Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I-тарау Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері..................................4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары...........................4
1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі...................................................................9
1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер................................14
ІІ-тарау Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау..............16
2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау................................................................16
2.2 Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау...........................................22
2.3 Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі........................................28
ІІІ-тарау Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары..................................................................................................................30
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары................................................................................................30
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................................32
Қорытынды......................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.................................................

Работа содержит 1 файл

сцра.doc

— 278.50 Кб (Скачать)

     Инфрақұрылымға, әсіресе электр энергетикасы секторына  инвестициялар ұзақ мерзімді кезеңде  тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін зор маңызға ие.Инвестицияларды, ең алдымен, экономиканың шикізаттық емес секторына одан әрі тарту, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге байланысты болады.

     Үздік әлемдік тәжірибе инфрақұрылымды дамыту экономикалық белсенділікті қолдау және дағдарыс кезінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.

     Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыруға « Самұрық - Қазына » қоры қосымша 1 млрд. АҚШ  долларын бөледі және 2009 жылы 3 млрд. АҚШ доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болды. Бұдан басқа,”Самұрық – Қазына” қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларының қаражаты тартылатын болады.

     Электр  энергетикасы саласының инвестициялық  тартымдылығын арттыру үшін Үкімет келесі жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың итарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергиясындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жанартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады.

     Электрожелілік активтерді дамыту үшін тарифтерге инвестициялық үлесті енгізу көзделуде. Осыған байланысты Үкімет электр желісіне қосылғаны үшін төлемді толығымен алып тастайды.

     Үкімет  энергияны үнемдеу және энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін пайдалану жөніндегі шаралар кешенін қосымша әзірлейтін болады.

     Үкімет  халықтын нақты табыстарының сақталуы жөніндегі барлық шараларды қабылдайды және Мемлекет басшысының 2009 – 2011 жылдары  әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыны  және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

     Атап  айтқанда, 2009 және 2010 жылдары зейнетақының, жалақы мен стипендиялардың мөлшері  25% - ға ұлғаятын болды. 2011 жылға қарай  базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% - ға дейін ұлғайтылатын болды.

     Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері  жыл сайын 9% - ға ұлғайып отырды.

     2010 жылдан бастап, сондай – ақ 4 –  ші және одан көп бала тууына  байланысты біржолғы жәрдемақының мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін және бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша ай сайын жәрдемақы 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есе ұлғаятын болды.

     Кәсіпорындарда  өндіріс көлемі төмендегі жағдайда Үкімет ірі компаниялармен қызметкерлердің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін болды.

     Қажет болған кезде Үкімет облыстардың, Астана және Алматы қалаларыныңы әкімдерімен  бірлесіп, қоғамдық жұмыстардың белсенді түрлерін қолданып және өңірлерді жаңа жұмыс орындарын ашып, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілердің ауқымы құрылысы арқылы, оның ішінде “ 100 мектеп, 100 аурухана” жобасы шеңберінде халықтық жұмыспен өнімді қамтылуын арттыру жөнінде қосымша іс – шаралар қабылдайды.

     Ішкі  рынокта тауарлардың тапшлығына және бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында үкімет бірінші кезекте қызметте қажетті тауарлардың – ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант және күріштін тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.  

Қорытынды 

     Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

     Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты  секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

     Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

     Мемлекет  банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі  - Алматы – 1994.
  2. Қазақстан Республикасының  Бюджеттік  Кодексі.
  3. ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2009 ж.
  4. Амрекулов Н. «Организация финансовой и бюджетной системы» //Транзитная экономика 2002 ж. №6  56-58 б.
  5. Булатова А.С.   Экономика // Москва. Из.Дом: Юрист-2002 г.
  6. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс. Орал: БҚМУ баспасы, 2001-242 бет.
  7. Жолдасбаева Г.Ө.  «Кәсіпорын  экономикасы»  Оқу  құралы  Алматы «экономика» - 2003,  5 бет      
  8. Жалғасбаев Р. «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның  орны мен ролі» // Аль Пари  2004 ж. №1 62-67 б.
  9. Кеулімжанов Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2003-360 бет.
  10. Көшенова А.М. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000.-328 бет.
  11. Көшенова А.М. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы: Оқу құралы-Алматы: Экономика. -1999.-234 бет.
  12. Н.Ә.Назарбаев, «Сындарлы он жыл» /Алматы, 2002ж.
  13. Қазақ Совет энциклопедиясы. Бас редакторы М.Қ. Қаратаев. Алматы қаласы,1977 жыл.
  14. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: экономика, 2003-252 бет.
  15. Макконелл К.Р. «Экономикс»,/Москва, Республика, 1995ж.
  16. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Жаңа кезең – экономикалық теориясы», /Алматы, «Дәнекер», 2004ж.
  17. Өмірзақов  К.Ө.  «Кәсіпорын  экономикасы»  Оқу құралы Орал – 2003,  5  бет
  18. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А. ж/е т.б. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004ж.
  19. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Габдуллин Т.Г., Шмидт О,И. Кәсіпорындағы бухгалерлік есеп: өнделіп және толықтырылып үшінші басылуы. Алматы: Қазақстан аудит орталығы, 2002-656 бет.
  20. Самрат Жақсыбай «Бәсекеге қабілетті болу-стратегиялық мақсат»
  21. // Егемен Қазақстан 2006 ж.  17 ақпан.
  22. Сансызбаева Р.С. «Бюджеттік саясат»  //Қаржы Қаражат 2005 ж. №6  61-64 б.
  23. Ілиясов Қ.К., Құлпыбаев С.  Қаржы.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары