Өндірістік процесс

Автор: d**********@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 15:38, доклад

Описание работы

Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.
Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.
Өндірістік процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:
жай;
күрделі болып бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

Өндірістік процесс.doc

— 36.00 Кб (Скачать)

    Өндірістік  процесс 

    Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

    Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.

    Өндірістік  процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:

    • жай;
    • күрделі болып бөлінеді.

    Өндірістік  процестердің күрделілігі — кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен цехтарының, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр. Өндірістік процестер екіге бөлінеді:

    • еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді технологиялық процесс деп атайды.
    • еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді технологиялық емес процестер деп аталады.

    Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай:

    • негізгі;
    • көмекші;
    • қызмет көрсетуші (оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени);
    • басқару болып бөлінеді.

    Негізгі процесс технологиялық процесс болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

    Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне  қарай:

    • қолмен атқарылатын операция;
    • машина-қолмен;
    • машиналық;
    • автоматты;
    • аппаратты болып бөлінеді.

    Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталады. Технологиялық операция — бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өндеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын өндіріс процесінің бөлігі.

    Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде  пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.)

    Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:

    • тасымалдау;
    • қоймалық операциялар;
    • технологиялық бақылау.

    Басқару процесі — өндіріс барысындағы  пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

    Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы — көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.

    Өндірістік  процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

    • жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандандыруды тереңдету — еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
    • үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
    • қатар даму — өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат — еңбек аясын кеңейту;
    • аралас даму принципі - бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өндеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;

    үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;

    ырғақтылық — технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;

    автоматтандыру  принципі - өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру.

Информация о работе Өндірістік процесс