Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:06, реферат
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Іс қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор. Мемлекет, Республика, қала, аудан, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
Кіріспе
І Іс қағаздар туралы жалпы ақпарат
ІІ Қазақ іс қағаздарының тарихы
ІІІ Іс қағаздарының даму тарихы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
І Іс қағаздар туралы жалпы ақпарат
ІІ Қазақ іс қағаздарының тарихы
ІІІ Іс қағаздарының даму тарихы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Іс қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор. Мемлекет, Республика, қала, аудан, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихы тек қана ХVІІІ ғасырмен байланысты ғана шектелмейді. ХІХ ғасырда қазақ ресми іс қағаздар тіліне елеулі ерекшеліктер алып келген болатын. ХІХ ғасырда болған елеулі оқиға Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі де қазақ іс қағаздар тарихында елеулі өзгешеліктер алып келді. Бұл көтерілістің тек көркемдік әдебиет пен тарихта ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ісін қалдырғандығын Махамбет Өтемісұлының Ладыщинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына жазған хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.
Ал, ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды.
Иә, жасыратыны жоқ қазақ іс қағаздар тілінің тарихы тек қазіргі кезде ғана қолға алынып отырған жоқ. Жоғарыда аталған кезеңдерден соң, аумалы-төкпелі 1921 жылы қазақ тілінде іс жүргізу міндеттеліп, небір пәрменді шаралар белгіленіп, бұл салада әжептеуір ілгері шаруалар тындырылып келіп, ақыры аяқсыз қалғандығы жөнінде зерттеушілеріміз атап өтеді. Сөз жоқ, бұған да себептер болған. Жаппай елдегі ашаршылық, тәркілеу, қуғын - сүргін, қала берді Ұлы Отан соғысы, бертінде тың игеру жылдары бұған әсер етпей қалған жоқ.
Бертінде, дәлірек айтқанда, 1957 жылы Республика Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да шешім қабылдаған екен.
Бұл істе әуелде қызу қолға алынады да, кейіннен бәсең тартып, жетпісінші, сексенінші жылдары мүлде саябырсып кетеді.
Алайда, бүгінгі күні бұл іс қайта жанданып, бұрынғыдан да кең көлемде, кең құлашпен жүріп жатқаны айқын аңғарылады.
Енді, осы салада жарық көрген еңбектер тарихына тоқтала кетсек. Бастапқыда, дәлірек айтсақ, 1936 жылы жазылған Ағыбаев деген автордың іс жүргізуге арналған сөздігі жарық көрген кейіннен, елуінші жылдардың соңынан ала, жетпісінші жылдардың басына дейін 12 кітап болып, кәдімгідей нөмірленіп, салалық, терминологиялық сөздіктер жарық көреді. 1961 жылы Ғ. Мұсабаев пен Б.Сүлейменованың «Орысша – қазақша терминологиялық сөздігі» кітабы жарыққа шығады..
Қазіргі таңдағы іс қағаздарымен шұғылданып жүрген зерттеушілерімізді де қол қусырып қарап отыр деуге болмайды. Іс қағаздар жөніндегі сөздік – анықтамалықтар, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары т.б. туындылар қазіргі таңдағы, осы салада еңбек етіп жүрген М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов т.б. зерттеушілерді атап өтуге болады.
Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
1. Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
4. Мемлекеттік тіліміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім көздерімен қаруландырып, қазақ тілінің дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігін тигізуін қамтамасыз ету.
5. Іс қағаздарының түрлері. Оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Ақпараттарды құжатта сақтауға байланысты кез-келген басқарушылық қызмет және кез-келген басқарушылық шешім міндетті т үрде құжаттық нысанада тіркеледі.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу-пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
• Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
• Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
• Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
• Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
• Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағаның байқауға балады. Бірі- сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және де ресми құжаттар үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс. Бұрында қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша жүргізіліп келгені мәлім. Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл істің оп-оңай орындалып, бір күнде қалыптаса қалмайтыны белгілі. Осыған байланысты мәселелер де жетерлік. Оның бірі-мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде еркін сөйлеп, жаза алмайтыны. Ал орыс тілді кез-келген маман орыс тіліндегі ресми құжатты еркін жазып шығады. Бұның себебі, біріншіден, тілді жетік меңгергендігі болса, екіншіден орыс тілінде іс қағаздары ғасырлар бойы уақыт тезінен өтіп әбден қалыптасқан, қай салада да дайын, мәтіндері стандартқа айналған. Оларда бұл дәстүрлі мектеп. Біз қазақ тіліндегі іс қағаздарын да осындай дәрежеде көтеруіміз керек. Екінше мәселе-қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, іс қағаздарының үлгілері өте аз, жоққа тән десе де болады. Үшінші мәселе-жоғары оқу орындарында да, арнаулы оқу орындарында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге байланысты пән, арнаулы курс оқу бағдарламасына еңгізілмеген, сондықтан оқу орнын аяқтаған маман өндіріске я мемлекеттік органға іс қағаздарын қазақша жүргізуге еш дайындықсыз келеді. Осыған орай жоғары және арнаулы оқу орындарына оқулық ретінде ұсынылып отырған бұл еңбекте іс қағаздарын қалай дайындау керек, оның қандай стандарттары бар, жазылу стилінде нені басшылыққы алу керек деген мәселелер сөз болды.
Іс қағаздары − басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарының айқын көрінеді. Сондықтар халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу − басқару процесінің ажырамас өлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу − мекеме жұмысының нақты құжаттарымен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.
Қортынды
Іс қағаздар тілінің тарихы түпкі тарих тереңінен орын алмаса да, біраз ғасырлық тарихы бар екендігі белгілі. Зерттеушілеріміздің пікірлеріне қарағанда, қазақ іс қағаздар тілінің тарихы ХVІІІ ғасырдан бастау алады. Аталмыш ғасырдың да қазіргі кездегідей өзіндік іс қағаз түрлері мен құжаттары болды. Мәселен, ХVІІІ ғасырда қолданылған қазақ ресми іс қағаздар түріне, қазақ хандарының, сұлтандарының, батырлары мен старшиналарының орыс патшалығына және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттарын айтсақ болады. Бұл қағаздардың қазіргі таңда маңызы өте зор болмақ. Бұл ресми қағаздар арқылы, біз сол кезеңдегі қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар ХVІІІ ғасырдың жартысы мен ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілінің қандай түрде болғаны жөнінде мәлімет аламыз.
Ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт еді. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінде лексикалық ерекшеліктерде кездесіп қалады. Мәелен, ол кездегі қазақ ресми іс қағаздары тілінде араб-парсы элементтері жиі кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы – 2004ж.
2) Т.Ө.Нұрғалиева. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы – 2008ж.
3) www.google.kz.