Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:26, реферат
Негізгі абсолюттік макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық шоттар жүйесінде көрініс тапқан. Ұлттық шоттар жүйесі (Ұлттық өнім мен табыс шоттарының жүйесі – System of National Product and Income Accounts) 20-жылдарда Экономикалық Зерттеулердің Ұлттық Бюросы (National Bureau of Economic Research) қызметкерлерінен құралған америкалық ғалымдар тобымен құрастырылды. Бұл топтың басшысы Нобель сыйлығының болашақ лауреаты Саймон Кузнец (Simon Kuznets) болды.
1. Ұлттық шоттар жүйесі
2. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
3. Жалпы ішкі өнімді есептеу тәсілдері
4. Ұлттық шоттар жүйесіндегі көрсеткіштердің арақатынасы
5. Макроэкономикадағы нақты және атаулы көрсеткіштер. Бағалар индексі
Әл-ауқат деңгейін дәлірек бағалау үшін 1972 жылы екі америкалық экономист – Нобель сыйлығының иегері Джеймс Тобин және Уильям Нордхауз (әлемге белгілі «Экономикс» оқулығын Нобель сыйлығының иегері Поль Самуэльсонмен бірге жазған) – «Таза Экономикалық Әл-ауқат» (Net Economic Welfare) деп аталатын көрсеткішті есептеудің әдісін ұсынды. Бұл көрсеткіштің құрамына әл-ауқатты жақсартатынның бәрінің құндық бағалылығы (value of goods) кіреді (мысалы: білім деңгейін жоғарылатуға, балаларды тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қажетті бос уақыттың саны; өзіне қызмет жасау; медицинамен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасын жақсарту, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және т.т.). Сонымен қатар, бұл көрсеткішті есептегенде ЖІӨ-нің құнынан өмір сапасын нашарлататынның, әл-аухат деңгейін төмендететіннің бәрінің (мысалы, ауыру және өлім деңгейі, білім сапасы, өмір сүру ұзақтығы, қылмыс жасау деңгейі, қоршаған ортаның ластану деңгейі, урбанизацияның жағымсыз салдары және т.т.) құны алып тасталынады.
4. Макроэкономикадағы нақты және атаулы көрсеткіштер. Бағалар индексі
Атаулы ЖІӨ – өлшеу сәтіндегі ағымдағы бағамен есептелген ЖІӨ. Атаулы ЖІӨ шамасына келесідей екі көрсеткіш әсер етеді: нақты өндіріс көлемінің өзгерісі және баға деңгейінің өзгерісі. Нақты ЖІӨ-ді өлшеу үшін атаулы ЖІӨ-ді баға деңгейінің өзгерісі ықпалынан «тазарту» қажет.
Нақты ЖІӨ - салыстырмалы (өзгермейтін) бағамен, базистік жылғы бағамен өлшенген ЖІӨ, бұл жағдайда базистік жыл болып, хронологиялық ағымдағы жылдан бұрынғы, сондай-ақ одан кейінгі кез-келген жыл таңдалып алынады (бұл тарихи салыстыру үшін, мысалы, 2000 жылғы нақты ЖІӨ-ді 2010 жылғы бағамен есептесек, онда 2010 жыл – базалық, ал 2000 жыл – ағымдағы жыл болады). Сонымен,
Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / бағаның жалпы деңгейі.
Кез-келген жылдың атаулы ЖІӨ, ағымдағы жылдың бағасымен есептелетін болғандықтан, келесі формуламен анықталады:
Атаулы ЖІӨt = pt qt.
Базистік жылғы бағамен есептелетін нақты ЖІӨ-нің формуласы келесідей түрде жазылады:
Нақты ЖІӨt = p0 qt.
Базистік жылғы атаулы ЖІӨ базистік жылғы нақты ЖІӨ-ге тең болады:
Атаулы ЖІӨ0 = Нақты ЖІӨ0 = p0 q0 .
Бұдан көретініміз,
базалық жылда бағаның жалпы деңгейі 1-ге
тең (сәйкесінше баға индексі 100 % - ға тең).
Келтірілген формулаларда t
индексімен ағымдағы жыл, ал 0 индексімен
– базистік жыл белгіленген, сондықтан рt
– ағымдағы жылы нарықтық себетке кіретін
тауарлардың әрқайсысының бағасы, р0 – осы
тауарлардың базистік жылғы бағалары, qt
– ағымдағы жылы нарықтық себетке кіретін
тауарлардың әрқайсысының саны (салмағы),
ал q0 – осы
тауарлардың базистік жылғы саны (салмағы).
Атаулы ЖІӨ де, нақты ЖІӨ де ақша бірлігімен
есептеледі (теңгемен, доллармен және
т.с.с.).
Егер атаулы ЖІӨ-нің, нақты ЖІӨ-нің және бағаның жалпы деңгейінің (ал бұл инфляция қарқыны екені белгілі) пайыздық өзгерістері белгілі болса, онда осы көрсеткіштердің арасындағы ара қатынас келесідей болады:
Нақты ЖІӨ-нің пайыздық өзгерісі = атаулы ЖІӨ-нің пайыздық өзгерісі – бағаның жалпы деңгейінің пайыздық өзгерісі.
Инфляция қарқынындағы және өмір сүру құнының серпініндегі (динамика) өзгерістерді бағалау үшін баға индекстері пайдаланылады. Баға индекстерінің көптеген түрі бар. Макроэкономикада баға индекстерінің келесі түрлерін пайдаланады: тұтынушы бағасының индексі, өндіруші бағасының индексі, ЖІӨ дефляторы және т.т.
Тұтыну бағасының индексі (CPI) – құрамына орташа қалалық отбасының бір жыл бойына тұтынатын тауарлары мен қызметтері кіретін тұтыну қоржынының нарықтық құны негізінде есептеледі. Тұтыну қоржынының құрамы базистік жыл деңгейінде белгіленеді. Жоғары дамыған елдерде тұтыну қоржынының құрамына тауарлар мен қызметтердің 300-400 түрі кіреді.
Өндіруші бағасының индексі (PPI) – өндіріске қажетті тауарлар (аралық өнімдер) қоржынының құны түрінде есептеледі және АҚШ-та оның құрамына 3200 атаулы тауарлар кіреді.
Бұл екі көрсеткіш статистикалық түрде базалық жылғы салмақты (көлемді) индекстер түрінде (Ласпейрес индекстері түрінде) есептеледі, осы айтылған салмақтарды (көлемдерді) есептеу өте ұзақ және қымбат процедура болғандықтан, оларды жыл сайын есептемейді, ереже бойынша бес жылда бір рет есептейді.
Тұрақты салмақты индекстер (CPI, PPI) Ласпейрес индекстері деп аталады және төмендегі формуламен есептеледі:
мұндағы және - базистік және ағымдағы кезеңге сәйкес і игілігінің бағасы; - базистік кезеңдегі і игілігінің саны.
Сәйкес жылдағы тұтыну шығынының құрамындағы әрбір игіліктің нақты үлесіне негізделген индекс Пааше индексі немесе салмағы өзгергіш индекс деп аталады:
мұндағы: – ағымдағы кезеңдегі і игілігінің саны; және – базистік және ағымдағы кезеңге сәйкес і игілігінің бағасы.
Егер Q-дің
орнына ЖІӨ құрамындағы барлық игілік
жиынтығын, ал P-нің орнына сәйкесінше
олардың бағаларын қоятын болсақ, онда
ЖІӨ дефляторын былай есептеуге болады:
ЖІӨ дефляторының
индексі = Атаулы ЖІӨ/нақты ЖІӨ.
Егер баға индексі 1-ден аз болса онда инфлирлеу, яғни ЖІӨ-ді ұлғайтуға бағытталған түзету; егер баға индексі 1-ден көп болса, онда дефлирлеу – ЖІӨ-нің азаюына бағытталған түзету орын алады.
Екі индекстің де кемшіліктері болғандықтан, бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқынын дәлірек есептеу үшін, Пааше индексі мен Ласпейрес индексінің геометриялық орташасын көрсететін, Фишердің «мінсіз» индексі деп аталатын көрсеткішті пайдалануға болады. Фишер индексі жоғарыда аталған индекстер кемшіліктерінің белгілі бір мөлшерін орташалайды:
мұндағы: PF – Фишер индексі;
PL – Ласпейрес индексі;
Pp – Пааше индексі.