Өндірістің табыстылыңын арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 12:03, доклад

Описание работы

Өндірістің табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.docx

— 20.86 Кб (Скачать)

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті

Жетпісов  Мұхтар

E-mail: zhetpisovmukhtar@mail.ru

               Ғылыми жетекшіcі: Расулова А.М.

Экономика кафедрасының оқытушысы 
 
 

    ӨНДІРІСТІҢ  ТАБЫСТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ТЕТІКТЕРІ  

   Бизнестің кез-келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжал  болғанын қалайды. Табыс екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстын қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті  өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша – оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды реурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті  және еңбекті техникалық жағынан  ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көріп тұрғанымыздай оларды тиімді басқаруға көп күш керек.

   Өндірістің  табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері  кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың  соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда  бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді. Және де тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын да көрсетеді.

   Өндірістің  табыстылығын арттыруға бірнеше  факторлар әсер етеді, оларға

  • өндірілген өнім көлемінің өсуі
  • өнімнің өзіндік кқнының төмендеуі
  • қорларды құрыс пайдалану
  • еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану
  • пайда көлемінің өсуі
  • ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін енгізу
  • запас мөлшерін дұрыс анықтау және ұстап тұру

және т.б әсер етеді.

    Өндіріс табыстылығын жоғарылату үшін әртүрлі  қаражаттар қолданылады. Солардың ішіндегі негізгісі болып табылатыны ол кәсіпорын  тапқан пайда көлемі.енді бізде пайданы  қалай көбейтеміз деген сұрақ  пайда болады. Біріншіден нарықтағы тауардың өтімділігін анықтау керек.

    Нарыққа өндірген өнім көлемі, бағаның орташа деңгейі, өнділген тауарды тұтыну, тапқан жалпы табыс және т.б. көптеген көрсеткіштер тәуелді. Бірінші кезекте әрбір  тауар түрінің соңғы 3-5 жылдағы  өту қарқынын білу керек.

    Тауарлардың өтімділігі бойынша төрт категорияга  бөлуге болады.

      Кәсіпорынға негізгі табысты  әкелетін және және оның экономикалық  өсуіне әсер ететін тауарлар

    Косымша қаражат тартуды қажет етпейтін, бірінші деңгеймен салыстырғанда  байқала бермейтін, бирак кәсіпорын  экономикасының өсуіне әсерін тигізіп  отыратын тауарлар.

    Жаңа  тауарлар, яғни дәл қазір оларға сұраныс жок, бірақ болашакта биринши деңгейдегі тауар болу ықтималдығы жоғары тауарлар.

    Сұранысы  жок тауарлар кәсіпорынға табыс  әкелмейтін, банкротка ұшырататын тауарлар. Оларды тек қана белгілі бір деңгейде жетілдіру арқылы ғана өткізуге боладыОл үшін алдымен өндіріс жоспарының орындалуы мен өнім шығаруды анықтауымыз керек.

    Екіншіден өндіріс көлемі мен өнім шығаруды анықтау керек. Өндіріс көлемі мен өнім шығару өзара тәуелді көрсеткіштер болып табылады. Өндірістің шектеулі мүмкіндігі мен шексіз сұраныс өндірістегі өнім көлемін, яғни сату көлемін анықтайды. Бірақ нарықты толтыру және бәсекелестіктің артуынан сатылатын өнім көлемін өнеркәсіп анықтамайды, керісінше өнеркәсіптің өндіру көлемі мүмкін болатын сату көлеміне байланысты болады. Кәсіпорын өзінің қандай тауар және оны қандай көлемде өндіретіндігін нақты анықтауы тиіс. Кәсіпорын әрбір тауарын өткізгенде, сұраныс жоғары деңгейде болса да, өнімнің біраз бөлігін арнайы тапсырыстар мен келісімдер арқылы өткізген дұрыс.

    Өндірістің  өсуі және өндірілген өнім көлемінің  өсуі, оның сапасының жоғарылауы табыстың және кәсіпорын тиімділік көрсеткіштеріне  ақырындап әсер етеді. Сондықтан  да мына көрсеткіштерді талдаудың үлкен  мағынасы бар.

  • Өндірістің және өндірілген тауар динамикасы және жоспардың орындалу деңгейі
  • Осы көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау
  • Өнімді өндіруді және шығаруды арттыратын кәсіпорынның ішкі себептерін анықтау
  • Қорды дұрыс өңдеу және меңгеру

    Өндіріс және өнім өндіру көлемі табиғы, еңбектік және құндық өлшенуі мүмкін. Кәсіпорын  қызметінің жалпылама көрсеткіш  көлемін баға құнының көмегімен  алады, яғни салыстырмалы және ағымдағы бағаларды қолданады.

    Өнім  өндіру көлемі – тұтынушылардың өнімді тұтынуымен, немесе бағасымен анықталады; ағымдағы бағамен салыстыру және жоспар арқылы анықталады. Нарықтық экономикада  бұл көрсеткіштер негізгі болып  табылады. Бұл көрсеткіштерге өнімі  қалай сатылатындығы, нарықта оған сұраныстың қаншалықты болуы, канша  көлемде өндірілуі тәуелді болады.

    Өндірістік жоспарлардың орындалу деңгейі өндіріс және өндірілген өнім көлеміне көп әсер етеді. Өндірістің көлемін талдағанда біртектес өнімдерді жеке-жеке түрімен, тобымен бөліп оларды қолдану керек.

    Өнім  өндіру өнімді жеткізуге жасалған келісіммен тығыз байланысты. Келісім бойынша жоспардың толық орындалмауы кәсіпорын үшін табыстың азаюына, айыппұл санкцияларын төлеуге әкеледі. Сонымен қатар, кәсіпорын бәсекелестік нарықта өнімнің өтімділігін жоғалтып алуы мүмкін, яғни, өзімен бірге өндірісте құлдырайды.

    Жеткізілмеген өнім  тек кәсіпорын қызметіне  ғана теріс әсер етпейді, сонымен  қатар сауда-саттықпен айналысатын  мекемелерге, өзара серіктес кәсіпорындарға т.б. әсер етеді. Өнімді өндіруде тағы бір басты назар аударатын жайт мемлекеттік тапсырыстар, олармен бірге жеткізу және тауарды экспорттау

    Өндірісті және өнімді өткізу процесінде сұранысы жок өнімдерге тәуекелді қажетті  деңгейде бағалау керек, мүмкін оған сұраныстың туындауы кәсіпорынға залалын  тигізуі мүмкін. Яғни материалдық  және моральдык шығынға ұшыратуы мүмкін. Әрбір кәсіпорын өзінің қандай да бір өнімі іске асырылмаса оның себебін міндетті түрде білу керек. Күтпеген зардаптарды болдырмас  үшін қажетті факторлардың пайда  болуын білу керек, яғни мақсатқа жету жолында қателіктерді болмау, болған жағдайда минималды шығын болу керек. Кәсіпорынның табыстылығына әсер ететін брлық факторларды екіге бөлуге болады, яғни ішкі және сыртқы факторлар.

      Ішкі себептер: кәсіпорын өндіретін  өнімге сұранысты дұрыс есептемеу;  нарықтағы өтімділікті ескермеген  дұрыс емес баға саясаты; бәсекеге  қабілеттілігн төмендеуі, яғни, өнімнің  сапасын төмендетуі, құрал-жабдықтардың, технологияның ескіруі; басқарудың  дұрыс ұйымдастырылмауы; өнім өткізудің  және жарнаманың нәтижесіздігі.

    Сыртқы  себептері: тұтынушылардың сатып алу  қабілетінің төмендігі; үлес бойынша  пайыз ставкасының жоғары болуы; демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және тағы басқа себептер.

    Көптеген  кәсіпорындарда аса назар аудара бермейтін, бірақ табыстылықа әсер ету ықтималдығы бар фактор сұранысы жоқ тауарларға тәуекел жасау. Нарықта  сұранысы жоқ тауарларды басқа өндіріс  орындары шығармайды. Яғни ол тауарлар шығын болып есептеледі. Бұл тек  бір жағы болады, ал екінші жағынан  қарасақ бұл тауарларды өңдеп  қайта шығаруға болады.

    Сұранысы  жоқ өнімдерді екі топқа бөлуге болады: жеңуге болатын және жеңуге болмайтын. Олардың бірінші тобына қосымша қаржы бөлсе, сыртқы дизайнын өзгертсе, сапасын жақсартса, орамасын (упаковка), жарнамасын т.б. косымша  жетілдірулер арқылы өткізуге болатын  тауарлар.

    Сұранысы  жоқ тауарларға тәуекел өндіріске  дейінгі, өндірістік және өндірістен кейінгі  болуы мүмкін. Өндіріске дейінгі сатыда өнімнің бұрынғы түрін шығаруға кіріспей, жаңа түрін өндіруге болады; өндірістік сатыдағы тауардың сыртқы дизайнын, құрылысын, нарықта өту бағасын өзгертеді; ал өндірістен кейінгі сатысында кәсіпорынға ойлануға тура келеді, себебі әрбір өтпей қалған дайын өнім кәсіпорын үшін банкрот деп есептеуге болады. 

    Сұранысы  жоқ тауарға тәуекелді бағалау үшін, тұтынушылардың өндіретін өнімге қаншалықты қажеттілігі бар екенін талдау керек. Мүмкін ол өнімге сұраныс бар, тек аталған өнімнің сапасы, бағасы, сырткы дизайны т.б жақтары тұтынушыға өнімді сатып алуға кедергі жасайтын шығар. Өтпей қалған тауарлардың санын әрбір түрі бойынша анықтау, олардың жалпы сату көлеміндегі үлесін және өнімді сату жылдамдығын анықтау керек.

    Табыстылықтың өсуі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің  жоғарылауы тапқан пайданың арқасында  емес, әрбір тенге түріндегі шығындарға келетін табыстың көбейгенін көрсетеді. Өндірістің табыстылығын арттыру арқылы кәсіпорын нарықтағы өзінің үлесін көбейтуге, бәсеке қабілеттігін арттыруға, тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік алады. Егер Қазақстандағы барлық өндіріс орындары жоғарыда аталғандай табыстылығын арттырып, бәсекеге қабілеттігін арттырса онда отандық өнімдер нарықтағы шетелдік өнімдерді біртіндеп ығыстырады. Бұндай жағдайда халықтың экономикалық жағдайы көтеріліп, әлеуметтік жағдайы біршама жоғарылайды. Ал халықтың жағдайының көтерілуі бұл мемлекеттін жоғарылауы, бәсекеге қабілеттігінің артуы.  

Информация о работе Өндірістің табыстылыңын арттыру