Несиенің мәні, функциялары және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 07:04, реферат

Описание работы

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;

Содержание

Кіріспе...................................................................................................... 3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.................. 6
1.1 Несие теориясы және оның дамуы...................................................... 6
1.2 Несие түрлері......................................................................................... 9
ІІ. Несие қызметінің түсінігі.......................................................................20
2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру..................................................................................21
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті........................................................23
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері..........25
Қорытынды...............................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................29

Работа содержит 1 файл

несие реферат.docx

— 47.90 Кб (Скачать)

 Лизингілік несие. Қазақстан 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.

 Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық,

 

- 18 -

 Салықтық және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

 Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын машина, құрал жабдық, сайман, үй ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

 Лизинг объектісі лизинг  берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.

 Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру. Лизингілік мәміле лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы қатысады.

 Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша ссудаға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынасы лизинг берушінің лизингалушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін несиені білдіреді.

 Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:

- мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажетті болмайды;

- бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;

- лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді,

- жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

 Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілер комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

 Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық – техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал – жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

- лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;

- өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;

- негізгі құрал жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей бөлінеді;

- қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

 Лизинг беруші банктің лизингілік қызметінің артықшылығы:

- лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;

- қосымша құн салығының босатылады;

- лизинг компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.

- 19 – 

 ІІ. Несие қызметінің түсінігі.

 

 «Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.

 Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

 Айырбас фазасына бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

 Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі ( қайта бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

 Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.

 Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән – бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.


Информация о работе Несиенің мәні, функциялары және түрлері