Өндіріс процесінің тиімділігін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 07:08, реферат

Описание работы

Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы.
«Өнеркәсіптік кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбына жазылған жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау

Содержание

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
2.Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
3.Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
ҚОРЫТЫНДЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Работа содержит 1 файл

111.docx

— 34.09 Кб (Скачать)

 

    әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Тексерген : Тұраров  Д.Р

Орындаған : Қуанышова А.А

Эк10к1

 

 

2013ж

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ:

 НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1.Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

 

2.Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін  факторлар

 

3.Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау  көрсеткіштері

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы –  ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.

Осы мәселелердің барлығы  өндіріс тиімділігімен тығыз  байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының  бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы.

 «Өнеркәсіптік  кәсіпорында  өндіріс тиімділігін арттыру  жолдары» тақырыбына жазылған жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:

  • Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін      қарастыру;
  • Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың  көрсеткіштерін талдау;
  • Жалпы Қазақстан Республикасындағы қағаз бен картон шығару  нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;

Экономикалық жүйенің  өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне  әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының  басты және қозғаушы күштерінің  көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар  өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым  орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы  Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың  басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің  барынша жоғары қарқынына қол  жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін  арттыру арқылы, қол жеткіземіз».

 Өндіріс тиімділігінің  экономикалық мәні және маңызы

Қазақстанның нарықтық экономикаға  өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына  өткізу нарығының қысқаруы, әріптес  кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың  тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа  да ресурстарды  ең тиімді пайдалануға  мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін  өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына  байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Кәсіпорынның өсуі - бұл  негізінен кәсірорын көлемінің  артуы және өндіріс көлемінің  кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген  – шаруашылық жүйенің сапалық  өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия  және техниканы жетілдіру  негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.

Тауар өндірушінің негізгі  мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын  қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары  және акционерлердің жеке ынталарын  тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.

Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист  ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.

Кейбіреулер еңбек өндірісінің  өсуі немесе бір өнімді шығаруда –ең  аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы  нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.

 Ғаламды өндіріс тиімділігі  жұмыс уақытының үнемділік заңын  сипаттайды. К. Маркс былай   деген “уақыт үнемі өндірістің  әр салаларына жұмыс уақытының  жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық  өндіріс негізіндегі ең басты  экономикалық заңдылық болып  қалуда” . Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.

Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша,  өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі . Ал  М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория .

А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің  пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.

Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну  бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен  

- жұмыс күшін пайдалану  тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім    өндіру);

- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;

  - қаржылық тиімділік:  активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері  нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) .

Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда  шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.

Өндіріс тиімділігі материалдық  құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты  құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.

Экономикалық тиімділік  экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған  ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.

Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі –  кәсіпорын әзірлеген стратегияға  тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты  дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді.  Сонымен  қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді  категориясына жатады. Барлық түрде  экономикалық өндіріс тиімділігі екі  мөлшердің қатынасын көрсетеді  – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты  -  нарықты  қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу.  Табыс мен  шығындардың  қатынасы. Өндіріс тиімділігін  көтерудің қолайлы жолы нарықта.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын  қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып,  ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді . Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат  бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:

  - өндірістің технологиялық  базасын дамыту;

  - өндірістегі инновоция;   

  - өндірістік шығындардың  экономикалық тиімділігін арттыру;

   - инвестициялық саясатты  оңтайландыру,

   - өндірістік жүйенің  құрылымын жетілдіру.

оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді .

 Өндірістің  экономикалық тиімділігіне әсер  ететін   факторлар                                                                              Өндіріс тиімділігін басқару – оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.

Факторлардың маңыздылары  және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар  өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс  тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.

Ішкі орта факторларына кәсіпорын  өзінің алдына қойған мақсаттары мен  міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық  құрылымдар, технология, басқару деңгейі  және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т.б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне  өндірістік және өндірістік емес факторлар  жатады. Негізгі еместеріне тиімділік  көрсеткіштері мәнімен тікелей  байланысты емес, бірақ кәсіпорын  қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар  жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.

Қорытындылай айтқанда, өндіріс  тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру  әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және оңтайлы сәйкестендірудің әдістерін  табуды талап етеді.

Осыны жүзеге асырудың нақты  дәлелі болып өндірістің тиімділігін  бағалаудың экономикалық көрсеткіштері  табылады.

 

   Өндірістің       экономикалық       тиімділігін       бағалау  көрсеткіштері

Экономикалық тиімділік  деңгейі екі өлшем - экономикалық тиім (нәтиже) және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық тиім көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.

Экономикалық тиімділік  жалпы (абсалютті) және салыстырмалы деп ажыратылады .

Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс  объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы  шамасын  анықтайды.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі-бір өндірістік-шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше  нұсқадағы технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұлұтымды  нұсқаны таңдау,     оны     басқалармен     салыстырғанда  технико-экономикалық , әлеуметтік және прогрессивті артықшылықтарын анықтау үшін пайдаланылады. Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын  көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.

Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:

1.   Негізгі   қорларды   пайдалану тиімділігі   (қор   қайтарымы                және қор сыйымдылығы)

2.   Инвестициялардың     тиімділігі     (   капитал     қайтарымы              және капитал сыйымдылығы)

3.   Еңбек   ресурстарын   пайдалану   тиімділігі   ( еңбек                        өнімділігі, еңбек сыйымдылығы)

4.   Материалдық     ресурстарды     пайдалану     тиімділігі                     (материал қайтарымы,  материал сыйымдылығы)

5.   Шаруашылық қызметінің  жалпы тиімділігі  ( пайдалылық )

Қор   қайтарымы - 1 теңге   өндірістік   қорларға   есептегендегі өндірілген  өнім  құнын  көрсетеді.

 

Fқ =Dn / F                            (1)

Ол өнімді өткізуден түскен табыстың ( Б ) негізгі өндірістік қорлардың  жылдық орташа құнына (Ғ)  қатынасымен  анықталады.

Қор қайтарымын анықтағанда  өнім көлемі құндық (өнімнің кең  номенклатурасын шығаратын кәсіпорындарда), заттай және шартты (тек бір ғана өнім түрін өндіретін кәсіпорындарда) өлшеммен есептелуі  мүмкін.

 Капитал салудың қайтарымы  мына формуламен анықталады:

                                  Кқ=  Q/К                                                       (2)

Мұндағы: Кқ - капитал қайтарымы

                 Q – капитал салымы нәтижесінде  өнім көлемінің өсімі

                  К –капитал салымы

Капитал  сыйымдылығы - өнім көлемінің бірлігінің өсіміне қажетті  негізгі     қорларды     құру     үшін     жұмсалған     капитал     салымдарын көрсетеді, капитал  қайтарымына кері  шама:

Информация о работе Өндіріс процесінің тиімділігін талдау