Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 18:23, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.
Кіріспе...........................................................................................
1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің
ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан
екі факторды есепке алған жөн: ішкі және
сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның
өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық
сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық
және салалық деп бөлуге болады.
1
– сурет. Ортаның бизнеске
макроықпалы
Экономикалық
факторлар |
Бизнесті мемлекеттік реттеу | |||
Ортаның бизнеске макро ықпалы | ||||
Әлеуметтік факторлар | Технологиялық
факторлар | |||
Ресурстық факторлар |
Ішкі
немесе бақыланатын факторларға
кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды
жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне
келейік.
АҚШ – ғы шағын бизнес .
Әдетте
америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың
санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар
– 20 адамға дейін жұмысшылары бар,
шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден
499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет).
Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады:
бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу
саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар
фирмалар шағынға жатады.
2 – сурет.
АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі
Фирма көлемі | Фирма саны |
Ірі | 1000 |
Орташа | 134000 |
Шағын | 2000000 |
Шағын кеңселер | 3000000 |
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.
Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:
Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Әдетте
бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа
бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда
орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал
– жабдықтарды бірігіп қолданып
ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-
Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:
а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;
б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);
в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;
Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.
Америка
Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың
90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар,
олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар
құру және дамыту. Қазақстан экономикалық
дамуының қазіргі кезеңінде бизнес –
инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек
дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар
коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік
және мемлекеттік емес демеушілер есебінен
қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын
қаржы көздерін табу. Соған қарамастан,
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес
– инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы
жоғары эффективті кәсіпорындар болып
табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес
– инкубаторларды құруда маңызды болып
табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру
көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік,
университеттік және жеке деп бөлінеді.
Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды
әдісі болды.
Ұлыбританиядағы
шағын бизнес.
Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Үкімет
шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік
қызметтің әлеуметтік – экономикалық
шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал
етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек
заңдары саласындағы шаралар), сонымен
бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық,
құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды.
1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға
оларды басқару мәселелері бойынша көмек
беруге мамандандырылған фирмалардың
қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын
кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес
берушілер танысып, кеңес берумен ғана
шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының
фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл
көмектің болуы және орта және шағын бизнестің
даму стратегиясының болуы бұл саланың
Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.
Франциядағы
шағын бизнес.
Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі – 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:
-
«Франциядағы ұсақ және орташа
кәсіпорындары» және «шағын
Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:
1.
Кәсіпорын территориялық
2.
Кәсіпорынның қалпына келу
Жобаны
қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін
жобаның басында ұсынады, ал қалған бөлігін
– жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік
төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция
Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік
меншік субъъектілеріне салықты қысқарту
қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму
орталықтарын құруды білдіреді.
Израильдегі
шағын бизнес.
60
ж. бастап Израилде
Информация о работе ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары