Региональная экономика и её цели, типы, виды

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 09:41, реферат

Описание работы

Кез келген ұлттық экономика қалыптасқан өндіріс түрлерімен және өндіріс құрылымымен ерекшеленеді.

Работа содержит 1 файл

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА САЯСАТЫ.doc

— 64.50 Кб (Скачать)

                                          АЙМАҚТЫҚ   ЭКОНОМИКА САЯСАТЫ

   Кез келген ұлттық экономика қалыптасқан  өндіріс түрлерімен және өндіріс құрылымымен ерекшеленеді. Ал өндіріс пен шаруашылық түрлері ел аумағында орналасқан. Тарихи түрде әрбір елдің   экономикасы белгілі   бір халықтың  жер аумағын игеруге, ондағы табиғат жағдайына және ресурстарына   байланысты   болған.   Мысалы,   Қазақстанның   шығысы мен  орталық  аймақтарында  ежелгі  замандардан  бастап  кен қазу,  түсті және  қара металл  өндіру қалыптасқаны  белгілі Табиғат пен жер жағдайына байланысты Қазақстанда ежелден   ауыл   шаруашылығы   да   әртүрлі   қалыптасып   дамыған. Уақыт озады, заман  өзгереді, экономиканың дамуын табиғат факторымен   қатар   басқа   жағдайлар,   айталық,   техника  мен оған негізделген өндіріс технологиясы анықтайды. Сонда да, байыптап   қарасақ,   техника  мен   индустриялық  технология табиғат байлығын игеру мүмкіншілігін ғана арттырады екен. Ал өндіріс пен шаруашылық түрлерінің аймақтық қалыптасып дамуын, түптеп келгенде, табиғат ресурстарының, қазба байлықтар территориядық орналасуы анықтайды.

Сонымен, елдің экономикалық дамуына табиғат ресурстары мен факторларының ел территориясындағы әртүрлі болып орналасуы, екіншіден, жеке өндіріс факторынын әсіресе техника мен технология рөлінің артуы әсер етеді. Осыған байланысты экономикалық реттеудің ерекше бағыты - аймақтық экономика саясаты пайда болады. Аймақтық экономика - бұл ұлттық шарушылықтың кеңістік-өндірістік дамуының тепе-теңдігін қалыптастыру мақсатындағы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі. Жекелеп алғанда, бұл саясат артта қалған, экономикасы нашар дамыған аймақтарды қолдау түрінде іске асырылады.  Аймақтық экономика саясаты «Аймақтық экономика» деп аталатын ғылым саласына негізделеді. Аймақтың экономика - елдің жеке аймақтарының табиғи-экономикалық жағдайларына байланысты өндіргіш күштерінің орналасуы мен әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуы туралы ғылыми білім саласы. Аймақтық экономиканың теориялық және практикалық  қырлары осы күні  әлі Толық зерттеліп  анықталмаған.

Барлық   экономикалық   процестер   жүретін   аймақты   толық зерттеп-білмей, күшті экономист-маман болу мүмкін емес. «Регион» деген сөз латын тілінен алынған және казақ тілінде «аймақ» деген мағына береді. Біздің ұлттық экономика теориясында XX ғасырдың 60-70-жылдарында аймақтық-өндіріс кешендерінің (территориально-производствечные комплексы - ТПК) қалыптасуына байланысты аймақтық экономиканы зерттеу қолға алынады. Соңғы жылдары Қазақстанда экопомикалық реформаларды тереңдету және жеделету мақсатында жүргізілген аймақтық-әкімшілік аумақтарды ірілендіріп-біріктіру шараларына байланысты аймақтық саясаттың маңызы арта түскені түсінікті. Ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерде, мамандар арасында «аймақ» термині әртүрлі мағынада анықталады. Экономикалық    аймақ    оның    ерекшеліктерін    сипаттайтын    негізгі белгілерімен анықталады. Ең алдымен, регион (аймақ)-бұл географиялық ұғым. Сондықтан экономикалық регион табиғат жағдайларының біртектілігімен анықталады. Регионның табиғат ресурстарына қазба байлық түрлеріне жердің құнарлығына, ауа райына және географиялық орнына  байланысты, оның экономикасы, ауыл шаруашылығы, өндіріс инфрақұрылымы және әлеуметтік ерекшеліктері қалыптасады. Сондықтан, экономикалық регион - бұл өндіріс түрлерінің, ауыл шаруашылығының, әлеуметтік жүйенің аймақтық – территориялық  орналасуы.

 Аймақтық - экономика   жалпы   ұлттың   шаруашылықтың белгілі бір құрамдас бөлігі болып келеді. Аймақтық экономикасының өндірістік, әлуеметтік ерекшеліктеріне сәйкес оның жүйелі де біртұтас және жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі үшін  аймақтық   деңгейде   басқарып-реттейтін   мемлекеттік құрылымдар қажет болады.  Сонымен,  аймақтық экономика – өзінің әкімшілік басқару құрамымен де анықталады. Аймақтың экономиканың; әкімшілік - территориялық аумағы мен шегі және  ішкі құрылымы  заңды  түрде  анықталып,  орналасқан өндіріс, салалары, шаруашылық түрлері, инфрақұрылым жүйесі мен тұрғындар мекендері осы арнайы құрылған әкімшіліктің басқару объектілері, ал әкімшілік пен оның мекемелері жергілікті экоиомикалық-әлеуметтік басқару субъектілері болады. Ал енді аймақтық экономикаға кетсек, оны халық шаруашылығының белгілі бір аймақтық-территориялық жүйесі ретінде тануға болады. Жүйелі әдіспен айықтағанда, аймақ:

•   шартты түрде оқшауланған ұдайы өндіріс жүйесі;

•  шартты   түрде   оқшауланған   әлеуметтік-экономикалық жүйе

•  басқа аймақтармен шаруашылық байланыстағы экономикалық жүйе.

Экономикалық аймақ салалық және аумақтық еңбек бөлінісстерінің өзара байланыстарынан құрылады. Егер өндіріс саласы    технология    жағынан    біртекті    кәсіпорындар    мен өндіріс түрлерінен құрылатын болса,экономикалық аймақ бір-бірімен байланысты көптеген өндіріс түрлерінен тұрады. Аймақтық экономика – бұл территориялық еңбек бөлінісіне негізделген ұлттық  экономиканың құрамдас бөлігі.

Сонымен, аймақ дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің тұтастығы. Ол өзінің, өндіріс құрылымымен, меншік формаларының, барлық түрлеріне негіздадеген фирмалардың атқаруымен  белгілі, кеңістікте  тұрғындардың жұмыс орындарының және рухани өмірдің шоғырлануымен сипатталады. Әр аймақтық жергілікті басқару құрылымдары болады. Аймақтарды  өндірістік, мамандауына қарай жіктеуге болады: мұнай, газ және химия өндіріс орналасқан (Маңғыстау мен Атырау) аймақтар түсті металдар өндірісі шоғырланған аймақтар (Жезқазған, Шығыс Қазақстан) т.б.   Аймақтар   бірдей   болмайды:   бұрыннан игерілген және   жаңадан қалыптасқан аймақтар болады; негізгі және шеткі аймақтар болуы мүмкін; тұрғындар тығыз орналасқан және: тұрғындар саны аз, халық шашыраңқы орналасқан аймақтарды айтуға болады. Аймақтарды дағдарыстан  шығару, экономикасын тұрақтандыру, нарық қатынастарын дамыту туралы ұсыныстар жасағанда, олардың жоғарыда көрсетілген және басқа да ерекшеліктері есепке алынады Осы күндері аймақтар экономикалық және әлеуметтік реформалардың негізгі объектісіне айналып отыр.

Аймақ экономикасының түпкі мақсаты - тұрғындардың тұрмыс деңгейін тұрақтандыру және мүмкін болғанша жоғарылату. Аймақтық экономиканың табысты қызмет атқаруы көбінде жергілікті әкімшіліктің оңтайлы шешім қабылдауына байланысты, осы аймақтың экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктері мен артықшылықтарына сәйкес экономикалық саясат жүргізуге тіреледі. Аймақтық саясатта өзара тығыз  байланысты  келесі   іс-шаралар қолданылады. Біріншіден қолдауды қажет ететін аймақтың екіншіден, әр аймақтың әлеуметтік-эконойикалық даму концепциясы жасалады. Үшіншіден, аймақтық саясатты іске асырушы субъектілер анықталып, оларға нақты міндеттер жүктеледі. Аймақтық саясатты экономиканың қандай субъектілері жүргізеді. Бұл қызмет негізінен Өндіріс, Энергетика және Сауда министрліктеріне және жергілікті аймақ әкімшіліктеріне жүктеледі.

Аймақтық саясаттың негізі ретінде бірнеше концептуалдық қағидалар алынады. Шешуші шарт - өндіріс секторын дамыту негізінде аймақтың экономикалық және әлеуметгік жағдайын жақсарту.Өндірістің жұмыссыздық деңгейін қысқартып, тұрғындарды; тұрақты табыспен қамтамасыз етеді.

Аймақтық  саясаттың; келесі   бір   түрі   -   региондардың даму деңгейін -теңестіру мақсаты Экономикасы жоғары дамыған және  экономикасы  жеткілікті деңгейде  дамыған региондар Қазақстанда баршылық.  Экономикасының –тиімділігі төмендеу,     негізініен    аграрлық    аймақтарды     индустралды облыстарға, қосу арқылы  Қазақстанда соңғы бір-екі жылда

біршама жетістіктерге қол жеткені белгілі.  Аймақтық саясаттың тағы бір шарты - ол регионалдық тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты жою. Нарық жағдайында әрбір жеке аймақ өзін-өзі толық қаржыландыра алуы қажет.

Аймақтық саясат жүйелі де біртұтас басқару және реттеу шараларын қажет етеді. Екіншіден, отарлық үкімет пен жергілікті әкімшілік арасындағы қатынастар мақсатты іс-әрекеттерге негізделеді. Аймақтық саясат жалпыэкономикалық құралдар арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мысалы, жергілікгі бюджет саясаты жалпы ұлттық бюджет саясатының құрамдас бөлігі болып саңалады.

Аймақтық саясатта қандай проблемалар кездеседі? Ең алдымен, өндірістің кеңістік мүмкіншіліктерін теңестіру саясаты ешқашан да экономикалық және әлеуметгік жағдайлардың регионалдық ерекшеліктерін толық жоймайды. Мемлекет абсолюттік емес, салыстырмалы тендікті қамтамасыз етуге ұмтылады. Мұндай экономикалық көзқарас, әрине, қарсылыққа  кездесуі  мүмкін  және  бір-біріне  қарама қайшы да келуі мүмкін. Егер мысалы, жан-жақты дамыған аймақ туралы сөз болғанда, құрылымдық даму регионның жалпы дамуына көмектеседі. Бірақ нақгы экономикалық өмірде тарихй жағдайда қалыптасқан бір жақгы өндіріс тұріне негізделген экономикалық аймақтар кездеседі. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогресс пен осы күнгі нарық талаптарына сәйкес жүргізілген құрылымдық өзгерістер дәстүрлі түрде -қадыптасқан өндіріс саласын қысқартып, құрылымдық жұмыссыздық туғызады. Сонымен, нарық жағдайында аймақтық саясат жан-жақты ойластырылған  және бір-бірімен үйлестірілген құрылымдық және әлеуметдак, реттеу іс-шараларн қажет. 
 

КОНЪЮНКТУРАЛЫҚ, ЖӘНЕ АЙМАҚТЬІҚ САЯСАТТЬІҢ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қазақстанда конъюктуралық саясат жоғарыда келтірілген дәстүрлі Батыс, моделі түрінде әлі қалыптаса қойған жоқ. Отаңдық экономика өтпелі  кезеңде сондықтан бір-бірін ауыстырып келетін экономикалық даму фазалары жоқ. Бұл жерде өтпелі экономикаға әлем нарығында қалыптасқан жағдайлардың әсері туралы ғана айтуға болады. Мысалы, соңғы жылдары әлем нарығында түсті металдарға, одан соң мұнай мен басқа да шикізат өнімдеріне баға деңгейі күрт төмендеп кетті. Бұл Қазақстанның ішкі экономикалық жағдайына біршама әсер еткені белгілі. Сондықтан, Қазақстан үшін құрылымдық дамудың ішқі әлеуметтік-экномикалық қажеттілігі, оның сыртқы саяси-экономикалмк; жағдайымен тығыз байланысты деуге болады.

Қазақстанда конъюнктуралық саясаттың орнына дағдарысқа қарсы бағытталған Үкіметгің Бағдарламалары қолданылады. Олардың ішінде жалпы экономикалық тепе-теңдік қалыптастыруға, экономиканың жеке секторын, орта және ұсақ кәсіпкерлікті қолдауға, өндірістің құрылымын дамытуға арналған қаржы, бюджет, салық, инвестиция және несие саясаттары шеңберінде жүргізілетін Үкіметтің іс-шаралары іске асады. Қазақстан экономикасында құрылымдық саясат шеңберінде шешілетін проблемалар жеткілікті және олар өте күрделі түрде қалыптасқан. Жоспарлы экрномикада өндіріс кұрылымы тұрғындардың қажетіліктері мен сұранымдарынан тыс қалыптасқан. Бұрынғы Кеңес Одағында өндіріс құрылымы негізінен қару-жарақ өндіру кешенінің басымдылығы негізінде қалыптасқан болатын. Қазақстанда орналасқан-бірталай машина жасау өндіріс орындары нарық жағдайында дағдарысқа ұшырап, олардың өндіріс көлемі күрт құлдырап кетті (90%-ке дейін). Сондықтан Қазақстанның машина жасау өндіріс саласын нарық жағдайына және ұлттық қауіпсіздік талабына сәйкестендіру мақсатында 2001-2003 жж. арналған арнайы Бағдарлама жасалып бекітіліп, Қазақстанда құрылымдық проблемалардың,күрделі түрде  қалыптасуындағы тағы бір себебі - ол бұрынғы Одақ көлеміндегі біртұтас экономикалық кеңістік пен байланыстардың күйреуі. Жалпы экономикалық кеңістіктің күйреуі және оның шеңберінде қалыптасқан экономикалық байланыстардың нарық жағдайында үзілуі - заңды құбылыс. Жоспарлы экономика жүиесінде шикізат өнімдері төмен бағамен Одақтың, өндіріс орталықтарына жіберіліп тұратын. Нарық жағдайында бұрынғы «ортақ кеңістік» деген ұғым жаңа экономикалық мазмұнға ие болуы қажет. Реформаны құрылымдық іс-шаралардан бастау Қазақстан үшін өте қиын, тіпті мүмкін болмайтын жағдай еді. Құрылымдық даму мақсаттары Қазақстанда ұйымдық-институционалдық шаралар негізінде (меншікті жекешелендіру, жеке экономика секторын қалыптастыру, нарық инфрақұрылымын құру, нарық бағаларына көшу т.б.) ғана қолға алына бастады. Экономиқа құрылымын нарық үлгісіне сәйкес кайта құру үшін ұлттык шаруашылық шеңберінде нарық механизмінің қызмет атқару негіздері қажет болады. Мемлекет нақты қалыптасқан нарық жағдайына және нарық қажеттілігіне   сәйкес  ұлттық   өндірістің  өзгеріп  дамуына   қолдау  көрсетіп, жағдай  жасайды.  Қазақстанда нарық механизмі, біртіндеп    қалыптасып, атқара, бастады.     Бірақ Қазақстанда сыртқы экономикалық нарық қатынастары қарқынды даму үстінде болса да, ішкі ұлттық шаруашылық шеңберінде нарық механизмі жақсы қызмет атқарады, Қазақстан экономикасында «төлем дағдарысы» деген жағдай жылдан-жылға асқынып күрделене түсуде. Кәсіпорындардың өзара төлем қарыз өсіп, реформа жүргізу жолында негізгі кедергі болып отыр. Құрылымдық саясат жүргізу үшін мемлекеттің қаржы ресурстары шектеулі, ал ұлттық экономикада қалыптасқан өзара төлем қарыздарының өсуі нарықтың қызмет атқару шеңберін қысқартып, оның мүмкіншіліктерін шектеп отыр. Басымдылық беріліп, қарқынды дамуы қажет өндіріс салаларын қолдау үшін қосымша мол қаржы қажет екені белгілі. Төлем дағдарысы да және өнімді өнімге тікелей айырбастау - бартер деп аталатын тәртіп те бюджетке түсетін кіріс көлемін шектейді. Жаңадан құрылған Кіріс министрлігінің бір міндеті, жоғарыда айтылған «төлем дағдарысын»  және бартер түріндегі айырбасты шектеп, мемлекеттің құрылымдық саясат жүргізу ісі бірталай арта бастағанын айтуға болады. Оның себептері де белгілі.

Қазақстанда кұрылымдық саясаттың міндеттерін  былай анықтауға болады. Біріншіден, Қазақстан әлем экономикасында өзінің орнын анықтап алуы қажет. Өндірістік дамудың ұлттық үлгісін (моделін) жасап, соның негізінде өзіміздің халықаралық маманданудың негізгі бағыттарын анықтауға болады. Бұл осы күндері ең кажетті және маңызды мәселе айналып отыр. Екіншіден ұлттық шаруашылықтың салаларына ықпал жасау әдістер жүйесін, оның ішінде жекешелендіру мен мемлекеттік және жеке сектор экономикаларының әртүрлі салаларына қолдау керсету арқылы қалыптастыру қажет.

Елдің әкімшілік-аймақтық құрылымын өзгерту дс қалыптасқан   шаруашылық  пропорцияларына   бірталай   әсер   етеді. Бүгінгі  күндері  барлық аймақтық экономикалық қатынастар жүйесін толық жаңарту қажет болып отыр.

Жеке  аймақтардың экономикалық-әлеуметтік жауапкершіліктері артқан сайын, олардың өзара қатынастарында экономикалық қайшылықтар қалыптасуда және оларды орталықтан үйлестіріп шешіп отыру қажет болады. Аймақтық саясаттың мақсаты - регионалдық-экономикалық даму деңгейін теңестіру. Осыны іске асыру үшін елдің әкімшілік-басқару құрылымын жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде ең алдымен, жергілікті басқару мекемелерінің және жергілікті бюджеттік шаруашылық кұрылым тәртібі мен мәртебесін нақты анықтап, шешіп алу қажет 
 
 
 

                        Пайдаланылған әдебиеттер 

1.   Назарбаев  Н.Ә.   Қазақстаи  Республикасының  ұзақ  мерзімдік (2030 ж. дейінгі)  даму стратегиясы.,- Алматы, 1997.

2.    Назарбаев Н.Ә.  Елдегі жағдай,  ішкі және  сыртқы саясаттың негізгі бағытар туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -Алматы, 1998.

3.     Әубәкіров Я.Ә.,  Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б.,  ж.б.   Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы: ҚазМҰУ, 1998.

Информация о работе Региональная экономика и её цели, типы, виды