Өндірістік теория. Өндірістік шығындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 21:14, реферат

Описание работы

Бүгінгі СӨЖ такырыбы Өндірістік теория. Өндірістік шығындар аясында болмақ. Менің ойымша бұл өте қызықты тақырып, себебі бұл бізге, микроэкономиканы енді зерттеп оқып бастаған экономист мамандарға, экономика құрамына тереңірек үңіліп, бүгінгі өзіндік жұмысымыздың арқасында оның ішкі құрылымын анализдеуге, сын көзбен қарауға, таңдалған тақырыбымыз бойынша өзіндік пікірімізді ашық түрде білдіруге, болашақ маман ретінде білім деңгейімізді айқын түрде көрсетуге зор мүмкіндіктер туғызады. Мұндай жұмыстар менің ойымша әрбір студенттің ой өрісін жетілдіруге септігін тигізеді деген ойдамын.

Работа содержит 1 файл

срс микро.doc

— 65.50 Кб (Скачать)


  Кіріспе

  Бүгінгі СӨЖ такырыбы Өндірістік теория. Өндірістік шығындар аясында болмақ. Менің ойымша бұл өте қызықты тақырып, себебі бұл бізге, микроэкономиканы енді зерттеп оқып бастаған экономист мамандарға, экономика құрамына тереңірек үңіліп, бүгінгі өзіндік жұмысымыздың арқасында оның ішкі құрылымын анализдеуге, сын көзбен қарауға, таңдалған тақырыбымыз бойынша өзіндік пікірімізді ашық түрде білдіруге, болашақ маман ретінде білім деңгейімізді айқын түрде көрсетуге зор мүмкіндіктер туғызады. Мұндай жұмыстар менің ойымша әрбір студенттің ой өрісін жетілдіруге септігін тигізеді деген ойдамын.

    Ал енді таңдалған тақырыпқа келейік. Микроэкономиканың Өндіріс теориясы.Өндірістік шығындар бөлімінде мен Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі деген тақырып таңдадым. Бұдан-  неге бұл такырыпты таңдадыңыз? деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауап берейін, бұл тақырыпты оқыған барысында менде үлкен қызуғышылық туындады. Өндіріс ауқымының өсуіндегі әрбір нұсқасын: оң тиімділігі, теріс тиімділігі, тұрақты тиімділігін қарастыра отырып менің назарым өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігіне түсті.Осыдан мен өзіме сұрақ туындаттым: Өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігіне қалай жетуге болады? Оған қандай факторлар әсер етеді? Оның экономикаға әсері деген сұрақтар мен мәселелер төңірегінде ой-толғау жүргізбекпін.

     Ол үшін не істеу керек, әрине әрбір кәсіпорындағы өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігіне қол жеткізу үшін жоғары дәрежелі мамандарды іске қосып, еңбекті бөлудің тиімді жолдарын іздестіру керек. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болып, ол өз кезегінде ел экономикасына елеулі оң әсерін тигізеді. Сондықтан қазіргі уақытта дұрыс, керекті мамандарды дайындау, білім деңгейін жоғары сатыға көтеру аса маңызды мәселе болып отыр.

   Өз еліміздегі өндіріс ауқымын қарастыра кететін болсақ  қаңтар айында Қазақстандағы өндіріс ауқымы 1,9 пайызға артты. Ақпаратты елдің статистика агенттігі таратып отыр. Тау-кен саласындағы өндіріс ауқымы сол қалпында қалды, қайта өңдеу саласы 5 пайызға артты. Қуат, газ, бу және ауатарату жүйелерінің өндірісі 7,5 пайызға ұлғайды. Сумен қамту, қалдық пен қоқыс тазалау салаларындағы өндіріс 19,1 пайызға кеміді. Статистика агенттігінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында елдегі мұнай, газ конденсатының өндірісі 6,9 млн. тоннаға жетті. Ал, табиғи газдың өндірісі 3,6 млрд. текше метрден асты. Өсім республиканың 13 аймағында тіркелген. Төмендеу Атырау, Батыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалып отыр.

Үкімет 2011 жылға өнеркәсіп өндірісінің болжамын 4,8-ден 6 пайызға көтеріп жіберді. Бұған жаңа жобалар мен қайта өңдеу саласындағы өндіріс ауқымының артуы әсер етеді. Тамыз айында елдегі өнеркәсіп саласының өсімі 3 пайызды еңсерді. Бұл жайында ай сайынғы «Ренессанс Капитал» есебінде жазылған. Өсімге энергетика саласындағы 8,6 пайыздық және тау-кен, өнеркәсіп салаларының 3 пайыздық өсімдері әсер етті. Өнеркәсіп өндірісінің тең жартысын қамтамасыз етіп отырған мұнай мен газ конденсатының өндірісі қаңтар-тамыз айларының аралығында 0,5 пайызға артты. Цементтің 5 млн. тоннасы өңделіп, өсім 16 пайызды еңсерді. Соңғы 7 айда ІЖӨ-ім 6,7 пайызға артты. Өткен жылдың бірінші жартысында аталған көрсеткіш 7,1 пайызды құраған еді. Төмендеу шілде айында төмендеп кеткен мұнай өндірісіне қатысты болып отыр. Сарапшылар бұл уақытша құбылыс, жыл соңына дейін жағдай түзеліп, өсім 6,5 пайызды еңсеретін болады деп болжап отыр.

   Бұл жұмыстың мақсаты теориялық және тәжірибелік бөлімдерді ұштастыра отырып, көтерілген сұрақ, мәселеге қатысты қанағаттандырарлықтай жауап табу мен өз тақырыбыңды кең түрде талқылап, оның экономикадағы орнын қарастыру. Істелген жұмыстың мақсаты мен түпкі ойын түсініп, ойға түю.

 

Әдебиетпен жұмыс

Ұзақ уақыт мерзімінде барлық өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін. Ұзақ мерзімді жоспарда менеджерлер барлық факторларды өзгерте отырып  өндіріс көлемін ұлғайта алады. Олар мысалы, барлық капитал, еңбек, қолданылатын шикізатты екі есе етуі мүмкін. Фирма өндіріс ауқымын барлық қолданатын факторлар бір пропорцияда өзгерген уақытта өзгертеді. Мысалы, жиһаз фабрикасы өндіріс ауқымын екі есе етіп өзгерте алар еді, егер қолданылып отырған мәшне, ғимарат, материалдар және жұмыс сағатын екі есе қылдыртса.

                                                                                                                             [1, 222]

  Үш түрлі нұсқа бар: 1 – өндіріс ауқымы өсуінің өсіп келе жатқан эффектісі, 2 – тұрақты эффект, 3 – төмендеген эффект. Бірінші суретте ОР сәулесінің бойында еңбек пен капитал 1:1 қатынасымен жұмсалынады. Бір айдағы 100 сағат машина уақыты мен 100 сағат еңбек уақытысынан бастайық. Бұл жағдайда ресурстар мөлшерінің шығарылымы 20 орындықтан тұрады. Егер машина және еңбек уақыты көлемін екі есеге арттырсақ , онда айына 85 орындық шығарылады. Шығарылым көлемі пропорциясы ресурстар жұмсалуының өсу пропорциясынан артқан кезде, өсіп келе жатқан өндіріс ауқымы эффектісін көруге болады. Бұл жерде жұмсалған ресурстар көлемін екі есе арттырғанда өнім шығарылымы екі еседен де артық болды. Дәл осы эффект шығарылымды екі есе, мысалы 20 орындықтан 40 орындыққа дейін арттыру ресурстарды екі еседен кем пайдалануға мүмкіндік туғызады. Суретте көрсетілгендей еңбек жұмсалуының және машина уақытының 50 % өсуі өнім көлемі шығарылымының екі есе артуына жеткілікті.

                                                                                                                          [2,175]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Өндіріс ауқымының оң әсері мемлекеттік саясатты әзірлеуде ескерілуі қажет. Егер өндіріс ауқымының оң әсері болса, экономикалық тұрғыдан көп ұсақ фирмаларға қарағанда өнім шығаратын бір үлкен компанияның  болуы тиімдірек . Мұндай үлкен компания өзінің орнатылған бағасын қадағалай алады, және осыған байланысты мемлекеттің баға мен компания әрекетін реттеу жөніндегі сұрақтарға араласуы керек бола алады. Мысалы, электроэнергия өндіріс ауқымының оң әсері үлкен энергетикалық компаниялардың жұмысына мемлекет тарапынан реттеуге түрткі болды.

                                                                                                                              [3,195]

  Өндіріс ауқымының тұрақты әсері, өнім көлемінің шығарылымы ресурстар шығынымен бірдей пропорцияда өскен кезде орын табады. Мысалы, екі есе өсірілген ресурс көлемі екі есеге артқан шығарылым көлеміне тең. Бұл екінші суретте көрсетілген. Еңбек пен капиталдың қолданылуы екі есе өскенде ( айына 500 сағаттан 1000 сағатқа дейін ) , өнім шығарылымы екі есе артты – айына 340-тан 680 орындыққа дейін.

    Өндіріс көлемінің өсуімен шартталған экономия, еңбек және материалдар экономиясының бөлінуі нәтижесінде өндірістік факторлар шығарылымының өсуінде құрылады. Бәлкім, біраз уақыт өткеннен кейін фирма, өндіріс көлемінің өсуінен туындаған экономдау мүмкіндіктерін тауысады. Бұл жағдайда жаңа міндеттемелер өндірістегі қалыпты жағдай болып қалыптасады. Орындық шығаратын фабрикалар да әр түрлі жерлерде құрылуы мүмкін. Әрбір фабрика бірдей өнім көлемін шығаруына болад. Осыдан, тағы бір фабриканың құрылуынан орындық шығару шығыстары екі есе өсірілуі шығарылымды екі есеге арттырады.

                                                                                                                                    [1,224]

 

                                                            

                                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

  Ақырында, өндірістік факторларды екі есе қолдануда  өнімнің шығарым көлемі екі еседен кем болуы. Бұл жағдайда біз кез келген фирмадағы үлкен ауқымды операцияларда болатын өндіріс ауқымының теріс әсерімен  бетпе бет келеміз. Соңғы нәтижесінде, үлкен ауқымды операцияларды жүргізудегі қиындықтармен  байланысты басқарудағы ауырлықтар капитал және еңбек қайтарылымдылығының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыдан келе, өндіріс ауқымының теріс әсері мәселелердің үйлестіруі қиындықтары мен жұмыскерлер мен басшылардың арасындағы арақатынастың сақталуымен байланысты.

                                                                                                                       [4,199]

 

  Тәжірибелік бөлім

  Бұл бөлімде біз енді өзіміз таңдаған кәсіпорынның қызметі аясында көтерілген сұрағымыз бойынша практикалық жұмыс жасаймыз. Яғни, белгілі бір фирманың қызметін талдау арқылы, жоғарыда таңдалған сұрақпен ұштастырып, соған жауап іздейміз.

  Мен “Байсерке Агро” ЖШС қаржылық қызметіне талдау жасамақпын. Байсерке агрокешені оңтүстік астанадан 15 шақырым жердегі Алматы обылысы   Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан. Ол 2001- жылы 7-желтоқсанда құрылған.Содан бері жұмысын үзбей  істеп келеді.

   “Байсерке Агро” ЖШС Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген азық – түлік бидайынан алынатын үш түрлі сорттан жоғарғы дәрежеде тартылған бидай ұнын шығарады.Диірменнің ай сайын шығаратын өнімі 3500 т құрайды. Фабриканың ай сайынғы өнңмділігі 150т.Макарон және диірмен цехтарының ішкі қойма жұмыстарын кешенлі механизациялауда шешу үшін пакетті жасайтын қондырғы қондырылған. Дайын өнімдер қоймасында механикалық жұмыс дәрежесінің қорытындысы бойынша қазіргі кезде 90% құрайды.

                                      Кәсіпорындағы пайданың құрылуы

                2004-2005 жж өнімді өткізуден түскен пайда мен шығын.

Көрсеткіштер атауы

2004 ж

2005 ж

Ауытқулар

 

 

+,-

%

Өнімді өткізуден түскен табыс

260286.6

417912.4

+157625.6

161

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

214224.5

350761

+136536.5

164

Жалпы табыс

46062.2

67151.4

+21089.2

146

Жалпы кезең шығыны

27867

34329.9

+6462.9

123

Негізгі қызметтен түскен табыс

18195.3

32821.5

+14626.2

180

Рентабельділік

8.5

9.4

+0.9

-

Көрсеткіштер бойынша өнімді өткізуден түскен табыс 2004  жылға қарағанда 2005 жылы  157625,6 теңгеге дейін өскен.Оның себебі 2005 жылы тауар шығару көлемі ұлғайтылды.  Ал жалпы табыс деңгейі  21089,2 теңгеге дейін көтерілді.

 

               Өндірістегі шығынның құрылуы  2004-2005 жыл аралығы

             

 Шығын элементтері

    Өткен жыл                

       2004 ж 

Есепті          2005  жыл                            

 Ауытқулар     +\- 

 Мың теңге

 Мың теңге

 

Шикізаттар мен материалдар 

 173521,8

81 

287273,3 

81,9 

 165,6

Жанар – жағар май 

 1285,3

 06

 1403

 0,4

 109,2

 Электроэнергия

 4070,3

 1,9

 7716,7

 2,2

 189,6

 Еңбекақы

 20940,7

 9,8

 33039,8

 9,4

 157,8

 Салықтар

 2570,7

 1,2

 4910,6

 1,4

 181,5

 Амортизация

 8783,2

 4,1

 13328,9

 3,8

 151,8

 Өзгеде шығындар

 3052,5

 1,4

 3088,7

 0,9

 101,2

 Қорытынды

 214224,5

 100

 350761

 100

 163,7

Информация о работе Өндірістік теория. Өндірістік шығындар