Өндіріс және оның мәні, факторлары және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:14, реферат

Описание работы

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сиымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Работа содержит 1 файл

экономика.docx

— 43.45 Кб (Скачать)

Өндіріс және оның мәні, факторлары және түрлері

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сиымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады.Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін –  өзңұдайы өндіреді.Өнеркәсіп материалдық  жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды  тұтына отырып, матералдық өндірістерді ұдайы өндіреді. Өндіріса процесітек қана үш факторлардың – адамның  жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек  құралдары – өзара іс – әрекеті  арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.Бірінші фактор – жеке түрде жүзеге асса, екіншісі мен үшіншісі – өндіріс процестерінің заттық факторы  ретінде іске асады.Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері қандай да болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал – жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Жұмыс күші – бұл адамның дене мен рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады.Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін жұмыс күші әрбір кезде іс – әрекетте болуы қажет, басқаша айқанда, оның факторы болып қалады.

Қазіргі кезде еңбек затының  өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің күші болып табылады.Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы  цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта  және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек  құрал – саймандарының адам табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны   еңбек процесінде қолданады.

Еңбек құрал –  саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.Еңбек құрал – саймандарының даму деңгейі көп жағдайда һндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады.Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесңндң дамыды:жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми техникалық революция бұған жаңа компонентті қосты – электронды басқары құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмыстар атқарады.Осы процесінен шығады жәнеонымен қатар тұрады.Нәтижесінде технологида түбегейлі өзгереді.

Еңбек заты мен құрал –  саймандар бірге өндіріс құрал – жабдықтарын құрайды.

Әрбір жеке адам жұмыс істейді, бірақ  барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипатта болады,: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал – жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, соныман қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.Адамдар қоғамның басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал – жабдықтарын іске қосады.Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында – басты еңбек құралдары ретінде.

Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып қалған болып табылмайды.

Мысалы, маржинализм теориясының  топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады.Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер  және т.б. жатады.

Капитал – бұл машина, құрал – жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары жатады.

Еңбек адамның ақыл – ой дене қызметтерін көрсетеді.Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелінетін, мақсатқа сәйкес істелінетін, мақсатқа сай қызмет, ал жануарлар слқыр сезімге бағынып әрекет етеді.Ең нашар сәулетшінің, - деп жазды К.Маркс, ең шебер арадан артықшылығы сонда – сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяны алдын – ала жобалап алады.

Кәсіпкерлік қабілет – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық қатынастары сай келеді.

Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері.

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының  тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:

А)натуралды шаруашылық;

Б)тауарлы шаруашылық;

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті  ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал – саймандарының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.

Натуралды шаруашылық алғашқы  қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық  өндіріс әдістерінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы  кезеңінде еңбек өнімінің бір  бөлігі тауарға айналады. Бұл мал  шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және  өндірушылердегі артық өнімнің  құрылуына алып келеді. Өз кезегінде  бұл олардың арасында айырбасты  тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің  дамуына түрткі болады. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.

Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамының  жоғары түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.

Өндірісті ұйымдастырудың натуралды  түрі қазіргі жағдайдада орын алуда. Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы  – өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар  өндірісіне айналады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс  – бұл дамыған тауар өндірісіндегі  тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы  және оның мамандануы. Еңбек  бөлінісі өндірістің өсуімен барынша көп  түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс  саласында, әсіресе өнеркәсіпте  – өте көрнекілікпен байқалады.Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымды: энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, ауылшаруашылығындағы машина жасау,  Автомобиль жасау және т.б. Жеңіл өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тігін өнеркәсібі және т.б. Тамақ өнеркәсібінде: нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, ет тағамдары, сүт тағамдары және т.б. Еңбек бөлінісі мен оның мамандануының дәрежесі тереңдесе,онда нарықтық жұмыс жасайтын кәсіпорынның тауарлық дәрежесі жоғарылайды және нарық мөлшері артады.

Тарихи тағлым көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы  төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:

  • Бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
  • Алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
  • Тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы ( отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы);

Тауар өндірісінің екі  түрі бар: жай және капиталистік. Олар бір типті, себебі олардың негізінде  өндіріс құрал – жабдығына  деген жеке меншік жатады және ол екеуіде  өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың өз арасында өз айырмашылықтары  бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен  жасалады.Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде  өнімді өндіріс құрал - жабдығы жоқ  жалдамалы жұмысшы жасайды.

Сөйтіп, қазіргі нарықтық қатынастар тек қанакәсіпорын, шаруашылықтың жоғары тауарлық деңгейінің және тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануының негізінде қалыптасады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік арқылы деген сөз. Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нарыққа көщу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қалыптастырады.

       Қоғамдық өндірістің құрылымы

Адам қоғамның дамуы негізінен  материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамда тамақ өнімдері, киім, тұрғын – үй және т.б. болуы қажет. Материалдық  және рухани игіліктер өндірісін  тоқтатқан болса, онда  адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.

Материалдық өндірістер саласы – халық шаруашылығы салаларының  төмендегідей   материалдық игіліктер  өндірісі (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс ) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу, тігу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.

 

Қызмет саласы


Матеиалдық емес қызметтерді  өндіру


Материалдық емес игіліктерді өндіру


Материалдық қызметтерді  өндіру


Материалдық игіліктерді  өндіру


Материалды емес


Материалды


Қоғамдық өндіріс


Қазіргі қоғамның өндірістік құрылымы



Информация о работе Өндіріс және оның мәні, факторлары және түрлері