Несиелік портфелді басқару ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 18:43, реферат

Описание работы

Несиелік портфелді басқару саясаты несие саясатының тиімді ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Несиелеу саясаты жоғарыда айтқандай несиелеудің механизміне тікелей байланысты болып табылады.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалсына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

портфел басқар.doc

— 94.00 Кб (Скачать)


1.3. Несиелік портфелді басқару ерекшеліктері

 

Несиелік портфелді басқару саясаты несие саясатының тиімді ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Несиелеу саясаты жоғарыда айтқандай несиелеудің механизміне тікелей байланысты болып табылады.

Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалсына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі  бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыдан тану механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Несиелеу процесі мына кезеңдерді қамтиды:

-         несиеге деген өтінішті қарау;

-         несиелік қабілетті талдау;

-         несиелік келісімшаротты жасасу;

-         несие беру;

-         несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау;

Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:

1/ несиені толық қайтару;

2/ несиені жартылай қайтару;

Қайтару жиілігіне қарай:

1/ бірден қайтару;

2/ несиені бөліп-бөліп  қайтару;

Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:

1/ несиені жүйелі түрде қайтару;

2/ несиені эпизодтық қайтару;

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға клиенттің жазбаша өкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелер бойынша картотека жүргізіледі. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерізмі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды.

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және тағы басқа да мерзімге есептелуі мүмкін және ол қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны- 30 күн, ал жылдағы 360 күнмен алынады.

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиесі пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне оның қаржылық жағдайына талдау жасап қажет болған жағдайларда орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлоық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісім шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға қатысты банк қарыз алушыға ары қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы бар болып табылады. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын талап етуге құқылы болып табылады.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі мен және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.

Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни  оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты болып табылады.  Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банк  несиелік тәуекелді  басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруы тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі элементьтері келесілер болып табылады:

-         несиелік қызметті ұйымдастыру;

-         лимиттер белгілеу;

-         несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

-         несиелік тәуекел деңгейіне байланысты деңгейлеріне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

-         несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

-         несиелік мониторинг;

-         несиелік портфелді басқару;

-         проблемалық несиелерді қалпына келтіру;

Кез-келген банктік несие белгіленген мөлшер негізінде беріледі. /лимит/

Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушылармен бірлесе отырып, материалдық қорлардың қажеттілігін зерттеу барысында  шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін және өндіріс көлемі мен шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығыстарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты болып табылады. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен және банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

-         қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

-         несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалдық бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

-         маржа деңгейіне;

-         несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

-         банкте бар ресурс көлеміне және тағы басқалары;

Несиелік портфелді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің  барлығын айқындауды және олардың ең жоғары жететін деңгейін талап ететін жоғары жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфелді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына келесілер жатады:

-         нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

-         несиелік рейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

-         әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

-         төменгі тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

-         жоғарғы тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

-         жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдау;

-         несиеге баға белгілеу саясатын дайындау;

Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады.  Банктің проблемалық несиелеріне қарсы шараларына келесілер жатады:

-         қарыз алушының қызметін қайта құру;

-         несиені қайтару кестесін өзгерту;

-         пайыз төлеу тәртібін өзгерту;

1.3 Коммерциялық банктің несиелік портфелін басқару сипаты және несиелік портфельді басқарудың шетелдік тәжірибесін оқып үйрену.

 

Коммерциялық банктердің несиелік портфелі несиелердің түрлеріне байланысты жіктелінеді. Несиелік портфель несиелердің мерзіміне, мақсатына, валютасына, т.б. негізделіп жіктелуі мүмкін. Банктердің несиелік портфелін түрлі-түрлі вариацияда жіктеуге болады, тек жіктеудің принципін таңдасаң болғаны.

Коммерциялық банктерде несиелік портфельді жіктеу несиелік тәуекелдің түрлі факторларына немесе одан қоршану әдістеріне байланысты несиелер критерилерне негізделіп жүргізіледі.

Несиелік тәуекел дегеніміз - қарыз алушының алған несиені және несие бойынша өсімақы сомасын өтей алмау нәтижесінде банктің өз пайдасынан, тіпті акционерлік капиталының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы.

Несиелік тәуекел экзогенді факторларға (яғни экономикалық ортанң, конюнктораның жағдайына байлнысты ''сыртқы'' факторлар) және эндогенді факторларға (яғни банктің өзінің қателік іс әрекеттерінің нәтижеснде пайда болатын ''ішкі'' факторлар) тәуелд. Экзогенді факторларды бақылау мен реттеу мүмкіншілігі өте шектеулі, бірақ банк өзінің уақтылы іс әрекеттерімен олардың әсеріе жұмсартып ірі шығындарға үрынды алдын алу мүмкін. Несиелік тәуекелді басқрудың негізгі шаралары банктің шкі саясатына жатқызылады. Бұл шараларға жтатындар:

-         банктің несие және инвестициялық портфелін диверсификациялау;

-         қарыз алушының қаблетін алдын ала талдау;

-         берілетін несиелердің құнын бағалау мен бұрын берілген несиелердің қайтарылуын үздксіз бақылау;

Банктің несиелік портфелін диверсификациялау нәтижесінде банктік тәуекелдер деңгейін, оның ішінде несиелік қызметпен байланысты тәуекелдер деңгейі жоғары экономика секторларын анықтау орын алады. Жалпы банктердің несиелік портфельді басқару, оны жіктеуден басталады. Ссудалар сапасын бағалау критерийлеріне;ссуданың берілуі мақсаты, несие түрі, ссуданың мөлшері, оның мерзімі, қарызды өтеу кестесі, тәуекелді бағалаудың толықтылығы, қарыз алушының қай салада қызмет көрсететіндігі, қарыз алушымен өзара қарым-қатынастар, ел туралы ақпарат, несиенің бағасы, несиенің қайтарымдығын қамтамасыз ететін кепілдің түрі, ақша ағымының мөлшері жатады.

Ссуданың сапасы номерлі және балдық әдіс арқылы бағаланады. Номерлі жүйе бойынша ссудалардың әрбір рейтингісіне таңдалған критерийлеріне сәйкес бірқатар белгілер беріледі.

Мысалы, рейтинг 1 деген баға – төлемдерін өз уақытында төлеп отыратын, несиені қайтарады деген берік сенімі бар, қаржылық жағдайы тұрақты қарыз алушылар алған несиелерге беріледі, ал рейтинг 5-банкрот болып жарияланған, балансы өтімді емес, 180 күннен астам мерзімі өтіп кеткен берешегі бар қарыз алушыларға немесе несиені қайтарады деген сенімі жоқ, күмәнсіз, анық мәліметтер жоқ клиенттерге берілген ссудалар.

Ссудалардың сапасын анықтаудың балдық жүйесі бойынша әрбір критерийге түрлі параметрлер және сол параметрге сәйкес келетін балл беріледі. Таңдалған критерийлер мен әдістер негізінде ссудалар бес топқа бөлінеді. Топтың әрқайссына банк тәуекел процентін бекітеді, бұл өз кезегінде жалпы несиелік тәуекел мөлшерін немесе ссудалар бойынша мүмкін болатын шығындарды жабуға арналған жеткілікті резерв (провизия) мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы несиелік портфельдің сапалы бағалануы құрылымдық талдау мен қаржылық коэффиценттер жүйесі негізінде жүргізіледі. Қаржылық коэффиценттер жүйесі несиелік тәуекелдің орташа шамасын (несие бойынша құрылған провизия немесе резервтің несиелік портфель мөлшеріне қатынасы), тәуекелден сақтан деңгейін (несие бойынша құрылған провизияның меншік капиталы сомасына қатынасы, құрылған резервтің жеткіліктігін, несиелік портфельдің табыстылығы мен оны басқарудың сапасын көрсетеді. Несиелік портфельдің сапасы бойынша классификацияны ''Екінші деңгейдегі банктердің несиелк портфелінің классификациясы мен несиелік қызметінен шеккен шығындарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды құру тәртібі  туралы'' ережесіне сәйкес ұлттық банк берп отыр:

Стандартты несиелер - өтеу мерзімі әлі жетпеген, сапасы күдік туғыздырмайтын несиелер;

Субстандартты несиелер – несиеніңқайтарылуы 30 күнде кідіріп қалумен байланысты шамалы тәуекелі бар, бір рет пролонгацияланған несиелер.

Қанағаттандырарсыз несиелер - қарызды мерзімі өтіп кеткен ссудалар шотына шығарған күннен бастап есептегенде мерзімін өткізіп алу ұзақтығы 30-60 күн аралығында болатын, бір пролонгацияланған несиелер.

Күдікті несиелер - қарызды мерзім өтіп кеткен ссудалар шотынан шығарған күннен бастап есептегенде мерзімін өткізіп алу аралығы 60-90 күн аралығында болтын несиелер.

Үмітсіз немесе шығынды несиелер – мерзімін өткізіп алу кезеңі 90 күннен асып кеткен несиелер. Қарызд мерзімі өтіп кеткен ссудалар шотына шығарған күннен есептегенде 90 күн өткеннен кейін несие бойынша өсімақы есептер тоқтатлады. Несие бойынша өсімақы есептеуді тоқтату дегеніміз банк балансында есептелген өсімақы мөлшерін өсіруді тоқтату, яғни есептелмеген өсімақы есебі енді баланстан тыс шоттарда жүргізіледі.

Банкпен берілген несиелер бойынша міндетті түрде провизиясы (резервтер) құрылуы керек. Төмендегі кестеге қарайық:

 

 

 

Несиелер

 

Провизияның

мөлшері  %

1

Стандартты несиелер

 

2

Субстандартты несиелер

5-10%

3

Қанағаттандырарсыз несиелер

20-25%

4

Күдікті несиелер

50%

5

Шығынды немсе үмітсіз несиелер

100%

Информация о работе Несиелік портфелді басқару ерекшеліктері