті салықтарға жатады, бұл жағдайда аймақтық өкімет белгілі шекте мөлшерлемелерді реттейді, сондай-ақ салықтық жеңілдіктерді тағайындайды. Үшінші деңгей-жергілікті салықтар. Салық салудың екі деңгейлі жүйесі қызмет ететін, Украина мен Белоруссияда, сәйкесінше, республикалық және жергілікті салықтарға бөлінеді. Қазақстанда бір деңгейлі салық жүйесі бекітілген.Салықтар жалпы мемлекеттік сипатта болады, бұл кезде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтық алымдарды бөлудің нормативтері тағайындалады. Қарастырылып отырған елдердің салық жүйесі салықтар және алымдардың саны бойынша, айналым салықтарын пайдалану деңгейі бойынша, оларды салық жүйесінің деңгейлері арасында бөлу бойынша айырмашылықта болады.  
Барлық төрт мемлекеттің ортақ белгісіне, қолданылатын жанама салықтары жиынтығының жалпы мемлекеттік деңгейде болуы және жалпы мемлекттік салықтар ішінде заңды және жеке тұлғалардың табыс салығының болуы, сондай- ақ экологиялық салықтың болуы жатады. Ренталық төлемдер барлық төрт елде әр түрлі болғанымен, олар салық жүйесінің әр түрлі деңгейлеріне сәйкес келеді. [6] 
      Салықтық кірістердің неғұрлым жақын құрылымы Ресей және Белоруссияда: олардың бюджетке түсетін үштен бір бөлігін әлеуметтік төлемдермен қамтаммсыз етіледі. Қосылған құнға салықпен қоса олар кірістердің жартысын қалыптастырады. Қазақстанда басқа елдермен салытығанда корпорациялық табыс салығы мен қосылған құнға салық басқа елдермен салыстырғанда үлкен рөл атқарады, олардың кірістерінің 70% қамтамасыз етеді. Украинада түсімдердің елеулі бөлігі баждарға байланысты, олар 40% құрайды, ал қосылған құнда салықтармен бірігіп салықтық кірістердің 2/3 бөлігін құрайды. Сонымен барлық төрт елдің салықтық кірістерінің құрылымы жалпы сипатқа қосылған құндық салықтардың елеулі үлесі болып табылады.  
      Осы елдермен салыстырғанда Қазақстанға салық ауыртпалығының ең төменгі мөлшері, ал Белоруссияда ең жоғары салық ауыртпалығы тән. Егер Қазақстан, Украина және Белоруссияда салық ауыртпалығының мөлшерін шамалы төмендету үрдісі байқалса, Ресейде керісінше, соңғы жылдары ол шамалы жоғарылаған. 2003 жылы Ресейдегі салық ауыртпалығының жалпы деңгейі Белоруссияның салық ауыртпалығы көрсеткішіне жақындады., ал Украина бұл көрсеткіш бойынша, Қазақстаннан алға шығып, аралық орын алды. Халықаралық салыстыруларға сүйенетін болсақ, барлық қарастырылып отырған мемлекеттердегі салық ауыртпалығы басқа өтпелі экономикалы Еуропа елдерімен, сондай- ақ дамыған елдермен салыстырғанда төмен. Мысалы, 1997 жылы Шығыс Еуропа елдері бойынша қосылған құнға салықтың орта мөлшерлемелері 20,6 пайыз, әлеуметтік салық 43,5 пайызды, пайдаға салық 31,4 пайызды құрады. Яғни олар қарастырылыпотырған төрт елдің кез келгенімен салыстырғанда да жоғары болды. «Төрттік» елдердегі салық ауыртпалығының мұндай төмендеуі, жоғары тәуекелдіктің орнын толтыру ретінде қарастырылады. Жоғары экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайчында мұндай стратегияның дұрыстығы тұрақтану кезеңінде күмән туғызады.Яғни, енді осы елдердің барлығында салықтық реформалар салық ауыртпалығын төмендету бойынша емес, оларды ықшамдауға, ынталандыруды нығайтуға, салықтық түсімдер құрылымын жақсартуға және әділеттілік қағидасын жақсартуға бағытталады.  
Барлық төрт елде де салықтық реформалар жүргізілуде, бірақ олардың жалпы векторлары да сәйкес келмейді. Сонымен қатар, қызмет ететін салықтық жүйені реформалаудағы қадамдардың айырмашылықтары елеулі болуда. Неғұрлым ілгері сипатымен Қазақстан ерекшеленеді. Ресей салық жүйесін, оның үдемелігі тұрғысынан екінші орынға қоюға болады, ал одан кейінгі орынды Украина және Белоруссия алады. Салық жүйесін бірыңғайландыру стандарттарын тандау проблемасы да бар. Егер Белоруссия Ресей тәжірибесі барлығын айқын көрсетсе, Қазақстандағы және Украинадағы реформалар өздерінің даму бағыттары бойынша жүргізілуде.  
Қарастырылып отырған елдердегі салық жүйелерінің ортақтықтары басым ба, әлде айырмашылықтар басым ба деген сұраққа жауап беру үшін, біріншіден, салықтардың негізгі тұрпаты бойынша елдердегі салықтар мөлшерлемелерін салыстыру; екіншіден, бюджет кірістеріндегі неғұрлым үлкен үлен алатын, сәйкесінше негізгі салық ауыртпалығын анықтайтын салықтарды бөліп алу; үшіншіден, қарастырылатын елдрдің жалпы салықтық ауыртпалығын бағалау қажет.  
       Осы елдердің салық жүйесін бірыңғайландыру мәселесі саяси талқылаулар шеңберіне кіреді және қазіргі кезде кейбір бірыңғайлыққа қол жеткізілгенін байқауға болады. Ресейде, Украинада және Белоруссияда қосылған құнға салықтыңмөлшерлемелері бңірдей және әлкуметтік салық деңгейі жақын. Қазақстанда бұл салықтардың деңгейі елеулі төмен. Ресей және Белоруссияда кәсіпорын пайдасына салықтар мөлшерлемелері сәйкес келеді. Қазақстанда және Украинада негізгі салықтардың бірі кәсіпорын табысына салық мөлшерлемелерінің жоғары деңгейі белгіленген. Ресейде бірыңғай табыс салығының прогрессивті емес мөлшерлемелері айқындалды. 2004 жылдың басынан бастап, Украина да Ресей тәжірибесіне сүйеніп, бірыңғай мөлшерлемені 13 пайыз деңгейде белгілеп, одан кейін оны15 пайызға дейін және одан да жоғары көтеру жоспарланған. Сонымен, салық жүйесінің сандық жүйесінің сандық сипатында қарастырылып отырған төрт елде кейбір ортақ белгілер бар, бірақ толық бірыңғайлық және біртектілік туралы айту әлі ерте. Қазіргі кезде құрылған салық жүйесінде үнемі жетілдіру нәтижесі және оның реформасы жалғасуда. Сондай-ақ соңғы кезде салық саясатындағы пікірталастардың көбеюі байқалды, бұл бірігу үдерісі жаңа ынталарға байланысты.

Жалпы алғанда, әлемдік экономиканы  жайлаған дағдарысқа қарамастан, Елбасының 2008 жылғы 8 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлектеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуын Үкіметтің қамтамасыз еткенін атап өткен жөн.[18]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды

 
       Сонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

Салықтар құрамы, құрылымы, оларды алу тәсілдері, мөлшерлемелері, қазыналық өкілдіктері, салық базасы, әрекет ету өрісі, жеңілдіктері бойынша  бұл жүйелер бір-бірінен елеулі айырмашылықта болады және бастапқыда мүлдем салыстыруға келмейтіндей болып  көрінеді. Бірақ неғұрлым мұқият талдау кезінде екі негізгі жалпы  белгілерді айқындауға болады: 1) мемлекеттің  салықтан түсетін кірістерді ұлғайтудың тұрақты нақты жолдарын іздеу; 2) салық жүйесін экономиканың теориялық  жалпы қабылданған қағидалары базасында  құру.Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.  
Салық төлеушілердің жекелеген санаттары – арнаулы салық режімі – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша  салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі. Салық саясатының негізгі бағыттарын анықтау кезінде өндіріс пен оның сапалық көрсеткіштерінің өсуін ынталандырудың ерекше маңыздылығына сүйену керек. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. 

Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша  құн өскен сайын бюджет көздері  толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы  күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сыйып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

      Мемлекет басшысы бюджеттің нәтижелілігіне басты назар аудара отырып, өз Жолдауында халықтың әлеуметтік әл-ауқатына қатысы жоқ барлық шығыс түрлерін қысқарту міндетін қойған еді. Алайда республикалық бюджетті нақтылау кезінде көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар өскен. Мәселен, экономиканың кейбір секторларындағы шығыстар 3 есе артты. Ал керісінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы шығыстар 2 пайызға, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік шығыстар 20 пайызға қысқарды.

       Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара- бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

                              Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 
1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер. 
2. Ә.Е.Өтембаев.  “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша  2-бет. 
3. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж. 
4. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.  
5. Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж.,  №47 қараша   6-7-беттер. 
6. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.  
7. Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан //  2002 ж., 7 маусым 3-бет. 
8. З.Кәкімжанов. “Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер еліміздің экономикасына оң әсер ететін болады” // Егемен Қазақстан // 2002 ж.,          22-қаңтар, 2 бет. 
9. Н.Чернягина. “Көлікке салынатын салық” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №9 ақпан 5-7-беттер. 
10.  Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі //Салық кодексі// Алматы, 2004. 
11.  С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. // Қаржы //  Алматы, 2003 . 
12.  Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. //Экономикалық теория негіздері// Алматы, 2004, 391-395-беттер.

13. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы: Юрист, 2003

14. 6. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.

15. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, Приказ  № 225. Астана, 2008//www.minplan.kz.

16. Макконелл К.Р. «Экономикс»,/Москва, Республика, 1995ж.

17.Самрат Жақсыбай «Бәсекеге  қабілетті болу-стратегиялық мақсат»  18.Жалғасбаев Р. «Мемлекеттік  қаржы жүйесіндегі бюджеттік  процедураның  орны мен ролі»  // Аль Пари  2004 ж.

19.Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Есеп комитетінің Төрағасы Омархан Өксікбаевтың сөйлеген сөзінің тезистері

20.Рогачева А.А. «Социально – экономические приоритеты в системе финансовых координат» Алматы. 2001

 

 

 

 


Информация о работе Салық бақылауын жүзеге асыру