Нарықтық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:06, реферат

Описание работы

Нарықтың мағынасы жөнінде экономикалық әдебиеттерде әртүрлі түсініктер беріледі. Онда экономикалық категорияның сан алуан қырлары көрсетіледі, рыноктың дамуы мен оның рөлінің өзгеруіне байланысты ол туралы түсініктер де көп өзгеріске түсті. Алғашында рынок – сауда жасайтын орын, базар және нарықтық алаң деп түсінілді, қазір де қатардағы халық солай санайды. Дегенмен, оның анықтамасы қалыптасып үлгерді: рынок – тауарларды сату-сатып алу орны, сауда мәмілесін жасайтын жер.

Работа содержит 1 файл

рынок.docx

— 16.89 Кб (Скачать)

          Нарықтық қатынастар

Нарықтың  мағынасы жөнінде экономикалық әдебиеттерде әртүрлі түсініктер беріледі. Онда экономикалық категорияның сан алуан қырлары көрсетіледі, рыноктың дамуы мен оның рөлінің өзгеруіне байланысты ол туралы түсініктер де көп өзгеріске түсті. Алғашында рынок – сауда жасайтын орын, базар және нарықтық алаң деп түсінілді, қазір де қатардағы халық солай санайды. Дегенмен, оның анықтамасы қалыптасып үлгерді: рынок – тауарларды сату-сатып алу орны, сауда мәмілесін жасайтын жер. «Рынок» сөзін оның орналасу орнына қатысты қолданған дұрыс. Ал осы орында жүргізілетін жұмыстар туралы мәселе көтергенде «нарық», «нарықтық қатынастар» сөздерін пайдалану дұрыс. Дегенмен, нарық туралы мұнан да кең түсініктер бар: ХІХ ғасырдың аяғында француз экономисі Антуан О. Курно: «рынок» терминін экономистер қандай да бір нақты нарықтық алаң деп қарастырмаған, белгілі бір ауданда немесе кеңістікте сатып алушылар мен сатушылардың қарым-қатынастары еркін жүргені сондай, бір-біріне ұқсас тауарларға бағалар оп-оңай және тез арада бірдей болып шыға келеді деген. Өз кезегінде американдық экономист Уильям Джевонс та рынокқа кеңірек түсінік берген: «Алғашқыда рынокты қала ішіндегі ашық орын деп қарадық, онда тамақтық азық-түліктер мен әр түрлі заттар сатуға қойылады. Кейінірек бұл түсінік жалпылана келе біршама кеңейтілді, яғни ол адамдардың әрқилы топтарының бір-бірімен тығыз іскерлік қатынастармен байланысатын яғни қандай да болсын тауар бойынша ірі мәмілелер жасалатын орын».  

Ал, көптеген экономистер «рынок» түсінігіне «тауар өндірісі мен ақша айналымы заңдары ұйымдасқан алмастыру» деген  сипаттама береді. Енді бір авторлар рынокты «жай ғана алмастыру емес, тауар мен ақшаның өзара тұрақты іс-әрекетіне негізделген экономикалық қатынастардың жиынтығы» деп қарастырады.

Батыс елдеріндегі экономикалық әдебиеттерде де «рынок» туралы әрқилы ұғым бар. Мысалы, Ф. Котлер рынокты «потенциалды және араласып жүрген тауар сатып алушылардың жиынтығы», экономистер Э. Долан мен Д. Линдсей оны «адамдардың сауда үшін бір-бірімен әр түрлі іс-әрекетке түсуі» деп баға береді. К. Макконнелл мен С. Брюдің айтуынша «рынок – сатып алушылар (сұраныстың өкілдері) мен жекелеген тауарлар мен қызметтерді сатушыларды (жеткізіп берушілерді) бір-бірімен жолықтыратын құрал немесе механизм».

Ресей және Қазақстан ғалымдары рыноктың жоғарыдағы түсініктерімен келісе отырып, оған біршама толықтырулар енгізді. Ол сипаттамалар рыноктың өндірістік үздіксіз қырын ашпайды. Сондықтан, рынокқа тауарлы-ақша қатынастарына және бәсекеге негізделген үздіксіз өндірістік байланыстарды қалыптастыру мен дамытудың механизмі деп қарау қажет.

Сонымен, нарықтық қатынастарға көшкен елдердің ғалым-экономистері рынокқа мына төмендегідей интерпретация береді: рынок – экономиканы ұйымдастыру мен жұмыс жүргізудің қоғамдық формасы, мұндағы шаруашылық жүргі¬зу субъектілері өздеріне сатып алушыларды, сатушыларды, бағаны таңдауды, ресурстардың көз¬дерін қалыптастыру мен пайдалануды өз ерікте-рімен шешуімен сипатталады. Осының бәрі әрбір рыноктың өзіне тән ерекшеліктері барын көрсетеді және американдық, қытайлық, жапондық, ресейлік, қазақстандық және басқа да рыноктар жөнінде сөз қозғауға негіз болады.

Қазақстандық  ғалымдардың пікірлерінше (Ғ.Калиев, Т. Есіркепов, Р. Ауытов, М. Оспанов, Х. Ертазин, Ғ. Мәдиев, Ж. Шарақымбаев және т.б.) рынок пен нарықтық экономика бір-бірімен өте тығыз байланысқан құбылыс, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Нарықтық экономика дегеніміз – ерікті, өзінен-өзі реттелетін, кәсіпкерлер мен меншік иелері және өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол өзара тиімділікке негізделеді және ең төменгі деңгейде болса да мемлекет тарапынан реттеліп тұрады.

  Валюталар

Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі.

  1. Беларусь рублі – 0,06 т
  2. Өзбек сумы – 0,10 т
  3. Венгр форинті – 0,84 г
  4. Жапон иені – 1,69 т
  5. Қыргыз сомы – 3,45 т
  6. Ресей рублі – 5,12 г
  7. Чех кроны – 8,70 т
  8. Молдова лейі – 13,59 т
  9. Эстон кроны – 14,37 т
  10. Украин гривні – 18,50 т
  11. Оңтүстік Африка ранды – 20,77 т
  12. Швед кроны – 21,76 т
  13. Қытай юані – 22,08 т
  14. Норвегия кроны – 27,12 т
  15. Дат кроны – 30,18 т
  16. Сауд Арабия риалы – 40,20 т
  17. БАӘ дирхамы – 41,04 т
  18. Поляк злоты – 53,45 т
  19. Литва литі – 65,08 т
  20. Түркия лирі – 104,32 т
  21. Сингапур доллары – 108,34 т
  22. Австралия доллары – 137,83 т
  23. Канада доллары – 146,79 т
  24. Швейцария франкі – 148,13 т
  25. АҚШ доллары – 150,75 т
  26. Еуро – 224,63 т
  27. Ағылшын фунт стерлингі – 241,31 т
  28. Латвия латы – 317,37 т
  29. Кувейт динары – 527,10 т

Информация о работе Нарықтық қатынастар