Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 11:56, курсовая работа
Бұл тақырыпта өндірушілердің нақты өнім көлемін өндіруге қажетті өндіріс шығындарының құрамын талдауды қарастырамыз. Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді.
Өндіріс шығындары және пайда
Бұл тақырыпта өндірушілердің нақты өнім көлемін өндіруге қажетті өндіріс шығындарының құрамын талдауды қарастырамыз. Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу. Өнім көлемі мен оны өндіруге кететін шығындардың арасындағы байланысты көрсететін өндірістік функцияны мәнін түсіне отырып келесі тақырыптардағы талданатын мәселелерді шешуге жол ашамыз.
Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.
Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі – бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен:
Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес.
Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген.
Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:
π = TR – TC.
Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πбух. = TR – TCбух.
Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πэк. = TR – TCэк.
Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.
Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:
Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.
Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.
Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Осындай шығындардың динамикасы мен өзара байланыстарын мына төмендегі суреттен көруге болады (сурет 5.1).
Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС - өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:
1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC / Q;
2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC / Q;
3)орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC.
Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const.
Q
Сурет 5.3 Орташа және шекті шығындар
шекті шығындар (МС) орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен орташа жалпы шығындардан (ATC) төмен болған уақытта, AVC пен AТC азаяды;
егер MC > AVC және MC > ATC болса, онда орташа шығындар өседі;
орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі (минимум) нүктелерінде MC = ATC = AVC болады.
Фирма ұзақ мерзімді кезеңде өзінің барлық ресурстарын өзгерте алады, олай болса өндіріс факторларының барлығы да өзгермелі болып табылады. Әрбір фирманың мақсаты – орташа шығындарды (АТС) азайта отырып, өнім шығару көлемін (Q) арттыру болады.
Ұзақ уақыт мерзіміндегі және қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар арасындағы өзара байланыстар төмендегі суретте берілген (сурет 5.4):
Ұзақ уақыт мерзімінде орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.
масштабтың оң тиімділігі LRAC қисығының теріс көлбеулі кесіндісінде орын алады;
масштабтың тұрақты тиімділігі LRAC қисығының көлденең бөлігіне сәйкес келеді;
масштабтың әсері теріс болған жағдайда өндіріс шығындары жоғарылайды және LRAC қисығы жоғары қарай өседі.
Шекті шығындардың ұзақ мерзімдегі қисығы (LRMC) қысқа уақыт мерзіміндегі шекті шығындар қисықтарын жанап өтпейді. LRMC – бұл өндірушінің кәсіпорын ауқымының шамасын өзгерту мүмкіндігі болған жағдайдайындағы өндіріс шығындарын арттыруы:
егер LRMC < LRAC болса, онда LRAC азаяды;
егер LRMC > LRAC болса, онда LRAC көбейеді;
егер LRMC = LRAC болса, онда LRAC = min. болады.
Шығындар деңгейі туралы ақпараттар изокосталарды (тең шығындар сызықтарын) тұрғызуға мүмкіндік береді.
Изокоста (тең шығындар сызығы) – бұл барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық. Изокостаның график түріндегі көрінісі: PL – еңбектің бағасы; PK – капиталдың бағасы (сурет 5.5).
Изокостаның бұрыштық коэффициенті өндіріс факторлары бағаларының қатынасына тең болады (-PL / PK). Бұл изокоста теңдеуінен туындайды:
TC = PL . L + PK . K; K = TC / PK – (PL / PK) . L.
Сурет 5.6 Өндірушінің тепе – теңдігі
Жоғарыдағы 5.6 суретінен көріп отырғанымыздай, өндірушінің тепе-теңдігі изокоста мен изоквантаның жанасу нүктесінде (Е) орын алады, ал осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады, яғни MRTSLK = -PL / PK немесе ∆K / ∆L = PL / PK. ∆K / ∆L = MPK / MPL болғандықтан оны былай жазуға да болады: MPL / MPK = PL / PK немесе MPL / PL = MPK / PK.
Бұл теңдестік – өндіріс факторларының 1 теңгеге шаққандағы шекті шығындары Е нүктесінде тең болуы керек екендігін білдіреді.
Қорытынды
Кез келген экономикалық шешімнің негізінде жобаны жүзеге асырып болған кезде, пайда табамыз ба деген сұрақ тұрады.
Айқын шығындар - ол өндіріс факторлары мен аралық бұйымдарды жеткізушілерге беретін ақшалай төлем түріндегі баламалы шығындар. Айқын шығындар кәсіпорынның бухалтерлік есебінде толық көрсетіледі, сондықтан оны бухалтерлік шығындар деп те атайды.
Айқын емес шығындар - ол ресурстарды пайдаланудағы баламалы шығындар, басқаша айтқанда фирманың өзінің иелігіндегі, яғни фирмаға төленбейтін шығындар.
Мөлшерден тыс пайда беретін капиталдың салаға құйылуы, сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраныс жағдайында пайдалықты мөлшерлі деңгейге дейін құлдыратуға жеткізеді және керісінше, шамадан төмен пайда беретін капиталдың саладан қашуы, сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраныс жағдайында пайдалылықты шамаға дейінгі деңгейге көтеруге жеткізеді.
Бухгалтерлік пайда - алынған жалпы түсім мен бухалтерлік (айқын) шығындар арасындағы айырмашылық.
Экономикалық пайда- алынған жалпы түсім мен экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық.
Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік кеңестер
Аталған тақырып микроэкономика пәнінің маңызды тақырыптарының бірі болып табылады және де бұл тақырыпты семинар сабағында талқылауға және игеруге 1 сағат жоспарланады. Оқу-әдістемелік кешен бойынша студентерге тақырыптың дәрістік мән-мәтінін сипаттайтын негізгі сұрақтарды толығымен оқып түсінуді міндеттейміз, сонымен қатар, тақырып бойынша негізгі терминдерді мүмкіндігінше жаттап алуға көп көңіл бөлу қажет. Дәріс мәтініндегі негізгі графиктер тақырып бойынша аса көп кездесетіндіктен, сол графиктердің де мәнін өз бетінше терең түсініп, оларды жеке тұрғыдан сала білу қажет. Ал бұл негізгі терминдер мен графиктер қатарынан нөмірі 1, 2, 3, 4, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша жасалған. Сондай-ақ, дәрістің негізгі теориялық сұрақтарының қысқа да нұсқа мәтінін нөмірі 9-шы міндетті әдебиеттен оқуға кеңес береміз. Бұл тақырыптың негізгі мазмұны әр әдебиетте әртүрлі тұрғыда берілуі мүмкін, сондықтан тақырыпты талқылау барысында негізгі әдебиет көздеріне сілтеме жасалып, өзара салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін жеткізе білу қажет. Студенттерге дәрістің тек теориялық сұрақтарын оқумен шектеліп, оны семинар сабағында талқылап қана қоймай, СОӨЖ сабағында нөмірі 2, 3, 6, 7 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша тақырып бойынша әртүрлі тапсырмаларды, тест сұрақтарын, жаттығулар мен есептерді орындауды өз бетінше және оқытушының көмегімен үйрену қажет. Сосын ең маңыздысы, студенттер тақырыптан алған теориялық білімдерін қазіргі экономикалық жағдайларға, әсіресе, елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты практикалық тұрғыда пайдаланып ұштастыра білу қажет. Ол үшін отандық ресми дерек көздерінен, яғни статистикалық мәліметтерден материалдар жинап, отандық экономикадағы әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін фирмалардың немесе бір фирманың мысалында өндіріс туралы қабылдайтын шешімдерін талқылау қажет. Ал мұндай мәліметтерді жинап студент алдын ала реферат, баяндама немесе эссе түрінде де жазып сабақ үстінде топпен бірігіп талқылауға болады. Сонымен қатар, осы тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарына үлес қосқан әйгілі ғалымдар мен экономисттердің еңбектері мен өмірбаяндары туралы да мәліметтер жинап оны сабақ үстінде толықтыруға әбден болады. Осы тақырыпты терең меңгерген студент одан әргі тақырыптарды оқуда үлкен артықшылыққа ие болып, оларды оңай игере алады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Міндетті:
Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 5 – тақырып.
Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. 6 тарау.
Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:ИздательствоНОРМА, 2005.Глава 5.
Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Глава 5.
Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 (Раздел 2: Микроэкономика). Глава 6, 10.
Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. Главa4.
Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005. Глава 5.
ПиндайкР.С., РубинфельдД.Л. Микроэкономика. М., 2002. Глава 7.
Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 3-е издание. Спб.: Питер, 2002.