Құнды қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 11:27, курсовая работа

Описание работы

Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды.

Содержание

Кіріспе
Құнды қағаздар нарығы.
Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері.
Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор
биржалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Кунды кагаздар нарыгы.doc

— 106.00 Кб (Скачать)
justify">      Қазакстан Республикасында қытырлаған купюрдың орнына пластикалық карточка өндіріле бастады. Бұл төлемнің ақшасыз жүйесін жеңілдеткен болар еді. Жобаны қысқа мерзімде өндіру көзделуде. Алдымен еліміздің барлық облыстық орталықтарынан бастау жүзеге асырылмақшы.

      Құнды қағаздардың ерекше түріне вексель де жатады. Вексель - шартты түрдегі вексель берушінің жазбашы қарыз міндеттілігі және белгіленген мерзімнен соң, вексель (иегеріне) ұстаушыға берешек ақша сомасын төлеу. Вексель қатаң белгіленген түрде құралады. Ол өзінің иегеріне онда көрсетілген ақша сомасын талап етуіне құқық бередік. Вексельдік міндеттемелер қысқа мерзімге беріледі. Әдетте бір жылға, көбінесе бір-екі айда бір рет болады. Вексель көбіне коммерциялық несиеге қызмет жасайды, ал вексельдік айналым кезінде ақшаны ауыстырады. Вексельды басқа адамға беру, индоссамент (индоссамент - жай және аударылатын векселдерді табыстау формасы) түрінде қол хат арқылы жүргізіледі. Вексель өзінің түрі жағынан жай және аудармалы болып бөлінеді. Жай вексель — бір немесе бірнеше адамдардың жазбаша міндеттілігі және белгілі.ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеу. Жай вексель ынтымақтастық жауапкершілікпен бірнеше адамға берілуі мүмкін.

     Аудармалы вексель (тратта) - бір адамның екіншіге берген жазбаша түрдегі бұйрығы және үшінші адамда белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеуі. Аудармалы вексель уақыты көрсетілмесе, талап еткен де ақысы төленеді. Аудармалы вексель көп мөлшерде тараған. Вексельдің түрі шығаратын елдің заңдарымен айқындалады. Вексель сыртқа саудада несие -есептесу қатынастарын іске асыру құралы түрінде кеңірек қолданылады. Банк займдар бергендегі банктердің өзара қатынастары вексель түрінде жүргізіледі. Банк акцептері банкке қойылған (аудармалы вексель және оның акцептелгені) кең көлемде тарауы белең ала бастады. Банк акцептерінің сенімділікке ие болуы халықаралық төлем құралы рөлін дұрыс аткаруға ықпал жасады. Вексельдік айналым нарық тығыздылыгы жағдайында кең шеңберде тарауы мүмкін. Ол кезде тауар өндіруші тауар тұтынушыға таласып, тіпті оған тауарды қарызға беруге дайын.

     Ұлттық банк 1994-ші жылы сәуірде қазыналық вексельдін бірінші аукционын өткізіп, оны үш ай мерзімде жабуды белгіледі. Вексельдер дисконтталған бағамен өткерілді немесе номинальды құннан төмен бағамен жүргізілуі. Сатып алу бағасын аукционға қатысушылар өз ұйғарымымен анықтайды. Мұндай аукционның мән-мағынасын бағалау ете қиындау.

      Біріншіден, кыска мерзімді міндеттемелерді шығару - Қазакстан үкіметі тәжірибесінде бірінші ірі еркениеттілік қадам боп табылады. Сондықтан бюджет тапшылығын жаңа ақшаны басып шығару тәсілімен емес, жеке және құқықтық түлғалар заем қорлары арқылы жабу; екіншіден, қазыналык векселдер аукционы Ұлттық банк тәжірибесінде ақша-несие саясатынын жаңа инструментін — екінші бағалы қағаздар нарығы операциясын - өндіруге ықпал жасады. Бұл екінші құнды қағаздар нарығы операциясы ақша массасының көлеміне әсер етеді. Екінші құнды қағаздар нарығы вексель иесіне кезкелген уақытта өзінің акшасын қайтарып бере алады және үш ай мерзімін күттірмей-ақ пайыз өсімімен бергізеді.

 

     Қортынды

    Нарықтық  экономикаға өтудің негізгі сипаты ретінде экономикамызда қор биржасындағы құндықағаздардың дамуы, оның қолданысқа енуі ерекше роль алады.

    Нарықтық   экономика   жағдайында   ресурстардың   сақтау   процесі    ұдайы    өндірісті   арттырады.   Ол   ұлттық   табыс   серпінінде    тұтыну     және   қолдану    арасындағы   қатынастар   өзгеріп   қана   қоймайды,  сонымен бірге   өзінің  қорлану   қорында ресурстарды    сақтау   есебінен   өндірістік   қорланудың    бөлігі   үлкен орын  алады.

    Дегенмен, Қазақстан Республикасы жаңа нарыққа  өтуге атсалысып жатқандықтан көптеген жаңа терминдер еніп, қолданысқа еніп жатыр.

 

     Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сейткасымов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и

фондовый  рынок, Алматы: Экономика, 1998 – 184с.

2. Жуков Е. Ф. Ценные  бумаги и фондовые  рынки: учебное  посоьие для вузов.  – М.: Банки и  биржы, ЮНИТИ, 1995 – 224с.

3. Семенкова Е. В.  Операции с ценными  бумагами. – М.: Переспектива, “ИНФРА-М”, 1997 – 328с.

4. Мейірбеков. А.Қ,   Әлімбетов. К.Ә. - “Кәсіпорын   экономикасы”. АЛМАТЫ,  2003

5. Бабақұлы.  Б. - “Тәуелсіздік,  нарық,  экономика”.

АЛМАТЫ,  1996 

Информация о работе Құнды қағаздар нарығы