Персоналды баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:01, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Менеджмент және кадрларды дайындаудың теориялық негіздері.......5
Менеджер туралы түсінік және оның маңызы...............................................5
Жұмысшылар мен қызметкерлердің «өмірлік жал» жүйесі..........................7
1.3 Басқару стилінің түсінігі...................................................................................9


Жапонияда персоналдарды басқару..........................................................11
2.1 Басқарудың жапондық типінің түрлері.........................................................11
Жапония мемлекетінде кадрларды дайындау ерекшеліктері.....................13
Жапондық менеджментте қызметшілерді басқару жүйесі..........................16
Жапондық кәсіпкерлердің басқару жүйесін ұйымдастыруы......................18

Жапондық және американдық менеджменттерді салыстырмалы сараптау және жетілдіру.....................................................................................20
Еңбекке ақы төлеу және ынталандыру ерекшелікері..................................20
Жапония мен АҚШ мемлекеттерінде менеджер кадрларын дайындау және қайта дайындау......................................................................................................21
Шетел кәсіпорындарында персоналды стратегиялық басқару тәжірибелері және жетілдіру жолдары.......................................................................................25
Американдық және жапондық басқару үлгілерін салыстырмалы сипаттау арқылы жетілдіру....…………………………...…………………….…………..27

Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

personaldy_baskaru.doc

— 232.50 Кб (Скачать)

Персоналды басқару  жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы – бұл персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы.

Песоналды басқару жүйесінің  ұйымдастырушылық құрылымын жасау  келесі кезеңдерден тұрады:

  • персоналды басқару жүйесінің мақсатын қалыптастыру;
  • басқару функциясының құрамын анықтау;
  • басқару функциясының құрамын қалыптастыру;
  • ұйымдастырушылық құрылымның кіші жүйелер құрамын қалыптастыру;
  • барлық деңгейдегі бөлімшелердің мамандары мен жетекшілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтау;
  • кіші жүйелер арасында байланыстарды бекіту;
  • бөлімшелердің саны мен атқаратын функцияларының еңбек сыймдылығын есептеу;
  • ұйымдастырушылық құрылымның кескін үйлесімін (конфигурациясын) құру.

Персоналды басқару  жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын  құру процесіндегі маңызды кезең  – оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет.

Құрылымдық байланыстың  төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну (тікелей әкімшілік  жасау); функционалды жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыз ету, басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге атқару); функционалды қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқа да жұмыстар).

Персоналды басқару  жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды:

  1. басқару аппаратының мамандар тобын;
  2. басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;
  3. персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін;
  4. еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын;
  5. құқықтық негізін;
  6. персоналды басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық процестерді басқарудың бағдарламалар жиынтығын.

Жалпы алғанда, персоналды басқару – ұйымда қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады.

Персоналды басқару  жүйесін құру қағидалары. Басқару  қағидалары – басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге  алатын идеялар, заңдылықтар және мінез – құлқының тәртібі. Басқару менеджментінде негізгі қағидалар болып табылатындар:

  • басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың ұтымды үйлесімі;
  • басқарушылық шешімдерді қабылдауда өкілеттікті ұтымды пайдалану;
  • басқарудағы жеке басшылық пен алқалылықты дұрыс пайдалану;
  • басқарудың ғылыми негізділігі;
  • жоспарлаушылық, яғни ұйымның келешектегі дамуының негізгі бағыттарын, мәселелерін, жоспарларын белгілеу;
  • құқықтардың, міндетттемелердің және жауапкершіліктердің үйлесуі, яғни ұйымдағы әрбір адам нақты жұмыстармен қамтылады да, оның орындалуына жауап береді;
  • мотивация, яғни менеджерлер марапаттау және жазалау жүйесін неғұрлым ұқыпты жүргізген сайын мотивация бағдарламасын тиімді орындап, ұйымның және жеке бастың мақсаттарына жету үшін әр адамның әрекетін (қабілетін) ояту;
  • басқаруды демократизациялау – барлық қызметкерлердің ұжымды басқаруға қатысуы;
  • персоналды басқару жүйесін қалыптастыруда қойылатын талаптарды сипаттайтын қағидалар;
  • персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар.

Персоналды басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады.

 

 

1.2 Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы

 

Персоналды  басқарудың құрамы. Бөлімшелер – персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы ретінде қарастырылады

Ұйымда персоналды басқару бойынша  негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар  бөлімі болып табылады. Ол кадрларды  жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.

Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді  шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару  бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.

Кіші және орта ұйымдарды  персоналды басқару жөніндегі көп  функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды орындайтын жеке өзіндік құрылымдық бөлімшелер қалыптастырады.

Кәсіпорынның персоналын басқару өзара байланысқан іс - әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:

  1. кәсіпорын іс - әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;
  2. еңбек нарығын талдау және жұмысбастылықты басқару;
  3. персоналды іріктеу және бейімдеу;
  4. кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;
  5. еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қаматасыз ету, соның ішінде әрбір адам үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;
  6. өндірістік процестерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен нәтижелерін талдау, құрал – жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту;
  7. еңбек өнімділігін басқару;
  8. тиімді іс - әрекетті мотивациялау жүйесін жасау;
  9. еңбекақы төлеу жүйесін жобалау;
  10. кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;
  11. дау-жанжалдан сақтау және болдырмау.

Персоналды басқару  аспектілері:

  • техникалық – технологиялық аспект нақты өндірістің даму деңгейін, әсіресе ондағы қолданылатын техника мен технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін ұйғарады;
  • ұйымдастырушылық-экономикалық аспект жұмыскерлердің саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақын пайдалану және т.б.с.с. қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
  • құқықтық аспект персоналмен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәселелерін қарастырады;
  • әлеуметтік – психологиялық аспект персоналды басқаруда әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді, жұмыс істеу тәжірибесіне әр түрлі әлеуметтік және психологиялық процедураларды енгізуге байланысты мәселелерді қарастырады;
  • педагогикалық аспект персоналдарды тәрбиелеу және оқытуға байланысты мәселелерді қарастырады.

Персоналды басқару  тұжырымдамасы – персоналды басқару мәнін, мазмұнын, мақсатын, мәселелерін, критерийлерін, қағидалары мен тәсілдерін түсіну және анықтаудың теориялық - әдістемелік көзқарастарының жүйесі, сонымен қатар, ұйымның нақты жағдайларда әрекет ету механизмін қалыптастыруда ұйымдастырушылық – тәжірибелік тәсілдері. Оған жататындар:

  • персоналды басқарудың әдістемесін жасау;
  • персоналды басқару жүйесін қалдыптастыру;
  • персоналды басқару технологиясын жасау.

«Адам қорларын басқару  » тұжырымдамасының шеңберінде персонал негізгі капиталға «теңестіру құқығына»  ие және оған жұмсалатын шығын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырылады; кадрлық жоспарлау өндіріспен үйлеседі және қызметкерлер корпорациялық стратегиялардың объектісі болады; еңбекті топпен ұйымдастыру белсенді енгізіледі; сондықтан да бар күш команда құруға, адамдардың қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталады; кадрлық қызметтер ұйымдастырушылық және талдау-сараптау мәселелерін шешеді; сонымен қатар, компаниядща қызметкерлердің меңгеруін жетілдіру мақсатында бөлімше жетекшілеріне қолдау көрсетіледі.

Персоналды басқару  тұжырымдамасының «ұлттық нақышы»  бар деп есептелінеді. Мысалы, АҚШ – та ол прагматикалық түрде; адам мұқият сақтықпен қарайтын және салымдарды толық қайтара алатын ресурс есебінде қарастырылады, ал Жапонияда  адам тек ресурс қана емес, сонымен бірге өз бетінше құндылық; бұл жерде корпорациялық мәдениет пен ұйымдастырушылық бағалылықтардың рөлі айтарлықтай жоғары. Қазақстанда персонал өзінің нағыз тұжырымдамасына әлі «қолы жеткен жоқ», бірақ отандық дәстүрлі көзқарас әрбір персоналды «өгей бала» түрінде қарау қалыптасқан.

Персоналды басқару  әдістері – бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.

Персоналды басқару  әдістері төмендегіше топтастырылады:

  • ұйымдастырушы - әкімшілік;
  • экономикалық;
  • әлеуметтік-психологиялық.

Ұйымдастырушы-әкімшілік  әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі  бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларға еңбек ету керек екенін түсінген саналы себепке (мотивке) бағытталған. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері негізінде жетекшінің билігіне, оның құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі.

Экономикалық әдістер қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық әдістер оның әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің ынталандыруы орындалады.

Персоналды басқарудың мазмұны – кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету  мақсатында жұмыскердің еңбек ету  сапасын пайдалану үшін жағдай жасау, кәсіпорын деңгейіндегі жұмысшы  күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процестеріне өзара байланысқан ұйымдастырушы-экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылған әсері.

 

 

    1. Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар

 

Кадрлар қызметінің негізгі мәселелері. Нарықтың қалыптасуы бүгінде бұрынғы ескі ойлар, әдістер мен тәсілдер негізінде кадрлар қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа мәселелердің қатарына қойып отыр. Бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі ретінде кадрлар жұмысын қайта құру өткір түрінде белгілі болып тұр.

Экономиканың барлық салаларындағы сияқты өнеркәсіпте  де:

  • өндірісті үдету мәселелері;
  • оның тиімділігін жоғарылату;
  • ардақты және тапшы кадрлық ресурстарды дұрыс пайдалану кәсіпорындардың олар үшін жаңа экономикалық жағдайларға үйрену және өмір сүруі үшін алдыңғы қатарға шығып, ең маңызды мәнге ие бола бастады.

Нарық жағдайында кәсіпорынды  жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге  қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін –кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерлерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциялын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.

Персонал қызметін ұйымдастыруға  және оны ресурспен қамтамасыз етуге  қойылатын негізгі талаптар. Кәсіпорынның кадрлық қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.

Бүгінде отандық кәсіпорындардың  кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің  қызметі жұмыс күшін жалдау, жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, кадрлардың біліктілігін жоғарылатуы және қайтадан даярлау жұмыстарымен шектеледі. Көбіне ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу және қызмет көрсету қызметтері өз алдында жеке құрылады. Әр түрлі кадрлық жұмыстармен зауыт басқармасының басқа бөлімдері: еңбек және еңбекақы ттөлеу бөлімі; жоспарлау бөлімі; кәсіподақтық ұйымы; қауіпсіздік техникасы бөлімі, бас технолог қызметі; техникалық оқыту бөлімі және т.б. бөлімдері айналысады.

Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды жасау үшін керекті мәселелерді орындау қажет.

Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  • әлеуметтік-психологиялық диагностика;
  • топтық және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу;
  • өндірістік және әлеуметтік дау-жанжалды және есеңгіреуді болдырмауды басқару;
  • кадрларды басқару жүйесін ақпараттық қымтамасыз ету;
  • жұмыспен қамтуды басқару;
  • бас лауазымды қызметтерге үміткерлерді іріктеу және бағалау;
  • кадрлық потенциалды және персоналдың қажеттілігін талдау;
  • кадрлар маркетингі;
  • іскерлік мансапты жоспарлау және бақылау;
  • жұмыскерлердің кәсіби және әлеуметтік жағдайға тез бейімделуіне жағдай жасау;
  • еңбек мотивациясын басқару;
  • еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін қамту;
  • психофизиология, еңбектің эргономикасы мен эстетикасы туралы жұмыстарды басқару.

Егер әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі бұл мәселелер екінші дәрежеде болса, нарыққа өту жағдайында олар алдыңғы қатарда орын алып, оның шешілуіне әрбір ұйым мүдделі  болып отыр.

Кадрлар қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымы. Персоналды басқару – бұл функция тек қана кадрлар қызметіне жатпайды. Осы және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субъектілері - өндірістік бөлімшелердің сызықтық жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысады.

Информация о работе Персоналды баскару