Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 16:29, реферат
Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады.
Қоғамдық өндірістің
негізгі факторлары
Қоғамдық өндірістің
негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді
жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады.
Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне
әсер етеді, оларға өзінің материалдық
қажеттерін қанағаттандыратындай форма
береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз
тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті
әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын
өндеу болып табылады. Өндірістің осы
қызметі онын әлеуметтік формасы қандай
болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға
қатысатын факторларды аныктап білу маңызды
мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда
өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне
шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті,
немесе объекті, өндіріс факторлары деп
атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай
факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген
өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар
болады. Сондықтан оларды біріктіріп,
топтастыру қажет. Факторларды бөліп,
топтастырудың көптеген әдістері бар.
Марксистік теория факторларға
жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын
жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің
жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің
заттық факторы — еңбек заттары және еңбек
құралдары болып бөлінеді қашан болсын,
өндірістің жеке факторына жұмысшы күші
яғни адамның еңбекке деген физикалық
және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы
жатады. Өндірістің заттық факторына барлық
құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады. Жеке
және заттық факторлар өзара байланыстың
күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін
технология мен өндірістің ұйымдастырылуы
анықтайды. Өндірістің басты факторларының
арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді.
Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды,
еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын,
құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті
ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді
қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес
болуын, т.б. көздейді.
Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Еңбек — игіліктер дайындауға
және қызметтер көрсетуге бағытталған
интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер
болып
табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.
Кәсіпкерлік қабілет
— адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер
мен қызметтерді жасауға қолданылатын,
өндірістің барлық факторларының бір
бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет
етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының
осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке,
шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына
тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық
негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің
жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды,
бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын
кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет
шама жағынан және нәтижелілік жағынан
квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен
пара-пар келеді.
Өндіріс факторларын
топтастырудың айырмашылықтары неде?
Біріншіден, марксистік
теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық
категория ретінде өндірістің әлеуметтік
бағытын анықтайды. Осылай. өндіріс процесінің
алғашқы нёгізінен бастап, қоғамның таптык.
күрамы калыптасады және таптардың «өділеттік»
үшін күресінің болу мүмкіндігі долелденеді.
Ал маржиналистер факторларды өндірістің
жүруіне кажет тек жалпы техникалық- экономикалық
элементгер деп карайды.
Екіншіден, маржиналистер
капитал деп енбек құралдары мен заттарын
түсінеді, ал табиғат шартын жеке фактор
деп бөледі. Марксистер табиғат шартын,
еңбек құралдарын және еңбек заттарын
біртұтас заттық фактор деп біріктіреді.
Егер әңгіме өндірістегі өзгеше табиғат
жағдайлары туралы болса, олардың ерекшелігі
рента арқылы есепке алынуы керек. Олардың
түжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның
басқа саласы айналысуы керек.
Үшіншіден, маржиналистер
кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы
деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады.
Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру
айырмашылығының себебі — қоғамдық өндірісті
талдауға таптық көзкарастың қолданылуы.
Өндіріс факторлары қоғамның даму процесіыде
өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты
құбылыс деп қарауға болмайлы. Постиндустриалық
қоғамда өндіріс факторы деп информациялық
және экологиялық факторлар аталады. Осы
екі фактордың пайда болуы, осы замандағы
ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты.
Ал ғылымның өзі жекедара фактор болып
отыр, ойткені өндірістің тиімділігіне,
жоғарғы квалификациялы жұмысшы күшін
дайындауға, адам капиталының потенциалдық
мүмкіндігін жоғарылатуға, оның әсері
шешуші болып отыр. Бүгінгі өндірісте
өндірістің экологиялық факторының маңызы
өсіп келеді. Бүл фактор кейбір технологияның
қоршаған ортаға зиянды болғандығынан,
соның қызметіне кедергі туғызады, басқаша
жағдайда ол экономикалық өсудің дем берушісі
рөлін атқарады. Факторларды талдауға
қорытынды жасай келе мына жағдайды тағы
айта кетейік: өндіріс процесіне барлық
факторларды жұмылдырғанда ғана өндіріс
болуы мүмкін. Белгілі бір затты, қызметті
өндіру үшін факторлардың белгілі тобы
қажет. Ал өндіріс факторларының бастылары
жер, және капитал және кәсіпкерлік. Олар
әрекеттерін бір-бірімен байланысып және
бірін-бірі толықтыра отырып атқарады.
Есте болатын жәй: факторлардың бірінің
орнын бірі басып кызмет ете алатын қасиеті
болады. Бұл қасиеттің негізінде, бір жақтан,
қажеттіліктердің ерекшелігі мен мүліктің
конструктивтік өзгешелігі, бірақ, басым
түрде, ресурстардың шектелуі жатса, екінші
жақтан, оларды пайдаланудын тиімділігі
жатады. Кәсіпкер тапшы және қымбат өндіріс
факторын неғұрлым аз пайдаланатын технологияны
тандайды. Демек, бос жердің тапшылығы
үйлерді көп қабатты, биік қылып салуға
әкеліп соқты. Кәсіпкер өндіріс шығындарын
төмендету қажет екенін мой- ындай отырып,
өндіріс факторларының әрқилы комбинациясын
пайдалануға мәжбүр болады. Топтастыру
қандай болса да, түбінде өндіріс факторлары
өнім шығаруға пайдаланылады. Айтайық,
өте жабайы өндірісте бір фактор бір өнім
жасауға қолданылсын.
Q - өнім, A — өндіріс факторы. F - функция
Бұл жағдайда өнім бір фактордың функциясы болып табыла ды. Шындығында өндіріс процесі күрделі болады, оньщ корытын дысы (енім) көп факторларды қолданудың нөтижесі болып табы лады. Бұнда әрқилы ситуациялар кездесуі мүмкін, оларды төртке бөлейік:
фактор қолданылмайды;
оның мүмкіндігінің бір бөлігі қолданылады;
өнімнің үйлесімді оптималды санын өндіруге қолданылады;
өнімнің тым көп санын
өндіруге қолданылады.
Факторларды өнім өндіруге
қолданудың шексіз көп вариантын
график арқылы керсетуге бодады.
Фирмалардың практикалық іс-қимылында факторларды әр түрлі комбинацияда пайдалануда шексіз көп варианттар болады деп жорамал жасалады. Ғылыми-техникалық прогресс және техникалық төңкерістер жаңа (бірінің орнына бірі жүре алатын) А, факторлар және жаңа Q, өнім пайда болуына әкеліп соғады. Сөйтіп, А, фактордың көмегімен Q, өнім өндіруге мүмкіндік туады. Осы Q өнімнің шамасы фактордьщ мөлшерін өтеуге керексіз болып қалған қосымша өнімді етеуге жеткілікті болады. Осы қосымша қосалқы Q, өнімді қосымша өнім деп атайық. Осының өндірілуі өндірісті қосымша өсіруге көмектесе алады. Қорытынды мынау: өндіріс факторын жақсы пайдалану, осы өндіріс көлемінің одан әрі көбеюінің шарты, ұлғаймалы ұдайы өндірістің шарты болып табылады. Сөйтіп өндіріс факторларының қосылуының нәтижесінде еңбек өнімдері, материалдық игіліктердің жиынтығы жасалады. Алынған өнімнің шамасының (массасының), оны өндіруге жұмсалған еңбекке сандық қатынасы, еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігінің көрсеткішінің түрі мынадай болады:
Еңбек өнімділігі = Q/T,
бұнда Q — жасалған өнімнің саны натуралдық немесе ақша көрсеткіші арқылы есептелген; Т — еңбек шығындары (мысалы, адам/сағат), немесе осы өндірістегі жұмыскерлердің саны.[1]