Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:06, реферат
Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.
Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр.
Қазіргі заманда теория нарықтық, нарықтық экономика және әлеуметтік – реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай экономикалық мазмұн береді? Нарық қазіргі кезде басты элементтері сұраным, баға және ұсыным болып табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі нарық түсінігі мен аталады. Нарықтық экономика түсінігі нарық түсінігіне тағыда екі саланың өндірісті және тұтынуды қосу есебінен кеңейіп отыр. Әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономиканың түсінігі де ерекше кең: нарықтық экономикаға (яғни сұранымға, бағаға, ұсынымға өндіріс пен тұтынуға) ол нарықтық экономиканың реттеу миханизмін құрайтын факторларын – мемлекетті, нарықтық мекемелерді, дүние жүзілік экономика ықпалын үстемелейді. Қазіргі заманғы нарықтық экономиканың дәл аталуы неліктен әлеуметтік реттелінетін деген сөздермен толықтыруды қажет етеді, тым ұзақ сөз болмас үшін осы екеуін үнемдеуге бола ма? Жоқ болмайды. Реттелінетін сөз нарықтық экономиканың қызмет ету механизмінің маңызды анықтамасын білдіреді, оның стихиялық, немесе директивалық сипатын, дәлірек айтқанда бағытталатын, реттелетін, үйлестірілетін, өлшеп отыратын сипаттарын көрсетеді. Әлеуметтік реттелінетін сөдің өзі реттеудің субъектісін, объектісін, мақсатын көрсетеді. Өзі- өзінен түсінікті болатыны: реттеудің субъектісі, тұтастай алғанда қоғамның өзі, реттеу объектісі – қоғамдық экономика яғни фирманың ішкі өндірістік қызметі емес нарықтық процестер, мекемелері мен факторлары: реттеу мақсаты – қоғамдық тұтынуларды шешу, нарықтық экономиканың барлық саласына ортақ проблемаларды жеңілдету. Әлеуметтік реттелетін нарықтық экономиканың қалыптасуын және құрылымын сызбалар арқылы да көрсетуге болады. Сызбада екі сәтке назар аударылуы тиіс. Біріншіден – нарықтық өндіріске бағындырылған экономика элементіне нарықтық экономиканың ерекше және дербес саласына айналуы. Нарық қазірде сатып алу – сату нысаны ретінде дәстүрлі тауарларды ғана емес қызмет түрлерін де, еңбекті, ақшаны, капиталды, бағалы қағаздарды, ақпаратты, ақыл ой жетістіктерінде қосады. Ал, бұлар айтарлықтай өзгеше, сатып алу - сату нарықтық жаңа салық жағдайын – материялдық – техникалық жағынан да, сатушылар мен сатып алушылардың кәсіптік білімдері жанынанда, айналым механизмінің өзіндеде талап ететін таурлар. Екіншіден, нарықтық экономика жүйесінде сұранымның міндеті өзгеруін көру маңызды, әрине, өндіріс әркашанда кез – келген оң экономиканың жүрегі болып қала бермек. Бірақ, нарықтық экономика үшін тұтынушының өндіріс нәтиждесін бағалауы бұрын тарихта болып көрмеген ерекше маңызға ие болуда. Бұл ғылыми-техикалық революция жетістіктерін меңгеру негізінде өндіріс технологиясында жүргізілген түбірлі өзгерістердің салдарынан болып табылады. Мұндай өзгерістер адамзаттың тарихында тұңғыш рет индустрияландырудан өткен елдер тобы тұрғындардың көпшілігінің негізгі материялдық қажеттерін толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік жасады (бұл арада тұрғын үйге, тамаққа, киімге, аяқ киімге, жоғары білім мен денсаулық сақтау қажеттіктері туралы сөз болып отыр). Дәл осы жағдай өндіріс пен тұтыну орын ауыстырғандай көрінетін нарықтық экономика сызбасында көрініс тапты. Нарықтық экономика өзінің жоғары теңділігін, мына төмендегідей экономикалық міндеттерді шешуде өзінің еш қандай балама жоқтығын іс жүзінде дәлелдеп берді. Өндіріс пен тұтынудың өзара байланысын қамтамасыз ету. Нарық бұл міндетті төлем қабілеті сұранымның сатуға ұсынылған ұсынымның алуан түрлілігінің сәйкес келуі арқылы жүзеге асырады. Дербес шаруашылық жүргізуші өнім өндірушілердің еңбек нәтижелерін қоғамдық бағалау. Мұндай бағалау механизмі қарапайым тиімді және шығындылығына: сатып алу сату болғанына ие болмағанына қарайды. Дәл осы сатып алу мен сатудың болжай білуге болмайтындығы нарықты экономикаға өнім өндірушілерді және тұтынушыларды үнемі нарықтық формада болуға мәжбүр ететін жинақтық береді. Бағаның еркін қозғалуы. Бұл сұраным мен ұсыным еркін өзара әрекет етуі процесінде нарықтық бағалардың көлемімен қозғалысы қалыптасатынын білдіреді. Бағалардың еркін қозғалысы нарық қана қамтамасыз ете алады, нарық дегеніміздің өзі де осы бағалардың қозғалысына жасалған кезкелген кедергі нарықтық экономиканы бүлдіруге пара – пар.
Нарық жүйесі –
әр алуан шарттары мен іс-әрекеттерімен
сипатталатын барлық нарық түрлерінің
жиынтығы. Нарық әр түрлі сатыда,
барлық сфераларда және іс-әрекеттің
барлық түрлерінде мемлекеттің әр аймағында
құралады. Сондықтан да нарық жүйесі күрделі, әрі алуан түрлі
болып келеді. Заңнамада салықтың келесідей
жүйелері көрсетілген:
1) ресми
2) ресмисіз (көлеңкелі)
Ресмисіз нарық –заңсыз және
тіркелмеген іс-әрекеттермен
Нарықтың жайлы функциялары оны тиімді жүйеге айналдырады. Бұл нарықтық қатынастардың жеткілікті болуын және барлығында қоғамның жайлы дамуын қамтамасыз етуді білдіреді. Нарықтық шаруашылықта өзінің кемшіліктері де бар.
Біріншіден, нарықтық жүйені атқару экономикалық реттеушілердің іс- әрекетіне байланысты. Осы жағдай экономикалық тұрақсыздықты жеңеді. Бірқалыптылықты қамтамасыз ету кризистерінен басқа да жағдайларымен де жүзеге асып отырады. Екіншіден, нарықтық ортаның бақылаусыздық негізінде бәсекенің еркіндігін шектейтін монополизацияланған құрылымдар пайда болады. Үшіншіден, нарықтық қызмет етуші механизм экономиканы көптеген қоғамдық қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып, бизнеспен байланысты емес қоғамның жетіспеушіліктерін қамтамасыз ету мақсатында ішкі қорлы құрылымды қажет етпейді. Ең алдымен, осы әлеуметтік Бұл экономикалық трансферттерді (зейнетақы, степендия, төлемақы) денсаулық сақтауды қолдауды, білім-ғылымды, мәдениетті, спортты және т.б. құру болып табылады. Төртіншіден, нарық жұмысқа жарамды халықты кепілденген еңбектік төлемақымен немесе тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Әрбір адам қоғамдағы белгілі бір орын алуына өзі ғана әсер ете алады, мұның барлығы қалай болса да әлеуметтік жағынан қабаттануға, әлеуметтік топтарға, яғни кедей мен бай етіп бөлінуге мәжбүр болады. Нәтижесінде әлеуметтік жағдай күрделене түседі.