Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 18:52, реферат
Германия Федерациялық Республика бұл мемлекет саяси және экономикалық құрылымның әр түрлi кезеңдерiн басынан кешірген, бiрнеше рет әлемдiк соғыстардың нәтижесінде қираудан өтіп, шақырылған көтерiлдi, бейнеленген әлеуметтiк бағыты бар экономикалық қуатты мемлекет болып өсті. Орталықтандырылғанылған қаржы жүйесі бар мемлекеттердiң қатарына Германия да жатады. Бұл мемлекетте салық салудың негізі бекітілген Конституцияның орны, әр түрлi деңгей бюджеттердiң арасындағы салық табыстарының бөлiну реттейтiн (федералды, жер, жергiлiктi ) және де бөлiнуге кiрiс көздерi түгелдей дерлiктердi жатады
Жергілікті жер үлесіне тиетін ҚҚС-ның көлемі үзақ мерзімге бекітіледі және оған өзгерістер енгізу үшін нақты себептер қажет. Мысалы, 1992-1995 жылдары бұл үлес 33% болған, ал екі Германияның бірігуі салдарынан жаңа шығыс жерлерін қаржыландыру қажеттігінен ол көрсеткіш 44 % болды.
Мұндай теңестірудің мақсаты - Германия территориясындағы жұртшылықтың материалдық деңгейін барынша теңестіру болып табылады.
Ұлттық деңгейдегі аса маңызды міндеттердің бірқатарын федералды үкімет пен жергілікті жер бірлесе отырып жоспарлайды және қаржыландырады. Мұндай мақсаттарға жататыны: экономиканың аймақтық құрылымын, аграрлық сектор құрылымын жетілдіру, алынған аймақты күзету, университет корпустарының құрылысы.
Жергілікті билік органдарының аса маңызды күрделі инвестициялық жобаларына федералды үкімет субсидия түрінде көмек беру жолдарымен араласа алады. Олар мына мақсаттарға бағытталады:
• жалпы экономикалық тұрақтылыққа, қауіп төнген жағдайда, сол қауіптің көзін жою немесе болдырмау жолдары;
• экономикалық дамудағы аймақтық айырмашылықтарды теңестіру;
• экономикалық өсуді әрмен қарай жалғастыру мақсатында шаралар қабылдау;
Жалпы міндеттердің барлық шешімі федералды үкімет пен жергілікті жерлердің көпшілігінің мақұлдауы, яғни бір келісімге келумен шешіледі.
Ата заңға сәйкес қалалар мен қауымдастықтар өз істерімен өздері айналысуға құқылы. Дегенмен, жергілікті органдар мына істер үшін жауапты: жергілікті жол құрылысына, энергиямен қамтамасыз ету, табиғи газ бен судың берілуі, канализация құрылымы жағдайында, мектеп, театр, музей, аурухана, спорттық ғимараттар құрылысына және олардың жөнделуіне. Жергілікті органдар сонымен қатар әлеуметтік көмектер де береді.
Қаржы ресурстарын бюджеттік қайта бөлу мемлекеттің экономикаға әсер етуінің маңызды құралы. 80-ші жылдардан бастап салықтар мен шығындардың құрылымы қайта қарастырылган болатын. Осылайша әлеуметтік бағдарлама шығындары қысқартылып, әскери мұқтаждықтың шығындары жоғарылаған еді.
Үкіметтің әскери бағыттағы шығындарының жалпы бюджеттік шығыстардағы үлес салмағы 19,2%.
80-ші жылдан бастап әлеуметтік сақтандыру жарналары да жылдам жоғарылап кетті. Салық жүйесіндегі бұл салықтық үлесі 35-36% дейін жетеді. 70-ші жылдардың ортасынан бастап Германия шетелдік инвестициялау көлемін бірден өсіріп, капиталдың сыртқа шығуы ішке кіруінен әлдеқайда арта түседі. Неміс инвесторларының капиталдарын шетел экономикасына белсенді түрде салуы. Мысалы, 1996-1997 жж. Германия үшін тікелей инвестицияның кері, жағымсыз сальдосы шамамен 40,6 жэне 47,3 млрд марканы құрады.
Ал, 1986-1987 жж, яғни 10 жыл ішінде ГФР экономикасына 31,2 млрд доллар тікелей инвестиция құйылған.
Германияның мемлекеттік құнды қағаздар нарығы - АҚШ, Жапония және Ұлыбританиядан кейінгі әлемдегі төртінші ірі халықаралық үкіметтік міндеттемелердің нарығы.
Мемлекеттік қарызды қаржыландыру үшін федералды үкімет құнды қағаздардың мына түрлерін шығарады: мемлекет облигацияларын; федералды облигациялар; борыштық сертификаттар; федералдық кассалық облигациялар; жинақ серти-фикаттары; қазынашылық қаржылық міндеттемелер; пайызсыз қазынашылық сертификаттар. Осы аты аталған құнды қағаздардың ішінде мемлекет облигациялары ең өтімді әрі сапалы.Германия облигацияларының жоғары сапалығымен қоса тартымды артықшылыгы сол, төленетін пайыздарға салық салынбайды. Бұл облигациялар 10 жыл мерзімге шығарылады.
Жоғарыдағылармен қоса ел экономикасына банк саласы да өз үлесін аз қоспайды.
Бүгінде ГФР-да 4000 жуық несие мекемелері қызмет етуде, олардың шамамен 45000 бөлімшелері бар. Халық саны 80 млн екендігін ескерсек, орта есеппен алғанда әрбір банк бөлімшесі 1600-ге жуық адамға қызмет көрсетеді.
Әмбебап банктерді 3 топқа бөлуге болады:
• 350-ге жуық жеке коммерциялық банктер;
• 700-ден астам жариялы-құқықтық несие мекемелері (жинақ кассалары мен жергілікті банктері)
• 3000-ға жуық кооперативті банктер.
Жоғарыдағы мәселелерді қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады, болашаққа деген болжамға сенетін болсақ және Швейцарияның басқаруды дамыту институтының берген талдауы мен бағасына сай Германия XXI ғасырдың 20-30 жылдары АҚШ, Жапония, Қытай елдері сияқты алдыңғы үздік елдер қатарынан ойып орын алуы тиіс.