Қоғамдық талдау теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:06, доклад

Описание работы

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Ляззат баяндама.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді.

Қоғамның ақпараттануына байланысты қазіргі технологиялық төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің кең таралуы, коммуникация құралдарының және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек пен мамандандыралудың тереңдеуінің арқасында адамзат бырынғай әлеуметтік – мәдени бүтіндіке бірігеді. Техникалық өндіріс пен бүкіл адамзат қызметінің денгейі жоғарылаған сайын, адамның өзінің даму дәрежесі, оның қоршаған ортамен қарым – қатынасының денгейі жоғарылауы тиіс.

Алайда қазіргі әлемдегі әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси процестерінің жаһандануының жағымды жағымен қоса «қазіргі заманның жаһандандық мәселері» аталатын бірқатар күрделі мәселер туғызып отыр: экологиялық, демографиялық, саяси, т.б. Бұл мәселелердің жиынтығы адамның алдына жаһандық «тіршілік үшін күрес» мәселесін қойды. А.Печчен адамазаттың қазіргі ғаламдық мәселелер арасындағы болашағын зерттейтін «Рим клубы» атты орталығын ашты.

Оның ұсынысымен және «Рим клубының» тапсырысымен кең ауқымды зерттеулер жасалып, қоғам мен оның тіршілік ету ортасы арасындағы өзара әрекеттің дағдарыстық тенденциясының дамуының ғаламдық моделі құрылды. ("Әлем – 2” Д. Форрестер (1971), "Әлем – 3” Д. Медоуз (1978) т.б.).

Жаһандану модельдерінде "әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы есептеу жүргізе отырып, Форрестер мен Медоуз жер ресурстарының шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп болжайды: қоршаған ортаның апаттық ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы қазбалардың  азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.     Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

2. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

 



Информация о работе Қоғамдық талдау теориясы