Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 20:50, доклад
Пайыздық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлеменің ауытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты ықтимал шығынға немесе алынбай қалған пайдалы тәуекел ету; пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруіне байланысты қаржылай шығасыға ұшырау ықтималдығы
Тексерген:
Маусымбаева А.М
Алматы 2011 жыл
Пайыздық тәуекел.
Пайыздық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлеменің ауытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты ықтимал шығынға немесе алынбай қалған пайдалы тәуекел ету; пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруіне байланысты қаржылай шығасыға ұшырау ықтималдығы
Сырттан тартылған несие ресурстары үшін төленетін пайыздық мөлшерлеме банк берген несие бойынша мөлшерлемеден асып түскенде туындайды
Пайыздық
тәуекел – төмендегілерді қамтитын сыйақы
мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан
шығыс (шығын) туындау тәуекелі,
Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – Банк қаржы құралдарының ағымдық табысына және Банк капиталының экономикалық құнына нарық мөлшерлемелерінің құбылуының теріс ықпалын минималдандыру.
Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін іске асырудың төмендегідей ретті сатыларымен пайыздық тәуекелді басқару жүйесі құрылады.
1. Пайыздық тәуекелді бағалау – Банктің саналы уақыт аралығында пайыздық тәуекелге бейімділік деңгейін сандық мәнде бағалауға қабілетті пайыздық тәуекелді бағалаудың түрлі әдістерін тиімді пайдалану (пайыздық GAP, Маколей дюрациясы, таза пайыздық пайда мен жеке капитал симуляциясы);
2. Пайыздық тәуекел көлемін бақылау – пайыздық тәуекел көлеміне шек белгілеу және пайыздық тәуекелді минималдандырудың түрлі әдістерін қолдану негізінде жүргізіледі;
3.
Пайыздық тәуекелге
мониторинг жүргізу – Банктің ағымдық
позицияларына пайыздық тәуекел және
белгіленген шектерге сәйкестік дәрежесі
бойынша үнемі мониторинг жүргізу.
Банктің ішкі нормативтік құжатына сай пайыздық тәуекелді басқару процедурасын іске асыруға Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жауапты.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында
пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде
қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де
мән береді.
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелдерін басқару
Қоғам пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекеліне де тап болатындығы сондай, Қоғамның қарызға алу құнына, тиісінше Қоғам жұмысының қаржылық нәтижелеріне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Қоғамның пайыздық тәуекелге шалдыққыштық дәрежесін бағалау мақсатында (пайыздық мөлшерлеме тербелістеріне сезгіштік) пайыздық активтер мен пассивтердің жедел құрылымының үзілімдеріне талдау жүргізіледі.
Талдау жеделдігі бойынша – сол немесе өзге де активтер және пассивтер қайта бағаланатын кезеңдер бойынша бірнеше топтасуға жүргізіледі. Талдау валюталарға бөлектеп жүргізіледі.
Портфельдік инвестициялар инвестициялық
портфельдің пайда болуымен байланысты
және бағалы қағаздар және басқа активтерді
сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік»
термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып,
инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын
білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.