Натуралдыдан тауарлы шаруашылқа көшу

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:03, реферат

Описание работы

Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады. Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету.

Содержание

Шаруашылықты ұйымдастыру түрлері
Нарықты шаруашылықтың негізгі белгілері
Нарықты шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа көшу
Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері

Работа содержит 1 файл

срсп.doc

— 93.00 Кб (Скачать)

 

 

                       Жоспары:

 

  1.  Шаруашылықты ұйымдастыру түрлері
  2. Нарықты шаруашылықтың негізгі белгілері
  3. Нарықты шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа көшу
  4. Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады.

Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен  қамтамасыз ету.

Шаруашылықты ұйымдастыру  түрлері 
 
Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті үйлестіру патриархалды дәстүр мен еңбекке экономикадан тыс мәжбүр ету негізінде іске асырылады. 
Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жүйесі. 
Бұл жүйе ккелесідей қасиеттерге ие.

Адамзат қоғамының тарихында  қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға  бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды және тауарлы  шаруашылық сипаттамасы

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар  тұйық жүйелі түрде болады.

1.Экономикалық қатынастар  ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен  тауар айырбасы мамандарылған  еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың  арасында тікелей экономикалық  байланыста болады. Өндірілген өнім  айырбасқа қатыспай-ақ тікелей  тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.


Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті  ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру  аса қарапайым;

өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы  деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар  арасындағы байланыс нарықтың көмегімен  жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

жеке меншіктің болуы;

тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары  арқылы өндірушілердің бір - бірінен  оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы  қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде  бой көтерді. Белгілері: Тауарлы  өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

жеке меншіктің пайда  болуы;

тұтынушылар өз қажетін  қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

қоғамдық өнімнің басым  бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық  арқылы сатуға арналды;

экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың  ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір  қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. 

Натуралды шаруашылықтың негізгі қасиеттері 
 
Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар: 
а) ұйымдастыру-экономикккалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы; 
ә) ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі; 
б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар. Ол мынандай формула бойынша дамиды: «өндіріс–бөлу–тұтыну», яғни жасалған өнім айырбасқа айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі. 
Натуралды шаруашылық алғашқы тайпалық құрылыс қалыптасуы кезеңінде туып, құл иленуші мемлекеттерде үстем етті және феодалдық экономикалық басты қасиеттерінің бірін құрады. Қазіргі кезде ол индустрияға дейінгі өндіріс, дәстүрлі экономика басым дамушы елдерде сақталып қалды. 
Шаруашылықтың еі кең таралған нысаны тауарлы шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс, экономикалық қызметті үйлестіру бәсеке жағдайында рынокта тауарларды сатып алу-сату жолы арқылы іске асырылады. 
Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-эклномикалық қатынастар жүйесі. 
Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады. 
 
Тауарлы шаруашылықтың негізгі қасиеттері 
Тауарлы шаруашылыққа тән: 
а) ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың анықтығы; 
ә)еңбекті бөлу және оның әсерінен тауар айырбасы жүреді; 
б) өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама делдалды байланыстар; 
Ол «өндіріс–бөлу–тұтыну» формуласы бойынша дамиды. 
Дайындалған өнім рынокқа басқа бұйымдарға айырбасталу үшін түседі, содан кейін ғана тұтыну сферасына барады. Рыноктық айырбас тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар арасында экономикалық байланыс орнатады. 

Тауарлық шаруашылықтың негізгі категориялары 
Тауарды өндіру алғашқы тайпалық құрылыс кезіңен бастап бүгінге дейін әрекет етіп келеді. 
Тауарлық өндірісті дамыту себептері болып: 
а) еңбекті қоғамдық бөлу 
ә) адамдардың шаруашылыққа қарай бөлінуі. 
Тарихи тұрғыдан шаруалар мен қолөнершілердің қарапайым тауарлы шаруашылығы бірінші болды. Капитализм кезінде дамыған тауарлы шаруашылық пайда болады. Бұл кезде еңбек нәтижесі ғана емес, адамның жұмыс күшінің өзі де тауар болады. 
Тауарлы шаруашылықтың қарапайым карточкасы тауар болып табылады. 
Тауар – бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. В.А. Медведев. Политическая экономия. М., 1990г.
  2. Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.
  3. Камаев В.А. Основы экономической теории. М., 1997г.

Информация о работе Натуралдыдан тауарлы шаруашылқа көшу