Позитивті және нормативті талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 07:27, доклад

Описание работы

Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады.

Работа содержит 1 файл

Позитивті және нормативті талдау.docx

— 16.20 Кб (Скачать)

Позитивті  және нормативті талдау

Макроэкономика  теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні - үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол "берілген" шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макро талдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сиякты ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге белеміз:

1-кезенде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  шешім қабылдауын зерттеушілер  теория деңгейінде қарастырады.  Содан соң микроэкономикалық  құралдарды пайдаланып, фирмаларды  әр түрлі экономикалық жағдайларға  байланысты қарастырады;

2-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  жиынтық шешімдерін қарастыра  отырып, жалпы экономикалық  беталыстар талдауға түседі. Бұл кезенде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3-кезеңде  макроэкономикалық акпаратты талдау  жә-не жинау арқылы теорияның  нақты мағынасы қарасты-рылады. Макроэкономика - макроэкономикалык теория мен  агрегатталған акпаратгардың ортасындағы  байланысты нысандык тәсілмен зерттеуді карастыратын ерекше ғылым.

Макроэкономикалык талдау және саясат тыгыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айныма-лылардың бірқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқигалардын экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалык саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті экономика аркылы экономист "егер ... болса, онда ... болады" деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен және сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Позитива талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды. Позитивті талдау қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы  салыстырмалы түрде бағалылырақ  екенін білу үшін оларды бағалау қажет. Балама шешімнің негізгі шешіммен салыстырғанда қаншалықты дұрыс не теріс екенін нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: "мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс", "осындай саясатты жүргізу оңды болады". Мысалға: "Еркін сауданы шектейтін саясат тоқтатылғаны дұрыс" деген тұжырымда еркін сауданың болуының дұрыстығы жайында пікір қорытылады. Нормативті талдаудан шыққан тұжырымдарды фактілермен растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен болжам түрінде емес, бұйрық түрінде болады. Сонымен нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау деп айтсақ та болады.

Макроэкономика - экономиканы бір үлкен бүтін  құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді  біріктіре отырып, жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық  динамикасын өлшеу үшін баға индексі  қолданылады. Макроэкономиканың негізгі  мақсаты жеке фирмалардың дамуын қарастыру ғана емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан  тұратынын айтқанымыз жөн. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының  нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономика дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Макроэкономика  ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді ме? Қарастырып отырған  мемлекеттегі халықтың қор жинағының  мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде  инфляция бар, ал тағы біреулерінде он жоқ? Міне, осындай және тағы басқа  да сұрақтарға макроэкономика жауап  береді.

Экономикалық  өсу халық санының артуы және техникалык прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады.  Осы факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлеуетті өндіріс көлемінің динамикасын  анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика  осы негізгі траекториядан ауытқып  отырады. Сол себепті тұрақты  экономикалық өсуді қамтамасыз ету  үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.

Жалпы, экономика  ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика — фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика - экономиканың инфляция, жұмыссыздык, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құблыстарын зерттейтін бөлігі.

Макроэкономика  экономиканың жалпы проблемаларын  зерттейді және жиынтық көрсеткіштер пайдаланады, олар: ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық тұтыну, инвестиция, жалпы  баға деңгейі, жұмыссыздық, мемлекеттің  қарызы және тағы басқалар.

Макроэкономика зерттейтін негізгі  проблемалар:

  • экономиканың өсу қарқыны және факторлары;
  • экономикалық цикл және оның себептері;
  • жұмыспсп қамтылу және жұмыссыздық;
  • инфляция жәнс жалпы баға деңгейі;
  • ақша айналымы және пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
  • мемлекет бюджетінің жағдайы және бюджет тапшылығын қаржыландыру;
  • Валюта бағамы және төлем балансы.

Макроэкономика пәнін оқып үйренудің  маңыздылығы:

  • ділігін аныктайды, экономикадағы себеп-салдар байланысын зерттейді; макроэкономикалық үрдістер мен құбылыстарды баяндап қана қоймай,  заңдылықтар мен  макроэкономикалық көрсеткіштердің бір-біріне тәуелсіз  макроэкономикалық тәуелділіктер және бір-бірімен байланыстарын білу экономикадағы қалыптасқан жағдайды, бұл жағдайды жақсарту үшін үкімет қандай шаралар қолдануы қажет, яғни экономикалық саясат қағидаларын жасауы қажет;
  • макроэкономикалық білім экономикалық проблемалар болашақта қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.

Макроэкономика  төрт макроэкономикалық агентті, атап айтқанда - үй шаруашылығын, фирмаларды, мемлекетті, шет мемлекетінің секторын қамтиды.


Информация о работе Позитивті және нормативті талдау