ҚР қаржылық стратегиясын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 09:52, дипломная работа

Описание работы

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының теориялық аспектілері....................8
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.........................................................................................................................8
Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары..............................14
Қаржылық стратегияның қалыптастыру кезеңдері мен механизмі................21
2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау..................35
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау..........................................................................................................................35
2.2 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау.................42
2.3 «Восток Молоко» корпорациясының іскерлік белсенділігі мен тоқырауға ұшырауын талдау......................................................................................................48
«Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру........51
3.1 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегия матрицасын қолдану.......................................................................................................................51
3.2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын оңтайландыру.............................................................................................................55
3.3 Жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі.........................................59
Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................65
Қосымшалар..............................................................................................................67

Работа содержит 1 файл

қаржылық.doc

— 746.50 Кб (Скачать)

     С. Кузнецов (47, б.35) бойынша  миссияны анықтау  кәсіпорынның қызметінің функционалдығының негізгі идеясын анықтайды, сонымен қатар кәсіпорынның  бөлімшелерінің алдына нақты мақсаттарды қою.  
И.П. Кислицын (20, б.190) бойынша миссия дегеніміз - бұл кәсіпорынның болашақта қандай болу керек екенін көру дегенді білдіреді.  
О.С. Виханский мен А.И. Наумов миссия дегеніміз - кең мағынада  ұйымның өмір сүруі, тар мағынада ұйымның не үшін және қандай мақсатта құрылғанын, яғни миссия бұл ұйымның өмір сүру қажеттілігін көрсетеді және оның өзге ұйымдардан айырмашылығын көрсетеді деп санайды. Біз О.С. Виханский мен А.И. Наумовтың  ойымен келісеміз, бұл  ұғымның нақты және түсінікті мағынасын көрсетеді.

     Егер  миссия жалпы ориентацияны көрсетсе, ұйымның функциялық бағытын, оның өмір сүруін мәнін көрсетсе, ал нақты дәл осы мерзімде және оның соңғы көрінісі мақсат ретінде болады, ол И.П. Кислицинамен (20, б.190)  белгілі бір нәтижеге алуды анықтайды деп санайды. Біз О.С. Виханский мен А.И. Наумовтың  ойымен келісеміз, ұйымның жеке сипаттамасындағы жағдайларының нақты мақсаты, оларға жету үшін қызметін бағыттайды.

     О.С. Виханский мен А.И. Наумов бойынша негізгі мақсаты ұйымның даму мақсаттары болып табылады, яғни сату көлемінің темптерінің өзгеру мен толықтай саланың және ұйымның табысының арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Осы қатынасқа байланысты ұйымның даму темпі жылдам, тұрақты немесе қысқарғаны болуы мүмкін. Осы типтарға сәйкес даму темпі үшін жылдам даму мақсаты,  тұрақты даму мақсаты мен қысқарту мақсатын қалыптастыруған болады. Е.А. Иванов  келесідей типтерді көрсетеді: табысты мотивациялау, рационалды қызмет, максималды табыс, нарықтың белгілі үлесін алу мақсаты, ұзақ мерзімді мақсаттар,  персоналды мақсаттар, әлеуметтік жауапкершілікті, даму мен диверсификация мақсаты.  
И.А. Бланк келесідей мақсаттарды көрсетеді: табысты максималдау моделі, трансакциондық шығындарды минималдау, сату көлемін максималдау, кәсіпорынның нарықтық бағасын максимизациялау моделі (24, б.122-139).

     Көп жағдайда мақсатқа жетудің жолын  таңдауда оның сол мақсаттың қалайтын нәтижесіне жете алуына тәуелді болады. Мақсаттар бойынша дұрыс шешемідермен қатар мақсатқа жетуде стратегиялық дұрыс шешімдерде маңызды. Соған байланысты миссия мен мақсаттарды анықтаудан соң стратегияны таңдау мен талдау кезеңі басталады.

     О.С. Виханский мен А.И. Наумов келесідей базистік немесе эталондық стратегияны көрсетеді:

     1 бағытты даму стратегиясы: нарықта  позицияның  күшейуі, нарықта  даму стратегиясы, өнімді дамыту  стратегиясы;

     2 интегрирленген даму стратегиясы:  кері вертикалды интеграциялық стратегия, алға жылжу вертикалды интеграция стратегиясы;

  1. диверсификацияланған даму стратегиясы: орталықтандырылған диверсификация стратегиясы, көлденең диверсификацияланған стратегия, конгломентирленген диверсификация стратегиясы;
  2. қысқарту стратегясы: «өнімді жинау» стратегиясы, ликвидация стратегисы, қысқарту стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы;
  3. комбинирленген стратегия.

     И.А. Бланк екінші және үшінші топтағы стратегияны қосып оны жылдамдатылған стратегия деп атайды. Сонымен қатар, И.А. Бланктың зерттеу нәтижесі бойынша келесідей қаржылық қызметтің доминантты сфераны (бағыттарды)  көрсетті: кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру стратегиясы, кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы, кәсіпорынды қаржылық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету стратегиясы, кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару стратегиясы. В.А Горемыкин келесідей стратегияларды көрсетеді: даму стратегиясы, шектелген даму стратегиясы, қысқарту стратегиясы, комбинирленген стратегия, қоржындық стратегия, диверсификация стратегиясы мен өнімнің диверсификация стратегиясы.

     Барлық  қаржылық стратегияны жүзеге асыру  құралы  дұрыс қалыптастырылған қажылық саясат болып табылады.  В.А. Слепов пен  
Е.И. Громов (55, б.50) қаржылық саясат дегеніміз – бұл жалпы қаржылық идеология, яғни кәсіпорынның жалпы экономикалық мақсатқа жету үшін кәсіпорынның ұстанатын таңдалған шаралар. В.А. Слепов  (54, б.56) қаржылық саясат ұғымына бірнеше модифицирленген және нақтыланған анықтама береді, қаржылық саясат дегеніміз - мақсатты қойылымдар мен мақсатқа жету үшін кәсіпорынның  қаржылық дамуының мүмкіндіктері болып табылады.  
И.А. Бланк (24,б.151)  бойынша қаржылық саясат  қаржылық филисофияның жүзеге асу формасы мен қаржылық қызметтің маңызды аспектілерінде кәсіпорынның басты қаржылық стратегиясын көрсетеді. Біз З.А. Круш пен  
Л.В. Лущикова берген анықтамасымен келісеміз,  қаржылық саясат дегеніміз- кәсіпорынмен таңдалған стратегиялар мен тактикалық мақсаттар мен мәселелер, сонымен қатар әдістер мен оларға жетудің тәсілдерімен байланысты жиынтық.

     Қаржылық менеджменттің жоғарғы деңгейі сапалы бағалық және дивиденттік саясаттың, табысқа қатысты саясат, айналым қаражаттарын басқару саясаты мен оларды қаржыландру көздері, инвестиция мен оларды қаржыландыру көздері, амортизация, несие мен инновациялық саясат, сонымен қатар капитал мен ақша ағымын басқару саясатын қалыптастыру жағдайымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

     Біздің  ойымызша, әр бір кәсіпорын қаржылық саясаттың бір бөлігі ретінде бағалық саясатты  қалыптастыру маңызды орын алады, себебі бағаны қалыптастыру стратегиясын дұрыс таңдалуы кәсіпорынның коммерциялық қызметінің перспективасының тиімділігі көрсетеді. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынасы өнімді нарықтық бағамен сату кезінде ғана пайда болады. Нарықтың максималды үлесін алу, жоспарланған табыс көлемін алу мен стратегиялық және тактикалық мәселелерді ұтымды шешу үшін өнімге сәйкесінше баға қою және нарықтық жағдайларға байланысты бағалармен варировать ету керек.

     Өнімді  сатқан соң табысты анықтауға болады, соған байланысты  
З.А. Круш пен Л.С. Шохина келесідей стратегиялық мақсаттарды көрсетеді: табысты максимизациялау, қажетті табысты алу және табыс басты мақсат болып табылмайтын кәсіпорындар үшін де. Бұл стратегияның түрлері қызметтің түрі мен сипаттамасын таңдауда, өнімді өткізу жолдары, сатып алушылар мен жеткізушілер, жұмысшылар мен қызметкерлер, күтпеген жағдайлардан сақтау көлемі мен әдісі, өнімнің өзіндік құнды қалыптастыру, бағаны болжау және т.б. факторлардың анықтаушысы болып табылады.

     Теорияда  және практикада стратегиялық жоспарлау мен басқаруды қалыптастыру мен әр түрлі стратегиялық моделдер қолданылады, яғни қойылған мақсатқа жету үшін нұсқалардың бірін таңдау. Ең белгілі моделдер келесілер:

  • И. Ансоффтың мүмкіндіктер матрицасы, нарықта үлесін сақтап қалу мен кеңейтуге байланысты негізгі төрт стратегия (нарыққа ену стратегиясы, нарықта даму стратегиясы, жаңа тауарларды шығару стратегиясы, диверсификация стратегиясы) нұсқасын қолдануды  қарастырады.
  • «нарық-өнім» матрицасы, А. Стейнер бойынша.  Бұл матрицаны қолдануды А.Н. Петров (56, б.159-160)  ұсынады.
  • М.Портердің бәсекелестер стратегиясының моделі. Бұл модельді  
    А.Н. Петров, В.В. Панков, қолдануды ұсынады.
  • А. Круш пен Л.В. Лущикова, Ж. Франшон мен И. Романе мен құрастырылған және Е.С. Стояновамен толықтай сипатталған қаржылық стратегия матрицасына көп көңіл бөледі.

     Кәсіпорын өзінің жалпы және қаржылық стратегиясын нақты анқтағаннаң соң оны жүзеге асыру процессіне өтеді, оның негізгі мәселесі стратегияны ұтымды жүзеге асырудың алғышарттарын жасау.

     Стратегиялық  басқаруда стратегияның жүзеге асуын бағалау мен бақылау  қорытындылаушы процессі болып табылады. Стратегияны бақылау стратегияны жүзеге асырудың қаншалықты мөлшерде фирманың мақсаттарына жететінін көрсетеді. Сонымен қатар, стратегиялық бақылау қабылданған стратегияның ары қарай жүзеге асырудың  мүмкіндігі мен қойылған мақсаттарға жетуді жүзге асыратнын қарастырады.

     Кәсіпорын шеңберінде қаржылық стратегияны идентификациялаудың  қажеттігі келесіде:

  • әр түрлі нарықты қамту, соның ішінде қаржы нарығындағы ірі кәсіпорынның қызметін дивесификациялау.
  • қаржылық стратегия жобаларын құрудағы қажеттілік;
  • барлық кәсіпорындардың стратегиялық бағдарлау және бағалау  үшін бірегей және соңғы мақсат – қаржылық тиімділікті максимилизациялау болып табылады;
  • дүние жүзілік және ұлттық қаржылық нарықтың дамуымен кәсіпорынның өмір сүруінің қаржылық рөлін нығайту үшін капиталды табысты орналастыру мен қаржылық ресурстарын байланыстыру қажет.

     Қаржылық  стратегияның стратегиялық мақсаты - нақты көрсетілген бағдарламалар мен қосымша қаржылық мәселелер кешенімен қамтамасыз етіледі. Қаржылық нарықтың конъюктурасы мен даму тенденциясының өзгеруін ескере отырып, кәсіпорындардың негізделетін қаржылық құралдардың жоғарғы инновациялық деңгейі және қоғамдағы әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық процестердің өзгеруіне байланысты қаржылық стратегияны жүзеге асыру жобасы мен бағдарламасын қалыптастырудың негізгі бағыттарын анықтау қажет.

     Соның ішінде:

  • кәсіпорынның перспективалы жұмыс істеуі үшін мақсатты нарық сегементі мен басымдылығы жоғары қаржылық нарықты анықтау, бұл кәсіпорынның мақсатты даму блогының болуы мен бар ақпарат базасын өңдеу;
  • қаржыландырудың тұрақты көзін қалыптастыру мен таңдау;
  • ұзақ мерзімді кезеңде кәсіпорның мердігерлер мен жеткізушілермен тиімді қарым қатынаста жұмыс істеу үшін қаржылық институт таңдау;
  • кәсіпорынныңң стратегиясымен шарттасқан, бизнестің даму бағытының басымдылығына сәйкес ұазақ мерзімді инвестициялық бағдарлама құрастыру;
  • болашақта кәсіпорынның нарықтық бағасы мен кәсіпорынның шығаратын бағалы қағаздар бағамының тұрақты өсуіне жағдай жасау;
  • баға қалыптастырудың трансфертті механизмы мен кәсіпорынның ішкі қаржылық ағымын жетілдіру мен қалыптастыру;
  • басқа да басқарушылық функцияны орталықсыздандыру мен шарттасқан қаржылық басқаруды орталықтандырудың тиімді стратегиялық бағдарлама позициясын қалыптастыру;
  • кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлауда кәсіпорның тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздіктің қаржылық индикаторын есептеуді болжау.
 
 
  
    1.  Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары
 

     Кәсіпорының қаржылық стратегиясы перспективалы мақсаттарға жету үшін  қажетті кәсіпорынның қаржылық ресурстарының потенциалын қолдану мен құрастыру саласындағы дамуының жалпы концепциясына байланысты іс шаралардың күрделі көп факторлы үлгісін көрсетеді.

     Қаржылық  стратегияның экономикалық мәні қаржы саласында іскерлік қарым-қатынастарды жүзеге асыру барысында өз ара байланыста кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынастағы экономикалық субъектілер мен  мемлекеттік органдарымен шарттасқан.

     Кәсіпорынның  қаржылық концепция базасын құрастыру  кәсіпорынның ақша айналымын тиімді басқаруымен байланысты және ақша қаражаттарын белгілі бір пропорциясында қалыптастыру мен қаржылық ресурстарды мақсатты жұмылдыруды жүзеге асырады.

     Қаржылық  стратегияның түрлері: бас қаржылық стратегия, жедел қаржылық стратегия  және жеке стратегиялық мәселелер (сурет 2).

  • бас қаржылық стратегия – кәсіпорынның қызметін анықтайдын қаржылық.Мысалға, барлық бюджет деңгейлерімен ара қатынасы, кәсіпорынның табысын қолдану мен қалыптастыру, қаржылық стратегияның қажеттілігі мен оны бір жылға қалыптастыру стратегияны атайды.
  • жедел қаржылық стратегия – қаржылық ресуртармен маневрлеудің ағымдағы стратегиясы, яғни қазіргі экономикалық тұрақсыздық жағдайлардың ішкі резервтерді мобилизациялау мен шығындарды бақылау стратегиясы, айға, тоқсанға құрастырылады.
 

 

Сурет 2. Қаржылық стратегияның түрлері 

    Жедел қаржылық стратегия:

  • қаражаттардың түсімі мен жалпы табыс: сатылған өнім үшін есептесу, кредиттік операциялар бойынша түсімдер, бағалы қағаздардан түcкен табыс;
  • жалпы шығындар: жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу, еңбекақы, бюджеттің барлық деңгейлері мен банктердің алдындағы міндеттемелерін өтеу.

     Бұндай  әдіс жоспарлы кезеңде ақша айналымы, түсімдер мен шығындарды болжауға мүмкіндік  береді. Қалыпты жағдай болып шығындар мен табыстырдың теңдігі немесе шығындардың табыстардан көп болуы.  
Жедел қаржылық стратегия бас қаржылық стратегияның шегінде шығарылады.

Информация о работе ҚР қаржылық стратегиясын анықтау