Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 20:29, курсовая работа
Мен осы тақырАуыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]ыппен танысқым келеді
Мында өту: шарлау, іздеу
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]
Мазмұны
[жасыр]
|
[өңдеу] Тарихы
Комбайндар, Питер Брейгель, 1565 жыл.
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
[өңдеу] Ауыл шаруашылығының маңызы
Ауыл шаруашылығы
— шаруашылық салаларының ішіндегі
ең ежелгі және табиғат жағдайларына
тікелей тәуелді саласы. Сонымен
қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым
көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде
халқы ауыл шаруашылығының түрлі
салаларымен айналыспайтын
Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
Аймақтар | Жұмыс істейтіндер саны, млн адам | ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, % | Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санындағы жеке аймақтар үлесі, % |
Азия | 1034 | 57,5 | 79,1 |
Африка | 190 | 58,7 | 14,5 |
Солтүстік Америка | 21 | 9,2 | 1,6 |
Оңтүстік Америка | 27 | 18,8 | 2.1 |
Еуропа (Ресеймен бірге) | 33 | 9,3 | 2.5 |
Аустралия мен Мұхит аралдары | 3 | 19,0 | 0.2 |
Дүниежүзі | 1308 | 45,6 | 100.0 |
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында
жұмыс істейтіндер саны үлкен
айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа
елдерінде бұл көрсеткіш — 8%,
АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде —
14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы
елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға
қараңдар).
Ауылшаруашылық
географиясы климаттық, әлеуметтік
және өндірістік факторлары әсерінен
ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып,
дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін
ауыл шаруашылығы климаттық
[өңдеу] Аграрлық қатынастар
Дүниежүзінің
кез келген елінің ауыл шаруашылығы
өзара бір-бірімен тығыз
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған
елдердің көпшілігінде жер қорының
біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің
— фермерлердің қолында шоғырланған.
Оларға берілген орташа жер мөлшері
— 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы
— мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының
1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде
аграрлық қатынастар түрліше сипатты
болып келеді. Азия мен Африканың
бірқатар елдерінде жергілікті және
сырттан әкелінген күрделі
[өңдеу] Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазакстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;
Информация о работе Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономика байланысы