ҚР қылмыстылық және оның себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 12:48, реферат

Описание работы

Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.


Тіпті, «қылмыстылық» өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.

Работа содержит 1 файл

2.doc

— 60.00 Кб (Скачать)

                 ҚР қылмыстылық және оның себептері 

 

Таяудағы уақытқа  дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық  тиісті бір мемлекетте белгілі бір  кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан  қалыптасатын  жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.  

Тіпті, «қылмыстылық»  өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын  топтастыратын болғандықтан, оның жалпы  ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.  

Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның  «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді. 

Бәрінен бұрын  айтқанда, қылмыстылық – жалпыәлеуметтік  жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты  заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілібір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады. 

Қылмыстылықтың  дербестігі оны құрайтын жекелген қылмыстарға  байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға кауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Кузнецованың «қоғамға қауптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік – осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек; әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді. 

Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада, бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады. 

Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа  сапасы жағынан әрқилы құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдырға итермелейді. 

Қылмыстылықтың  мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтығы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. -кономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық  болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев). 

Қылымыстылық  – бұл өзінің бойына белгілі бір  қоғамда белгілі бір кезеңде  жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі; қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сиаптталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс. 

Қылмыстылықтың  келесідей тектік белгілерін бөліп  көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың  болуы, әлеуметтік-құқытық табиғаты. 

Қылмыстылық тек  қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден  туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген  және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны  үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды. 

Қылмыстылық —  нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің тууымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен және қоғамдық қатынастардың жетілдірілуімен байланысты. 

Қылмыстылық анықтамасында  көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі — ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың мәнді белгісі — оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады. 

Көрініп тұрғанындай, «қылмыстылық» ұғымы мұқият зерттеу мен зерделі көзқарасты талап етеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасында осы құбылыстың анықтамасын қазіргі жағдайға лайықтап белгілеу қажеттігі де айтылған. 3. Нақты өмірлік жағдайдың нақты қылмыс жасаудағы нақты рөлі 

  

Қолайсыз жағдайларда  қалыптасқан адамгершілік қалыптасуының  әсерінен пайда болған адамның тұлғалық теріс қасиеттері белгілі бір  жағдайда қылмыс жасауға әкеп соқтырады. 

Қылмыстық жағдай – тұлғаның әлеуметтік ортадағы өзара әректтестігінің ерекше деңгейі, сонымен бірге адамның адамгершілігі қалыптасу кезінде қолайсыз жағдайларға байланысты қылмыс жасауға мәжбүр болуы. 

Жағдай кең  көлемде болуы мүмкін (мысалы, елдегі қуаңшылық әсерінен егіннің шықпай қалуы) немесе белгілі бір шектелген кеңістікте орын алуы мүмкін – тұрғын-үй дауы. Ол сонымен бірге ұзақ сипатқа (отбасының ыдырауы; берекесіздігі) немесе біржолғы қысқа мерзімді (дүкен кезегінде ұрыс-керіс). Осының бірінші көрінісінде адамның психологиялық өзгеріске ұшырап, жанжалдан қылмысқа дейін жеткенінше, белгілі бір уақыт аралығына дейін жағдай қылмыстан алшақтау болады; екіншісінде –  жағдай мейілінше қысқара түсіп; оның арты қылмысқа айналады. Өзінің әрекет ету көлеміне қарай жағдай бір шеңберден аспайтындай болуы мүмкін – белгілі бір адамдар төңірегінде ғана (ауру-сырқау, ұрыс-керіс, жеке мүлкінің жойылып кетуі), сондай көпшілікке әсер ететіндей көлемде блуы мүмкін (апат, зілзала, ұжымдағы хал-ахуалдың нашарлығы). 

Пайда болу көздеріне  байланысты жағдайды адамдардың өздері жасаған; табиғаттың дүлей күшімен; физикалық құбылыстардың және табиғи заңдылықтармен пайда болған (апатқа ұшырататын ауа райының қолайсыз жағдайы, өрт немесе су тасқыны салдарынан мүліктердің бүлініп-жойылуы)  деп бөлу жолға қойылған. Адамдармен жасалған жағдай кінәлінің өзінің немесе өзге де адамдардың әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған екі жағдайда да бұл әрекеттер заңды, заңға қайшы немесе тіпті қылмыстық болуы мүмкін. Кінәлінің әрекетімен байланысты жағдай қылмыс жасау үшін әдейі ойластырылған болуы немесе ешқандай ниетсіз болуы мүмкін (ішімдік ішіп мас болу, бұзақылық пен жол-көлік апаты салдарынан қылмыс жасуға ұрыну). Өзге адамдарға (кінәліден басқа) байланысты жағдай арасынан виктолмологиялық депе аталатын («виктолмология» – қылмыстың құрбаны туралы ілім) қылмыстан жәбірленген адамдар туғызған жағдай ерекше деп саналады. Дегенмен есте сақтауға тура келеді, қылмыскерге қарағанда жәбірленушінің жағдайы қылмыстық сипатта болу керек, жалпы қылмысқа оның өзі итермелегендей болуы керек. 
 

Криминогенді  жағдайды мазмұнына қарай мынадай  түрлерге бөлу жолға қойылған: 

1) проблемалық  – адамның белгілі бір мақсатқа  жету жолында белгілі бір қиындыққа, бөгетке ұрынуы (мысалы, қалыңдық ата-анасының қызы көп мөлшерде қалың мал сұрауы). 

2) шиеленісті  – кінәлінің мүддесі және алған  бағыты мен өзге адамдардың  немесе мемлекет пен қоғамдық  ұйымдар арасындағы өткір қарама-қай­шылықтар  мен ашықтан-ашық қақтығыстарға байланысты (отбасындағы немесе жұмыс орнындағы шиеленіс, ұрыс-керіс, жанжал, дау-дамай және басқа). 

Кінәліге әсер ету сипатына қарай жағдай мынадай  болуы мүмкін: 

1) экстремальды-ерекше  – белгілі бір адамға күтпеген  жерде ерекше әсер ету (кездейсоқ шабуылға тойтарыс беру үшін қажетті қорғанысты шегі­нен шығарып жіберу); 

2) азғырушы немесе  арандатушы – қылмыс жасауға  мәжбүр етуші, итермелеуші әрекет (ұрлық жасауға мүмкіндік туғызатын  мүліктің қараусыз, күзетсіз қалуы,  жәбірленуші зорлық жасауға мүмкіндік туғызатын қылық); 

3) бәсеңдетуші  – белгілі бір жағдайға негізделген  психологиялық өзгерісті бәсендетеді  (отбасындағы ұрыс-керіспен кейін  жұмысында әріптесіне қатты сөз  айтумен ғана тыну). 

Жеке қылмыстық  мінез-құлық механизмінде жоғарыда айтылған криминогендік жағдайлар қылмыс жасауға себеп туғызып, қылмыстылық қол сұғушылықтың сипаты мен мақсатын анықтауда айтарлықтай рөл атқарады. 
 
 

Қылмыстың жағдайы  адамның қоғамға жат мінез-құлықты  таңдап алу шешіміне әсер ететін барлық мән-жайлардың жиентығы ретінде осы шешімге қолайлылық туғызып қана қоймай, оған қарсы да тұра алады. Осы екі мән-жайдың өзара байланыстарына орай жағдай әртүрлі дәрежедегі қылмыстылық туғызуы мүмкін: қылмысқа итермелеу, арандату немесе тек қана жағдай туғызу, оның, яғни қылмыстың жасалуын жеңілдету немесе қарсы тұрып, жолын кесу. Бірақ адамның әрекетті қалай жасауы тек қана криминогенді жағдайға байланысты емес, опың адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің өзара байланыстарына қатысты. Мәселен, мінезі жақсы адам ерекше қолайсыз, ауыр жағдайда ғана амалсыздан қылмыс жасауы мүмкін. Ал, керісінше мінезі женілтек, әлеуметтік жат мінезді адам (рецидивист-қылмыскер, шектен шыққан маскүнем) кез келген жағдайда қылмыс жасауға жақын тұрады. 

Криминогендік жағдайдың элементтері болып  сонымен бірге қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын мән-жайлар саналады. Кейде жекелеген адамдардың мінез-құлқын жөнге салуда ұйымдастыру жұмыстары, кейде табиғи жағдайлар жетіспей жатады. Мысалы, қоймаларды күзетудің нашарлығы, есеп жүргізу мен бақылаудың жетіспеушілігі, салақтық ұрлық жасауға; жәбірленушінің мас болуы – оны тонауға; ауа райының бұзылуы – күзетіп тұрған жерінен қашып кетуге жағдай туғызады. Мұндай мән-жайлар құқыққа қайшы немесе тіпті қылмыстық сипатқа ие болуы мүмкін (мысалы, баласының бос уақытын қалай өткізіп жүргенінін ата-анасының қадағаламауы, бөтеннің мүлкін күзетуге олақ қарау). Аталған жағдайлар қылмыстың жасалуына тура әсер етпей, тек оған мүмкіндік қана туғызатын болғандықтан қылмыстың себебі емес, шарты болып саналады. Кінәлі оны білмеуі де мүмкін. Дегенмен, мұндай мән-жайлар адамның қылмыс жасаудағы шешіміне әсер ететін болғандықтан, олар жеке адамның қылмыстық мінез-құлқының психологиялық механизмінен орын алады.

Нақты өмірде кездесетін жағдайлар өзінің мазмұнына байланысты проблемалыққа айналуы мүмкін. Проблемалық жағдай – бұл белгілі бір шең­берінде қиындықтары көп, субъектінің мақсат тұтқан кедергілері бар жағдай. Проблемалық жағдайдың абайсыздықта жасалатын қылмыстарда алатын орны ұлан-ғайыр. Мұндай жағдайлар кенеттен, кездейсоқ субъектінің ойлауына, шешім қабылдауына уақыт жетпей қалғанда болады. Проблемалық жағдай көп ретте өте қауіптілігімен сипатталады. Мұндайда оның қауіптілік көздері табиғат күшінен де пайда болуы мүмкін (дауыл, жер сілкінісі, таудағы сел немесе қар көшкіні т.т.). Әрине, мүндай оқиғаны адам өз қолымен жасай алмайтындықтан оған ешкім жауапты емес, бірақ адамдар осындай жағдайда дұрыс әрекет жасамағаны, белгілі бір дәрежеде сақтық шарасын ұйымдастырмағаны үшін жауапты болып саналады. Жағдайдың қауіптілігі үшінші бір адамның әрекетімен де жасалуы мүмкін.

Әдебиеттерде  құрамына қылмыс жасауға жеңілдік жасайтын мән-жайлар қосылған «мүмкіндік туғызатын» криминогендік жағдайлар айырықша көрсетіледі (есеп жүргізудің нашарлығы, күзеттің нашарлығы және басқа).

Нақты өмірлік жағдай өзінің құрылымы жағынан оқиғаның орны, уақыты, климаттық жағдайы сияқты факторлардан тұрады. Мысалы, мәлімет­терге қарағанда қылмыстардың 65 пайызы қалаларда, 30-35 пайызы ауылдық жерлерде, соның ішінде 27 пайызы қоғамдық орындарда жасалады екен. Жыл мауысымы бойынша тамыз айы қылмыстың «шыңына» жеткен  кезі саналса, ал желтоқсан айы қылмыстың ең аз жасалатын кезі екен. Барлық қылмыстардың 87 пайызы күндіз жасалады, соның ішінде 60 пайызға жуығы – қалтаға түсу, 40 пайызға жуығы пәтер тонау.

Дегенмен, қажеттіктің ролін былайша арттыра беруге де болмайды. Өйткені ол қылмысты тікелей тудырмайды, сезім, мүдде, шешім, көзқарас, сенім механизмдері арқылы тудырады. Қасақана қылмыс жасау механизмі, яғни нақты өмірлік жағдайдың бар болуы мынадай үш буыннан турады: а) ниеттілік; б) қылмысты жоспарлау; в) қылмысты орындау.

Ерекше әрекеттің  өзі бастапқы мінез-құлық бағалаусыз, бақылаусыз әрекетке айналған кезде  рефлекторлық, инстинктілі (дәлелсіз) және импуль­сивті актілер арқылы саналылықпен жасалған деп танылады. Ерікті әрекеттің мазмұны оның ниетімен және мақсатымен анықталады. Ерікті әрекет жасауға ішкі процесс – ниеттілік ықпал жасайды. Сондықтан талап адаммен ниет деп бағаланса, ал оны жүзеге асыру мақсатпен реттеледі.

Мақсат –  ниетті жүзеге асырудың өзіндік жолы. Басқаша айтқанда – бұл алдын ала болжау мен соны тілеудің нәтижесі. Бұл – ішкі ойдың «нәти­желі моделі». Нәтиже мақсатқа байланысты болады. Ол тікелей және жанама болуы да мүмкін. Тікелей нәтиже – бұл мақсаттың құрамына енеді, ол орындалуы немесе орындалмауы мүмкін (қастандық). Жанама нәтижеге мақсат «асыра орындалғанда» қол жеткізуге болады. Негізгі және ойласты­рылған мақсаттан басқа адамның іс-әрекетінде күтпеген, кездейсоқ қылықтар да кездесіп қалуы мүмкін.  

Информация о работе ҚР қылмыстылық және оның себептері