Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құны

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:44, реферат

Описание работы

Өзіндік құнның тапсырысты калькуляциясы - өнімді арнайы тапсырысы бойынша орындау немесе уникальды (өте сирек) өнімді даярлау кезінде қолданылатын және өнімнің бірлігінің орташа емес, тек қана дербес (индивидуалды) өнім бірлігінің өзіндік құны туралы ақпаратты беретін әдіс. Шығындардың бұл тәсілінде өндірістік материалдары (1), өндірістік жұмысшыларының еңбек ақылары (2) және жалпыөндірістік (жанама) шығыстар (3) әр бір индивидуалды тапсырысқа (n) немесе өнімнің партиясына (і) жатқызылады. [(1+2+3) – n(i)].

Работа содержит 1 файл

Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі БАЯН БУХ.doc

— 60.50 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Тапсырыстық есеп және өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі.

 

 

        Өзіндік құнның  тапсырысты калькуляциясы - өнімді арнайы тапсырысы бойынша орындау немесе уникальды (өте сирек) өнімді даярлау кезінде қолданылатын және өнімнің бірлігінің орташа емес, тек қана дербес (индивидуалды) өнім бірлігінің өзіндік құны туралы ақпаратты беретін әдіс. Шығындардың бұл тәсілінде өндірістік материалдары (1), өндірістік жұмысшыларының еңбек ақылары (2) және жалпыөндірістік (жанама) шығыстар (3) әр бір индивидуалды тапсырысқа (n) немесе өнімнің партиясына (і) жатқызылады. [(1+2+3) – n(i)]. Бұйымның өзіндік құнын анықтау кезінде әр бір тапсырысқа  жұмсыалған жалпыөндірістік шығыстарын қосу тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігінің санына бөледі.

Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:

  • Барлық шығарылған шығындар туралы мәлеттерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлерімен дайын өнім партияларына жатқызу;
  • Тек бір ғана шотты жүргізу «аяқталмаған өндіріс» (батыс есебінде барлық өндірісітік шығындарын жинақтау, тек осы «аяқталмаған өндірісітік» шоттында көрсетіледі). Осы шот өндірістегі әрбір тапсырысы бойынша  шығындар есебінің   жекеленген карточкаларын енгізуді ұғымдандырады.

Тапсырыс бойынша  шығындар калькуляциясы (немесе шығындардың  тапсырысты калькуляциясы) өте жай  процедура болып табылады, өткені оны нақты физикалық өндірістік процеспен салыстыруға болады. Бірақта, тапсырыстап бойынша шығындар калькулякиясы, процестер бойынша шығындар калькуляциясына қарағанда мәліметтерді өңдеу, нәтижелерді салыстыру және бақылау бойынша жұмыстардың едәуір үлкен көлемін талап етеді.

Шығындардың тапсырысты калькуляциясының мынадай әр түрлы өндірістік жүйеде кең түрде қолдануға болады, мысалы:

  • Авто көліктерді жөндеу шеберханадарында;
  • Тапсырыс бойынша жихаз өндіруде;
  • Кітаптар шығаратын баслымдық өндірістік процестерінде;
  • Химиялық өнімді өндіруде.

Барлық келтірілген  процестерді дискертті жұмыс деп санауға болады, өйткені олар уақыт  дипазонымен  реттелген, себебі  басталуы  мен  аяқталуы белгіленіп  қойылған.  Осыдан, әртүрлі өндірістік жүйелерінде қолданылатын жоспарлы - есептік бірлігіне басты назар аударады, ал өнімді шығаруға кететін шығындарды топтастыру мен лакализациялау арқылы анықталады.

2.Шығындар есебінің  калькуляциялау объектілері.

 

Тапсырыстар бойынша  шығындарды калькуляциялаудың басты  тетігі (құжаты) болып, белгілі бір  өндірісте немесе көмекші службаларды  орындалатын міндеттер  немесе әрбір жұмыс түрі үшін арнлған карточкасы( немесе «тапсырысты ашу» немесе наряты тапсырыс) саналады. Жұмыс карточкасының белгілі бір жұмыстарға жатқызылған шығындардың барлық элементері жазылады: запастан (немесе қордан) алынған материалдар, пайдаланылған жұмыс күші, басқа службалардың жұмыстары және көп жағдайда машиналар мен басқа да тұрақты құрал жабдықтарды пайдалануға кеткен тұрақты шығындар. Жұмыс карточкалар толтырылғаннан кейін, сосын олар жалпы жұмыстық кестесінде жинақталады, онда олардың күн бойындағы белгілі бір өндірістік процестер бойынша жасалған шығындардың әртүрлі элеметтері ажыратылып беріледі. Сонымен кезкелген өндірітік жүйеде белгілі бір физикалық нүкте жүйесі бар, олар арқылы ресурстар жүйеге келіп түседі. Шығындарды калькуляциялау кезінде бұл нүктелер «шығындар орталығы» деп аталады, дегенімен де бұл қызмет (немесе іс-әрекет) табысты әр қашанда әкелмесе де, бірақ, ол міндетті түрде анықталуы және тіркелуі тиіс, демек шығындарды талап етіледі.

Кәсіпорынның қаржылық қызметтін жоспарлау міндетті түрде шығындардың негізгі элементтерін, атап айтсақ: материалдарды, жұмыс күшін, ғылыми және техникалық білімн, басқарушылық қабілетін, әртүрлі айнымалы мен түрақты шығындарды енгізеді. Бұндай шығындардың жиынтығы жекелеген шығын элеметтерін біріктірудің нәтижеснде пайда болады (метериалдың белгілі бір түрлерінің шығындардың, жұмыс күшінің біліктілік деңгей және т.б.) және олар ШС ішіндегі әртүрлі шығын орталығына жұмсалады.

3 Тапсырыстың өзіндік құнының калькуляциясы.

 

Шығындардың тапсырысты калькуляциялау процедурасы жұмыс  карточкаларындағы  жазуларға  негізделеді.  Қазіргі кезде  есепті  жүйеде шығындар  элементтерін  де,  жұмыс  карточкаларында кодтауға болады және шығындарды талдаудың компьютерлендірілген жүйесіне енгізуге болады – яғни  тиісті автоматтандырылған жұмыс орындарныда тікелей бекітілген компьтер  терминалы арқылы да іске асырылуы мүмкін.

Демек, бұл әдістің  мәні мынада: өндірістің жекелеген  жұмыстары «сыртқы ынталандыруға» тәуелді болып келеді, яғни тапсырыстың  түсімімен анықталады, содан соң  жоғарыда баяндалған іс-әрекеттер жүйелілігі басталады, барлық тікелей шығындар (негізгі материалдар шығындары және негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбек ақылары) жекелеген өндірістік тапсырыстарын жекелеген калькуляциялық баптардың бойынша белгіленіп кескініінде есепке алынады. Қалған шығындар олардың пайда болу орындары бойынша ескеріледі және белгіленген бөлу (тарату) базасына (ставкасына) сәйкес жекелеген тапсырыстардың өзіндік құнына енгізіледі.

Осы   әдіс   кезінде  жекелеген   өндірістік  тапсырысы шығындар есебі мен   калькуляциялау   объектісі   болып   табылады, оның нақты өзіндік  құны   тапсырыстың  аяқталу  деңгейімен  анықталады.

Тапсырысты  әдісі бойынша материалдарға, еңбек  ақы және үстеме шығындарға байланысты нақты шығындардың бір қатар  операциялары жүргізіледі. Осы жазулардың бухгалтерлік регистерлерге жазылуы  мен мәнін ШС-нің мысалымен қарастырып көрейік.

Негізгі материалдар  да, көмекші материалдарды да есептеу  үшін, ШС-нің активті   «материалдар»  шотын пайдаланады. Бұл шоттың дебеті бойынша материалдардың   қоймаға   түсуімен   сатып   алынғандарды кредит бойынша - өндіріске босатылған материалдардың шығысы көрсетіледі.

ШС 45600 ақша  бірлігіне (аб) тең сомасына негізгі  материалдар, 4100  аб–не көмекші  материалдар алды делік. Өзіндік  құн бойынша қабылданылған материалдар  «материалдар» шотына кіріске алынды:

«Материалдар»                                                                                45600

«Төленуге тиісті»  шот (немесе «касса»)                                                45600

«Көмекші материалдар»                                                                    4100

«Төленуі тиісті»  шот (немесе «касса»)                                                    4100

Қоймадан материалдарды  босату жөніндегі келіп түскен талабы бойынша 94000аб негізгі материалдар  және 4800 аб көмекші материалдар босатылды. Босатылған негізгі материалдар құнын «негізгі өндіріс» немесе «аяқталмаған өндіріс» шотына жатқызылып және оны осы заматы тапсырыс карточкаларына 16F – 51900 аб және 23 Н – 42100 аб жазады. Көмекші материалдар құнын «үстеме шығыстар шотына жатқызады:

«Негізгі өндіріс» немесе            

«Аяқталмаған  өндіріс»                                                                   9400

«Үстеме шығыстар»                                                                        4800

«Материадар»                                 98800

Өндірістік жұмысшыларына және басқарушылық әкімшілік персоналдарына есептелінген еңбек ақы үш жазумен (проводкасымен) көрсетіледі. Ең алдымен ШС еңбек ақысы және соған салынатын салық жалпы сомасын, яғни берешегін немесе борышын жазады.

 «Еңбек ақы»                                                                              120000

«Салық бойынша  берешегі»                                                                     6360

«Табыс салығының  берешегі»                                                                16000

«Еңбек ақы  бойынша берешегі» [120000 – (6360+16000)]                  97640

Бұл тиісті еңбек  ақы чек бойынша төленсе:

«Еңбек ақы» бойынша берешегі                                                97640

«Касса»                                                                                                    97640 

Бұл таталған шығындардың  да есебі «материадар» шығындары  сияқты «негізгі өндіріс» немесе «аяқталмаған өндіріс» шоттарына жатқызылады. Цехтардың, және басқа да бөлімшелердің басқару персаналының еңбек ақылары сияқты шығындардың жалпы сомасы (жанама шығындар) «Үстеме шығыстар» шоттына жатқызылады:

«Негізгі өндіріс» немесе                                                           

«Аяқталмаған  өндіріс»                                                             82000

«Жалпы өндірістік шығыстар»                                                38000

«Еңбек ақы  қоры»                                                                              120000

Тапысырыстық  әдістің жағдайдын қорытатын болсақ, онда біз есепті кезеңде орындалған жекелеген өндірістік тапсырыстар арасында жанама шығындардың (амортизациясының, жалға ақысы, жарықтандыру және жылыту шығындары және т.б.) тартуына байланысты пайда болатын бір қатар мәселерді байқаймыз, атап айтсақ: тапсырысытың бағасын жоспарлау және тапсырыс беруші мен тапсырыс беруші арасындағы келіскен-келісім шарттың орындалуы туралы шаралары, жұмыс барысында пайда болған мәселерімен толықтырылып отыруы мүмкін.      

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құны