Парламент жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 15:16, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Мұрат Әбеновтың айтуынша, "Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек

Работа содержит 1 файл

Без имени 1.doc

— 67.50 Кб (Скачать)

Парламент жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі  басқару мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Мұрат Әбеновтың айтуынша, "Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек. Оның үстіне әлемдегі нарықтық қатынастардың дамуы мен ақпарат және басқару саласында орын алған революциялар белгілі бір субьектілер қызметіне орталықтандырылған мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігін мейлінше қысқартуда. Өздеріңізге белгілі, ұтымды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемдегі қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдайында өмір сүру жағдайын жақсартуда тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару әлеуетін пайдалану тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде ұсынылуда".

Жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды мәселелерді шешу белсенділігін арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдатады.

Халықаралық тәжірибе жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті салт-дәстүр, экономикасы және тағы да басқа жағдайларға байланысты, тіпті бір мемлекет көлемінде болса да айтарлықтай өзгешеліктер байқалатынын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару елдің мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеленеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық реттеу унитарлы мемлекеттерде федеративті елдерге қарағанда басқаша шешіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кезінде өзіміздің өткен отандық тарихымызды рулық және ауылдық өзін-өзі басқару саласында, кеңестік құрылыста пайдаланылған құндылықтарды ескеруіміз қажет.

Қазақстан тарихында жергілікті өзін-өзі басқарудың дәстүрлері бар. Танымал "Жеті жарғы" - орта ғасырдың өзінде түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар өкілеттігінің барлық саласын анық бөле білген.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мүмкіндігі 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған. Онда о бастан-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет етуіне және олардың дербестігіне белгіленген құзыреті шеңберінде кепілдік берілген.

Содан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір элементтерін енгізу мен оның заңнамалық базасын дайындау талпыныстары болған.

Үкімет шешіміне сәйкес 1996 жылы тұрғын үй қорын пайдалану мен күту мәселелерін шешу міндеттері жүктелген ПИК-тер (КСК) құрылды. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде селолық тұтыну кооперативтері өзінше құрыла бастады.

Жергілікті мәселелерді шешудегі келесі қадам тәжірибе түрінде өткізілген 2001 жылғы ауыл әкімдерін сайлау және 2006 жылғы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау болды.

Бүгінде Елбасымыздың мемлекеттің Ата заңын жаңалауға байланысты бастамасына орай жағдай айтарлықтай өзгерді.

Біріншіден, қоғамдық және мімлекеттік институттардың бірігуіне жол берілмейтін ереже алынып тасталынды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару негізі болып енді еркін, жасырын, тік және жалпы дауыс беру арқылы сайланған жергілікті мәслихаттар табылады. Мәслихаттардың рөлі мен құзыреті арттырылып, бес жылға дейін ұзартылды. Олардың келісімімен барлық деңгейлі әкімдер сайланады. Мәслихатты әкімге сенімсіздік білдіру процедурасы (іс-шарасы) да жеңілдетілген: ертеректе ол мәслихаттың үштен екі бөлігінің даусымен жүзеге асса, қазір тек дауыс берушілер басым болуы жеткілікті.

Информация о работе Парламент жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады