Қоғамдық таңдау теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:40, реферат

Описание работы

Қоғамдық таңдау теориясы – саяси және экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеу. Бұл теорияның шеңберінде саясаткерлердің экономикалық шешімдер қабылдау механизмі зерттеледі. Қоғамдық таңдау теориясының қарастыратын сипатты мәселелері – мемлекеттік қаржылар, сайлау процедуралары, үкіметтік шешім қабылдау үрдістері, әртүрлі қысым жасау топтарының іс-әрекеттері және т.б.

Работа содержит 1 файл

қоғамдық таңдау.docx

— 29.30 Кб (Скачать)

                                                                                                                      Әбдірәшіт Х.Ә.

                                                                                                                              УиА11К1

                                          Қоғамдық таңдау теориясы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • http://keu.kz/attachments/article/712/учебное пособие каз ИСТЭК..doc
  • www.eshko.kz
  • . Институционалды экономика : оқулық / К. Н. Ахметов, Т. Ә. Есіркепов, Д. Т. Шакеева. - Алматы : Дәуір, 2011.

 

     Қоғамдық таңдау теориясы – саяси және экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеу. Бұл теорияның шеңберінде саясаткерлердің экономикалық шешімдер қабылдау механизмі зерттеледі. Қоғамдық таңдау теориясының қарастыратын сипатты мәселелері – мемлекеттік қаржылар, сайлау процедуралары, үкіметтік шешім қабылдау үрдістері, әртүрлі қысым жасау топтарының іс-әрекеттері және т.б.

     Қоғамдық таңдау теориясы жеке экономикалық бағыт ретінде 1960 жылдардың аяғында қалыптасты. Бұл теорияның пайда болуына көбінесе американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері Кеннет Эрроу мен шотландтық экономист Дункан Блэк атсалысты. Олар экономикалық талдаудың принциптерін (шығындар мен табыстар прнициптері) үкіметтің саяси және экономикалық шешімдер қабылдау үрдісіне қолдануды мақсат етіп қойды. Бұл бағыт әріқарай неоклассикалық және неоинституционалистік модельдермен бірге тығыз байланыста дамыды.

    Қоғамдық таңдау теориясының негізгі пәні – саяси және экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеу. Бұл теорияның шеңберінде саясаткерлердің экономикалық шешімдер қабылдау механизмі зерттеледі. Қоғамдық таңдау қарастыратын сипатты мәселелері – мемлекеттік қаржылар, сайлау процедуралары, үкіметтік шешім қабылдау үрдістері, әртүрлі қысым жасау топтарының іс-әрекеттері және т.б. Бұл теорияның негізгі көрнекті өкілдері – Нобель сыйлығының лауреаты, американдық экономист Джеймс Бьюкенен, қазіргі институционализм бағытының өкілдері Дуглас Норт,  Манкур Олсон және басқалары. АҚШ-та «Қоғамдық таңдау» («Public Choice») деген арнайы журнал шығады, бұл елде осы теорияның кең етек жайғанын айтуға болады.

     Дж. Бьюкенен ұтымды экономикалық шешім қабылдау принципі саяси процесстерді зерттеу кезінде де қолданылатындығы туралы болжам айтады. Саяси сфераның өзі нарықтың бір түрі ретінде, яғни саяси нарық ретінде қарастырылады. Бұл яғни, мемлекеттік лауазымға ие адамның қоғамның мүдесі мен әл-ауқаттылығы туралы мәселелерді басшылыққа алмайтындығын және оған дауыс беріп сайлаған азаматтардың мүдделері туралы шешімдерді өмірге келтіре қоймайтындығын білдіреді. Егер қарапайым тұтынушы өз пайдалылығын арттыруды көздесе, ал бизнесмен өз пайдасын максималдауға тырысса, онда мемлекеттік органның қызметкері де өзінің жеке пайдасын максималдауға тырысады. Ал бұл пайда сайлауда көбірек дауыс жинау үшін қайта сайлану мақсатын жүзеге асыру деген сөз. Неолиберализмнің белгілі өкілі Людвиг фон Мизестің айтуынша «... мемлекеттік мекемелерді басқаруда пайда табу жүйесінен де артық принциптерді қолдануға тура келеді... Бюрокатиялық басқару - әкімшіліктік іс-шараларды жүргізу кезінде қолданылатын әдіс, мұндай шаралардың нәтижелері нарықта ақшалай құндылыққа болмайды». Бұл жағдайда мемлекеттік органдардың, мысалы, заң шығарушылардың қабылдайтын шешімдері экономикалық көзқарас әрқашанда тиімді түрде жүзеге асырыла бермейді. Бірақ заң шығарушылар – тірі адамдар, және олардың саяси шешімдер қабылдау кезінде жеке мүдделері міндетті түрде есепке алынады. Мемлекеттік лауазымды тұлға, нарықтың басқа да субъектілері сияқты, өзінің жеке шекті шығындарын шекті табыстарымен теңестіруге ұмтылады, немесе МС МR-ге тең болу керек. Бірақ бұл жерде қоғамның мүдделері міндетті түрде назарға алына бермейді.

Қоғамдық таңдау теориясының  саяси процесстерге деген көзқарасының ерекшелігі мынада, яғни адамның жеке мүддесі күнделікті өмірде де, бизнесте де, және қоғамдық өмірде де негізге  мотив ретінде қарастырылады. Қоғамның қабылдайтын кез-келген шешімдері  дауыс берушілердің экономикалық бағалауына байланысты болып келеді. Үкіметтік  ұйымдардың қабылдайтын маңызды  шешімдері қоғамдық игіліктерді  өндірумен байланысты. Саяси жүйе жағдайында қабылданатын шешімдер демократиялық  мемлекеттерде тікелей және уәкілетті  демократия түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      Тікелей демократия әрбір адам заңға сәйкес кез-келген мәселе бойынша дауыс беру мүмкіндігіне ие деген болжамға негізделеді. Қазіргі заманғы нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде тікелей демократияның емес, уәкілетті демократияның тәжірибесі жүзеге асырылады: дауыс беру құқығына ие барлық тұлғалар өз өкілдіктерін (партияларды) заң органдарына сайлай алады, ал сайланған заң шығарушылар қоғам мүддесіне байланысты шешімдерді, соның ішінде қоғамдық игіліктерді қаржыландырумен, субсидиялар берумен, кеден тарифтерін еңгізумен және тағы басқаларымен байланысты шешімдерді өмірге келтіреді.

     Қоғамдық таңдау теориясының өкілдері осындай демократиялық үрдіс жағдайында да көпшілікпен дауыс берудегі шешім қабылдаудың өзі қоғамдық көзқарас тұрғысынан таңдау нәтижелері тиімсіз болуы мүмкін деген болжамға көңіл аударады.

Ұжымдық тұтыну тауарын, яғни қоғамдық игіліктерді – жол белгілерін өндіру туралы шешім қабылдаудың  мысалын қарастырайық. Тікелей басқару кезінде келесі жағдай орын алуы мүмкін.

 Қоғамдық өмірде адамдар өздерінің жеке мүдделері бойынша шешім қабылдайды, нәтижесінде бұл қоғам тұтас мүддесіне жауап беретін нәтижеге әкеле бермейді.

      Жол белгілерін салу мысалын тікелей демократияның тәжірибесіне жатқызуға болады. Ал уәкілетті демократия жағдайында ресми тұлға арқылы өздерінің экономикалық мүдделерін жақсы ұйымдастырылған қысым көрсету топтарының, немесе лоббилердің жүзеге асыруына жақсы мүмкіндіктері бар. Бұлар фермерлер ұйымы, күшті салалық кәсіподақтар, әскери-өнеркәсіптік кешендер және т.б. болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лоббизм құбылысы туындайды – белгілі бір топтардың белгілі бір мүдделері бойынша үкіметке қысым жасау әрекеттері. Қоғамдық таңдау теориясында уәкілетті демократия жағдайында шешім қабылдау үрдісі нарықтық келісімнің немесе сауда – саттықтың бір түрі ретінде қарастырылады: «Сіз маған сайлауда дауыс жинайсыз – мен сіздің мүдделеріңізді қанағаттандыратын нақты үкіметтік бағдарламаларды орындауға уәде беремін». Лоббистер ерекше нәрсе, саяси рентаны іздеу дегенмен айналысады. Саяси рента – бұл саяси институттар арқылы экономикалық рента алудың жолы. Жанағы айтылған мүдделерді орындау туралы заң шығарушылар үкіметтік шешімдер қабылдағанда ғана сол қысым көрсету топтары саяси рентаға ие болады.

          Уәкілетті демократия жағдайында  «логроллинг» деген ұғым кең  тараған. Логроллинг – бұл  дауыс берумен саудаласу, яғни  бір индивид (топ, партия) өз  мүддесіне байланысты белгілі  бір мәселе бойынша басқа бір  индивидті (басқа топты, партияны) қолдаймын деп уәде беруі.

          Қоғамдық таңдау теориясында  саяси шешімдер қабылдау үрдісін  түсіндіру үшін микроэкономикалық  талдау кеңінен қолданылады. Бұл  бағыттық қазіргі американдық  өкілі Э. Даунс өзінің «Экономическая  теория демократии» деген еңбегінде  ұтымды сайлаушының тәртібін  зерттейді және мынадай формуланы  ұсынады:

 мұндағы, t+1 - өткен және  қазіргі сайлаудың арасындағы  уақыт мерзімі;

 А – билік басындағы партия;

 В – оппозиция;

U - t+1 уақыт мерзіміндегі үкімет қызметінің беретін пайдалылығы;

 Е – күтілетін пайдалылық.

  Бұл жағдайда, егер нәтижесінде оң сан шықса, онда сайлаушы А партиясына дауыс береді, егер теріс сан шықса, онда оппозицияғнөл саны шықса, онда дауыс беруден қалыс қалады, бірақ, рационалды субъект t уақыт мерзімі өткен әлі билік басындағы үкіметтің қызметін мынадай формула бойынша бағалайды:

 Мұндағы, Utі  - өткен t уақыт аралығында алынуға тиіс мүмкін максималды пайдалылық, идеалды пайдалылық (і - ideal);

 Utа  - өткен t уақыт аралығында алынған нақты пайдалылық (а - асtual).

          Жақсы рейтингісі болған кезде сайлаушы бәрібір билік басындағы партияға дауыс береді, ал жаман рейтингісі бар билік басындағы партияға қарсы дауыс береді.

          Қоғамдық таңдау теориясында негізгі бағыттың бірі ретінде экономикалық талдаудың әдістерін қолдану арқылы саяси таңдаулардың модельдерін қарастыру болып табылады.

          Саяси сайлаулардың, яғни таңдаулардың әртүрлі модельдері бар: екіпартиялы, көппартиялы, демократиялық, тоталитарлық және т.б. Бұл жерде біз Кондорсе парадоксы мен Эрроудың мүмкін еместік теоремасын қарастырамыз, бұлар өз авторларының аттарымен, яғни 18-ші ғасырдың француз философы, қоғам қайраткері және экономисі Жан Антуан Кондорсенің және қазіргі американдық экономист Кеннет Эрроудың атымен аталады. Біз енді қоғамның қалауларын және дауыс беру процедураларын талдауды анықтауға тырысамыз.

          Кондорсе парадоксының басты мәселесі келесідей жағдайда қарастырылады: егер қоғамда кез-келген альтернативтік бағдарламаларды қабылдау бойынша бірауыздылық немесе бірдауыстылық болмаса, онда қоғамның таңдауын қалай анықтауға болады? Сайлаудағы көпшіліктің принципі бойынша ма? Бұл принцип орындалуы мүмкін, бірақ біз бір ғана бағдарлама ұсынылады деп қарастырамыз. Ал егер бірнеше бағдарламалардың ішінен таңдау керек болса ше? Мысалы: А) инфляциямен күресу; Б) қылмыспен күресу; В) жұмыссыздықпен күрес, және бұл жерде дауыс беретін барлығы 3 топ қана бар деп ұйғарамыз. Олар өз таңдауларын (А, Б, В) өз беттерінше бірінші, екінші немесе үшінші орын беру арқылы бағалайды. Бұл жағдайдағы шешім қабылдау үрдісін қарастыру үшін дауыс берушілердің қалауларын кесте түрінде көрсетейік:

 Сонымен, сайлау процесі басталады.

          Алдымен, сайлаушыларға А және Б бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Бірінші топ А бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын бірінші орынға, Б бағдарламасын екінші орынға қояды), Екінші топ Б бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын үшінші орынға, Б бағдарламасын бірінші орынға қояды), үшінші топ та А бағдарламасын таңдайды (бұл топтың қалауында А бағдарламасы еікнші орын алады, ал Б бағдарламасы болса үшінші орынға ие).

     Содан кейін Б және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Б бағдарламасы таңдалады, өйткені бірінші және екінші топтар осыны қалайды.

           Соңынан, А және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізілгенде, В бағдарламасы таңдалады, өйткені үшінші және екінші топтар В – ға дауыс береді.

         Егер транзитивтілік принципі сақталса, онда Б бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын, В бағдарламасынан гөрі Б бағдарламасын қалай отырып, қоғам В бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын таңдауы тиіс еді. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей, қоғам В бағдарламасын таңдай отырып қарсы таңдау жасайды.

  Бұл кесте қарапайым көпшілікпен дауыс берудің сәйкессіздігін, яғни тиянақсыздығын көрсететін Кондорсе парадоксын сипаттайды. Басқаша, Кондорсе парадоксын дауыс беру парадоксы деп те атайды. Сәйкесінше, көпшілікпен дауыс беру мәселесі бұл процедураның демократиялылығына қарамастан, әрқашанда дұрыс және әділ таңдауға апара бермейді.

  1952 жылы К. Эрроу «Общественный выбор и индивидуальные ценности» деген еңбегінде өзінің танымал мүмкін еместік теормасын жасады: егер мүмкін альтернативтік таңдаулардың саны екіден асса, онда дұрыс қоғамдық таңдау болмайды.

  Мүмкін еместік теоремасы басқаша былай сипатталады: қоғам бір-біріне қарсы келмейтін келісілген шешімдерді қабылдаудың жолын таба алмайды, егер бұл шешімдерді бір ғана тұлға қарастырмаса, онда бұл теорема осылай тұжырымдалады.

 Бірақ, дұрыс таңдау, яғни дұрыс қоғамдық таңдау дегеніміз не?

 Ол үшін Эрроу ұсынған мына бес аксиоманы (шартты) сақтау қажет:

 Қоғамдық таңдау дауыс берушілердің қалауларының кез-келген комбинациясы үшін жүзеге асырылу керек (универсалды қолданушылық, немесе қоғамдық ұтымдылық аксиомасы).

 Транзитивтілік шарты, немесе аксиомасы. Егер қоғам Б баламасынан гөрі А баламасын, және С баламасынан гөрі Б баламасын қаласа, онда қоғам А және С баламасы арасындағы таңдау кезінде С баламасын қалауы керек.

 Сыртқы альтернативтермен байланыссыз болу шарты (яғни, егер индивидтер А және Б баламаларының арасында таңдау жүргізсе, онда бұл олардың С баламасы бойынша пікірлеріне байланысты емес).

 Азаматтардың суверенитеттілік шарты, яғни әр азаматтың билігі өз қолында болу керек, бұл қоғам азаматтардың таңдауынсыз Б баламасынан гөрі А баламасын қалай алмайды дегенді білдіреді, әсіресе, бірдауыстылық таңдау болса. Бұл шартты басқаша Парето принципі деп те атайды.

 Диктаторлық емес таңдаулардың шарты (ешқандай индивид өз қалаулары бойынша қоғамды көндіре алмайды деген сөз).

       К. Эрроудың мүмкін еместік теоремасын өздігінше екіпартиялы режимнің пайдасын шешеді деп айтуға болады, яғни дауыс берудің ешқандай демократиялық жүйесі (1 – 5 аксиомалар) кем дегенде екі партия болмайынша мүмкін болмайды.

       Белгілі бір дәрежеде логроллинг дауыс берудің парадоксын болдырмауға көмектеседі. Кондорсе парадоксын сипаттайтын біздің мысалымызда, егер үш топтың екеуі екі бағдарламаны таңдау туралы және оларды қанағаттандыратын бағдарламалар қабылдансын деген үмітпен өз қалаулары туралы өзара келіссе, онда олар соңғы шешімге келуі мүмкін.

  Сонымен, мемлекеттік реттеуді белгілі бір шеңберлерде ғана жүзеге асыру қажет. Ал ол шеңберлер тұтастай нарық фиаскосының масштабтарымен және нақты экономикалық жағдайлармен өлшенеді. Әділ мемлекеттік реттеу нарықтық механизм мүлдем орындай алмайтын «сәтсіздіктерді» жоюға мүмкіндік береді.

        Бірақ мынаны атап өткен маңызды, яғни, мемлекет нарықтың сәтсіздіктерін жойған кезде барлық мәселелер өз шешімін табады деп ешкім де айта алмайды. Мұндайда мемлекеттің фиаскосы (мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктері) да орын алады, яғни бұл жағдайды біз мемлекеттік реттеудің нәтижесінде ресурстардың тиімсіз бөлінуі деп түсінеміз және бұл құбылысты біз әріқарай толығырақ қарастыруға тырысамыз.

  Мемлекеттің фиаскосы. Қоғамдық таңдау теориясын жақтаушылар экономикалық себептерге байланысты халықтың жекелеген топтары арасында саяси теңсіздіктердің бар екендігі туралы, яғни мемлекет фиаскосы туралы қорытындыға келеді. Мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктерінің аса маңызды себептерін талдайтын болсақ, ең алдымен, шекті шығындар мен шекті табыстардың арасындағы пропорциялардың бұзылуы туралы айтқан жөн, яғни бұл бұзылыс қоғамдық көзқарас тұрғысынан тиімсіз экономикалық шешім қабылдауға немесе мемлекеттің сәтсіздігіне алып келуі мүмкін.

    Ақпарат алудағы теңсіздік те сол жағымсыз құбылысқа апарып соқтырады. Табысы жоғары адамдарды, жақсы ұйымдастырылған лоббисттік топтарды жақсы ақпараттандырылған тұлғаларға жатқызуға болады. Сәйкесінше, олар саяси рентаны таба отырып өз пайдаларын максималдайды. Ақпарат алудағы теңсіздік уәкілетті демократия жүйесіндегі феноменмен де байланысты және ол рационалды хабарсыздық немесе мағлұматсыздық (рациональное неведение) деген атқа ие болды. Бұл термин индивидтердің сайлауларға және дауыс берулерге қатысудан шет қалу дегенді білдіреді, бұл алшақтау олардың табыстарының сайлауға қатысумен байланысты шығындарынан төмен болғанда орын алады. Айталық, үкіметтің шешімін бағалау қажет, ол шешімді өмірге келтіруден тұтас қоғам пайда көреді, бұл жерде тұрғындардың жекелеген топтары бұл шешімнен ұтылулары мүмкін (мысалы, белгілі бір салаға субсидия беруді жою). Бірақ бұл шарадан әрбір жеке сайлаушы  аз пайда көреді (жалпы пайда барлық тұрғындардың арасында бөлінеді). Мұндай жағдайларда дауыс берушілер немқұрайдылық танытады, мұны, көпшілікке - рационалды ескермеушілік деп атайды, бірақ өзара бірікпеген адамдар үшін осы жоба туралы жиналудың және ақпараттарды бағалаудың,  титімдей пайда үшін лоббисттік топтар құрудың мәнісі жоқ. Ал субсидияны жоюдан зардап шегетін басқа топтар керісінше, бірігіп, қысым көрсету топтарын (аграрлық лобби, қорғаныстық лобби, т.б.) құра бастайды.

Информация о работе Қоғамдық таңдау теориясы