Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 16:33, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің ішкі экономикасында нарықтың қалыптасуы мен Қазақстанның халықаралық жүйедегі мәдениетті нарықтық қатынастарға көшу процесі жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу мен бәсекені дамыту барысында көптеген өндірістік кәсіпорындарда жалпы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында айналым қаражаттарының жетіспеуі, ескірген технологиялар, өз жұмысын толық атқарған негізгі қорлар және мемлекет жанынан дұрыс ақша-несие саясатының болмауы сияқты әртүрлі қиындықтармен ұшырасады.Яғни әр адамда қалыптасқан ой – бұл әр істің бастауында ақша – қаражат керек

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары
1.1 Өндіріс – кәсіпорынның бастапқы негізі...............................................................4
1.2 Өндірісті ұйымдастыру процесі...............................................................................6
1.3 Өндірісті ұйымдастыру формалары........................................................................7
ІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы
2.1 Өндірістік кәсіпорын – экономиканың ажырамас құрамдас бөлігі.....................8
2.2 Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.................................................................................................................11
2.3 Өндірістік кәсіпорын қызметінің экономикадағы пайдалылығы.......................12

ІІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынның ұйымдастырылуы және қазіргі жағдайы, оны жетілдіру саясаты
3.1 ҚР өндірістік кәсіпорынның қазіргі жағдайы......................................................14
3.2 ҚР өндірістік кәсіпорынның дамуы мен әрі жетілдіру саясаты.........................16
3.3 Өндірісті ұйымдастыру – экономиканың бастапқы бөлігі..................................21


Қорытынды..................................................................................................................23

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары.doc

— 195.50 Кб (Скачать)
 
 

Кіріспе..............................................................................................................................3 
 

І – ТАРАУ.  Өндірістік кәсіпорын жалпы  анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары 

1.1 Өндіріс –  кәсіпорынның  бастапқы негізі...............................................................4 

1.2 Өндірісті ұйымдастыру процесі...............................................................................6 

1.3 Өндірісті ұйымдастыру формалары........................................................................7 

ІІ  – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы 

2.1 Өндірістік кәсіпорын – экономиканың ажырамас құрамдас бөлігі.....................8 

2.2 Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындар  шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.................................................................................................................11 

2.3 Өндірістік кәсіпорын қызметінің экономикадағы пайдалылығы.......................12 
 

ІІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынның ұйымдастырылуы және  қазіргі жағдайы, оны жетілдіру саясаты 

3.1 ҚР өндірістік кәсіпорынның қазіргі жағдайы......................................................14 

3.2 ҚР өндірістік кәсіпорынның дамуы мен әрі жетілдіру саясаты.........................16 

3.3 Өндірісті ұйымдастыру – экономиканың бастапқы бөлігі..................................21 
 
 

Қорытынды..................................................................................................................23 
 

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................24 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

        Қазіргі таңда еліміздің ішкі  экономикасында нарықтың қалыптасуы  мен Қазақстанның халықаралық  жүйедегі мәдениетті нарықтық  қатынастарға көшу процесі жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу мен бәсекені дамыту барысында көптеген өндірістік кәсіпорындарда жалпы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында айналым қаражаттарының жетіспеуі, ескірген технологиялар, өз жұмысын толық атқарған негізгі қорлар және мемлекет жанынан дұрыс ақша-несие саясатының болмауы сияқты әртүрлі қиындықтармен ұшырасады.Яғни әр адамда қалыптасқан ой – бұл әр істің бастауында ақша – қаражат керек. Бұл негізгі  шара, бірақ та жеке шаруа болсын, әлде заңды тұғалы болсын, тиімді жоспар жасап  - өндірісті ұйымдастыру ппроцесі бастапқы орында болады. Өндірістік кәсіпорында нвестиция қажет тұтылады. Бұл табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатында өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске бағытталуы тиіс. Ұзақ мерзімді инвестициялар тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мәнге ие бола бастады, сонымен қатар ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі өндірістік кәсіпорындық қызметке қажетті материалдық құндылықтардың, капиталдардың, қаржылық салымдар мен болашақта табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың жиынтығын айқын көрсетеді.Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар, ұйымдар және тағы да басқа шаруашылық субьектілері мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану туралы келісім-шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін инвесторлар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет. Ақпараттардың сенімді болуы үшін аудиторлық тексеру жүргізілу қажет. Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне, соның ішінде инвестициялық процеске қатысушылардың, яғни инвесторлардың қызметінде маңызды орын алады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді және инвесторлар мен акционерлер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді.Инвестицияларды жүзеге асырушы коммерциялық ұйымның, кәсіпорындардың негізгі мақсаты – қаржы  салымын жұмсап отырған саланы, өндірісті, құрылысты әрі қарай өркендетіп, дамыту арқылы табыстың көлемін барынша максимизациялау болып табылады.

Курстық жұмысының міндеттері:

  1. Өндірісті ұйымдастыру бизнестің экономикалық  жүйедегі  дамытудың варианттарын  зерттеу  арқылы ролін  қарастыру;
  2. Өндірісті ұйымдастыру процесінің түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;
  3. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін ұйымдастыруды дамыту  жолдарын  әзірлеу.
 
 
 

І – ТАРАУ.  Өндірістік кәсіпорын жалпы  анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары

1.1 Өндіріс  – кәсіпорынның  бастапқы негізі 
 
 

      Қазақстандағы өндірісті ұйымдастыру туралы «түсіндірме» келістірместен бұрын, жалпы кәсіпорындар жөнінде қысқаша тарихи деректерін еске түсіре кетейін: 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «кәсіпорындарда комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.  Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын  ұйымдастыру ұйғарылды.

     Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік  сипатын қалыптастырудың басты  күштерінің бірі кәсіпорындағы кәсіпкерлік  қызметін  жетілдіру болып табылады. Жалпы осыған байланысты стратегияны дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

  • Кәсіпорын субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • Кәсіпорын қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
  • Кәсіпорын қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

      Төртінші  шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

      Кәсіпорындағы  кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі  стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын. Курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы кәсіпкерлік қызмет». Жалпы курста «Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны», бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым. «Кәсіпкерлік бәсекелестік». бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған. «Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу». Бұнда кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы баяндалған. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Өндірісті ұйымдастыру процесі 
 

       Өндірісті ұйымдастыру  формасы пайда  болмастан бұрын  алдын – ала  бір жоба немесе  жоспар пайдаланылуы  қажет. Сондықтан  да ең алдымен өнеркәсіп саясатын мазмұндап кеткен жөн. Өнеркәсіп саясатының қалыптастыру мазмұны – Қазақстан Республикамыздың кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықта бәсеке қабілеттілігін арттыру. Өнеркәсіп саясатының обьектісі – елдің барлық өнеркәсіп кешені жатады, яғни оған өнеркәсіптің барлық салалары, салалық, құрылымдық, ғылыми – техникалық және инновациялық саясат басқару органдары, барлық шаруашылық субьектісі, ірі корпорациялар, қаржы өнеркәсіптік топтар, акционерлік қоғамдар және тағы басқа өнеркәсіптік саясатты жүргізуге мүдделі шаруашылық құрылымдар өнеркәсіптік саясаттарының орта мерзімді мақсаты – халық шаруашылық индустриалдық – құрылымдық және техникалық қайта құру, кеңейтілген ұдайы өндірісті қалпына келтіру, ал тактикалық мақсаты – ағымдағы міндеттерді шешешді. Атап айтқанда өндірістердің құрлдыраудың алдын – алу, әлеуметтік тұрақты өсуіне жағдай жасау. Өнеркәсіп саясаттың түрлері: экономикалық өсудің сипатына қарай теңдестірілген және теңдестрілімеген өнеркәсіп саясаты, өнеркәсіп кешеніне ықпал ету әдісіне қарай, өнеркәсіп саясатының белсенді және енжар түрі, бағытына қарай жалпы жүйелілік және сирективті ой саясаты, мазмұнына қарай экспортқа бағытталған, импорт алмастырушы және иноовациялық типтегі, көлемділігіне қарай жалпыұлттық және аймақтық болып бөлінеді. Жоғарғы тараулар мен бөлімдерде айтылып кеткендей кәсіпорын ивнестиция яғни қаржысыз, бола алмайды. Жалпы өндірістік кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.       
 
 
 
 
 

  
 

1.3 Өндірісті ұйымдастыру формалары 
 

Өндірісті ұйымдастыру формаларына  – «қосу» формасы жатады.

        Қосу – бір кәсіпорын комбинат щеңберінде бір немесе бірнеше әртүрлі өнеркәсіп салаларынының өзара байланысқан әртекті өңдірістердің техникалық қосылысын білдіретін өндірісті қоғамдастыру формаларын айтады.

Мысалы: комбинаттар темір  - рудалық шойын  құйятын, прокат сияқты металлургияның әртүрлі өнімдерін шығарады. 4 сала қосылады. Осы белгілеріне мыналар жатады: әртүрлі өндірістерді біріктіру, Олардың арасындағы пропорционалдық техника – экономикалық бірлік. Сонымен қатар комбинатқа біріктірілген комбинаттақ өндіріс бір территорияда араласып бір – бірімен ортақ коммуникация арқылы байланысқан. Ортақ энергетикалық шаруашылық және ортақ көмекші – қызмет көрсетуші шаруашылықтар бар. Техника экономикалық бірлік комбинаттың барлық өндірістердің шығарылатын өнімдер  сапасы. Номенклатурасы және саны б – ша саны бойынша сәйкес болуымен көрінеді. Бір өндіріс өнімі екіншісіне бір өндірістің шикізатты жартылай фабрикатты немесе отыны болып табылады.

Өнеркәсіптік  комбинаттарда әр түрлі территорияларда  орналасқан немесе бір территорияда орналаса отырып шикізаттарды тізбектей  өңдеумен өндіріс қалдықтарын кешенді  қолданумен айналыспайтын біртекті кәсіпорындар, бірлестіктермен орналастыруға болмайды.

          Шикізаттармен материалдарды қайта өңдеудің өндірістік процесінде, өнеркәсіптік қосу үш формада болады. 
 

Ең  бірінші формасы  – 

                   Шикізатты дайын өнімді алғанға  дейін тізбектей қайта өңдеу 

 
 

        Өндірісті қолдану негізінде қосу – бұл ағаш өңдеу, тамақ және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен тараған. Қосудың бұл формасының маңызы зор себебі. Шикізаттың негізгі өнімді алғаннан кейін көптеген қалдық заттар артыққалып қояды. Әрі қарай тиімді қолдану өнімнің материал сыйымдылығын азайтып өнеркәсіптің шикізаттың базасын кеңейтеді. Шикізатты кешенді қайта өңдеу негізінде қосу. Органикалық шикізаттарды: мұнай-газ, сияқты, торф, көмір. Қайта өңдеумен айналысатын және еңбек зат ретінде кешенді рудаларды, полиметалдарды қолданатын кәсіпорындарда кең таралған.

        Қосудың тікелей, көлдеңен  және аралас түрлері бар.Тікелей қосуда шикізатты дайын өнім немесе жартылай фабрикат етіп қайта өңдеу. Көлдеңен қосу – шикізатты кешенді қайта қоңдыру .Аралас қосу – шикізаттың бір түрінен тізбектей өңдей отырып, негізгі жартылай фабрикатты немесе бұйымдарда алады. Ал пайда болған қалдықтан қосымша жартылай – фабрикаттармен дайын өнімдер жасалады.

Информация о работе Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы