Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:04, практическая работа
ЮНФПА – даму мәселесімен айналысатын халықаралық ұйым. Оның міндетіне барша әйелдер, еркектер және балалардың дені сау әрі тең мүмкіндіктер құқығын іске асыруына септігін тигізу жатады. ЮНФПА мемлекеттерге кедейшілікке қарсы бағытталған саясат пен бағдарлама дайындағанда халық санына қатысты мәліметтерді береді.
БҰҰ болжамынша 2011 жылы 31 қазанда дүниежүзіндегі халық саны 7 млрд, ал Қазақстандағы халық саны 16,5 млн-ға жетеді. Бұл әйелдер мен жасөспірімдердің денсаулығын қамтамасыз ету және халықтың қартаюы сынды әлеуметтік проблемаларды тудырады, деп Асфандияров ат. медициналық институт ректоры Айқан Ақанов, «2011 жылғы дүниежүзіндегі халық саны» атты БҰҰ қорының халық саны саласындағы (ЮНФПА) баяндамасын таныстыру барысында мәлім етті. «1927 жылы жер шарындағы халық саны 2 млрд тұғын, бүгіндері 7 млрд. Өткен 90 жылда халық саны үш еседей артты. Осыған байланысты әлемдегі жағдай өзгеріп, жаңа қауіп-қатерлер туындайды. Олар - өскелең ұрпақтың денсаулығы, әйелдердің денсаулығы мен олардың репродуктивтілігі және халықтың қартаюы», - деді А. Ақанов сәрсенбі күні баяндаманы таныстыру барысында. ЮНФПА-ның Қазақстандағы кеңсесінің жетекшісі Александр Косухин атап өткендей, Қазақстанда ана өлімін төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген. «Дегенмен, елдегі ана өлімі әлі де болса жоғары болып қалып отыр. 2011 жылғы мәліметтер бойынша ол – 22 цифрын көрсетеді (1000 босану оқиғасына әйелдердің өлуі – 22 оқиға - ҚазТАГ). Ирландияда аналардың өлімі - 6, Беларусияда – 15, Литвада – 13 екенін ескерсек, Қазақстанда әлі бұл көрсеткішті төмендету резервтері бар», - деді А. Косухин. Сәрсенбі күні таратылған ЮНФПА ақпараттық баянында көрсетілгендей, фертильдік коэффициент (репродуктивтік жастағы әйелдердің туған балалар саны) Қазақстанда 2,59. Бұл әлемдік көрсеткіштерге өте жақын. Бұл ретте А. Косухин Қазақстанда жасөспірімдер арасында бала босану көп екеніне назар аударды. «ҚР-да 1000 бала босануда жастары 15-19 аралығындағы жасөспірідер саны – 30, ал Кореяда – 2, Францияда – 9, Мальтада – 17», - деді ол. Жалпы алғанда ақпараттық баянда айтылғандай, 1950 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны екі еседен көпке артқан және болжам бойынша биыл 16,5 млн. Қазақстандағы орташа өмір ұзақтығы 68,4 жас. Ол да әлемдік цифрларға жақын». Дегенмен, А. Ақановтың айтуынша, Қазақстан халқы қартаюда және ол әлеуметтік проблемалардың артуына әкеліп отыр. «Егер жалпы халық санының 7% 65-тен кәрі болса, ол халық қартайып жатыр деп саналады. Қазақстан ол шектен 2005 жылы өтті. Ол кезде бізде 7,1% болса, қазір бізде 8,1%. Ол дегеніңіз - бізде егде адамдар саны артып отыр деген сөз, демек үкіметте әлеуметтік проблемалардың кешені туындап, оларды қалай қамқорлыққа алу керек, қалай көмек көрсету керек сияқты мәселелер туындайды», - деді ол. ЮНФПА-ның Қазақстан мен Қырғызстан үшін мемлекеттік директоры Николай Ботаевтың айтуынша, елдің әлеуметтік-экономкиалық дамуын жоспарлағанда осы факторлерді ескеру керек. «Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлағанда елдегі және аймақтардағы халық санының өсуін ескеріп отырған жөн, репродуктивтік денсаулыққа, білімге, жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге үнемі қаржы бөліп отыру қажет», - деді ол. ЮНФПА-ның «2011 жылғы дүниежүзіндегі халық саны» баяндамасының таныстырылымы әлемнің 100 қаласында өтті. ЮНФПА – даму мәселесімен айналысатын халықаралық ұйым. Оның міндетіне барша әйелдер, еркектер және балалардың дені сау әрі тең мүмкіндіктер құқығын іске асыруына септігін тигізу жатады. ЮНФПА мемлекеттерге кедейшілікке қарсы бағытталған саясат пен бағдарлама дайындағанда халық санына қатысты мәліметтерді береді. |