Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 10:36, контрольная работа
Нарықты зерттеу және сегменттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.