Монополияны реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 13:09, реферат

Описание работы

монополия

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Бәсеке
• Қызметтер рыногында басымдылық жағдайды анықтау мысалы.
• Монополиялық кірісті реттеу ережесі.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

монополияны реттеу.docx

— 36.34 Кб (Скачать)

Кіріспе.

Мигуэль Сервантес  айқандай: «қалам - өз ойыңды жеткізудің құралы», деп мен осы тақырып бойынша өз ойымды айтайын. Осы тақырыптағы басты проблема – ол әдептілік проблемасы болып тұр.  Бұл тақырып адам бойындағы бағалы қасиеттерді көрсетеді.Егер де осы адал қасиеттерімізді бағалай білсек, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз.

Әдептілік жөнінде  өмірде көп жағдайлар болып жатыр, кейбір жағдайларда адам адамгершілік пен өзіне табатын пайдасына  таңдау жасау керек болып жатады.Бұл жағдайда әдептілік проблемасы адалдық, жауапкершілік, қайырымдылық секілді қасиеттер және саған  бағынатын адамдардың немесе өз достарыңның арасында өзіңнің беделіңнің артуына себебін тигізеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                Жоспар.

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

• Бәсеке

• Қызметтер рыногында  басымдылық жағдайды анықтау мысалы.

• Монополиялық кірісті реттеу ережесі.

3.  Қорытынды.

4.  Пайдаланған  әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен бекітілген Белгілі  бір тауар рыногында басымды (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы органды монопольды өндірілетін тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы және өсіру себебін растайтын құжаттарды ұсынумен оларды өсірудің себептері туралы (мысалы, шикізатты жеткізу құнын ұлғайтқан кезде шарт көшірмесін жіберу және т.б.) жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етуге міндетті. 

Монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бекітілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу жүргізіледі:

• Егер рынок субъектілерін  монополияға қарсы орган монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етпесе..

• Егер бағаны арттыруға  негіз жоғы туралы хабарлама алған  рынок субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.

• Рынок субъектілері монополияға қарсы заңнаманы  күнтізбелік жыл ішінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған екі немесе одан да көп бұзушылық жасаған кезде.

Мемлекеттік кәсіпорынға монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 61 –НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды жүзеге асыратын қызметтерге бағаларды реттеу ережесіне .

Қызметтердің жаңа түрлеріне бағалар бекіту, қызметтерге  қолданыстағы бағаларды өзгерту, қызметтер  ұсыну шарттарын өзгерту, сондай-ақ бағалардың қолданылуының белгіленген  мерзімінің өту тәртібі. Ұйым оларды енгізгенге дейін 45 күннен кешіктірмей Уәкілетті органға бағаларды бекітуге (өзгерту) өтініммен өтініш жасайды. Өтінімге Ережемен көзделген көлемде және шарттарды сақтаумен қажетті нормативтік, есептік және басқа материалдар қоса беріледі. Атап айтқанда шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар бекітіледі, ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда келісіледі.

Монополияға қарсы  саясат саласындағы орталық атқару органына және оған бағыныстағы аумақтық бөлімшелерге (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) іс-қимылдар немесе мәмле жасауға келісім беру туралы өтініштер, хабарламалар туралы өтініштер, сондай ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 153 –НҚ бұйрығымен бекітілген Монополияға қарсы органға өтініштер мен хабарламалар ұсыну және оларды қарау тәртібі туралы ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Монополиялық қызметті мемлекеттік бақылау және бәсекелестікті қорғау

Рыноктық экономикаға көшу құқықтық ортада елеулі өзгерістерге әкелді. Рыноктық экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарабынан монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру қажет.

Осы мақсатта 1998 жылдың екінші жартсында. Қазақстан Республикасының  Парламенті «Табиғи монополиялар туралы»  және «Жосықсыз бесекелестік туралы»  Заңдарды қабылдады, 2001 жылы Қазақстан  Республикасының Парламенті «Бәсеке  және монополиялық қызметті шектеу туралы»  Заңды қабылдады.

Монополияға қарсы  реттеу– комплекс мемлекет жүзеге асыратын және рыноктық бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және рыноктық тетіктің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс монополияландыруды болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың кешені.

Монополияға қарсы реттеуге:

• өндірісті шоғырландыру және монополияландыру деңгейін реттеу;

• кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасын реттеу;

• сыртқы экономикалық қызметті реттеу;

• бағалық және салықтық реттеу.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:

• монополиялық қызметті ескерту, шектеу және болдырмауды;

• тұтынушылардың құқықтарын мен бәсекелестіктерін қорғауды;

• монополияға қарсы заңнаманы сақтауды бақылауды;

• бағаны реттеуді;

• тауар рыноктары  мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі  саясат саласында басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті белгілі  бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерін табу мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) рыногын талдауды жүргізеді.

Tауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) тиісті рыногтарын  талдау «Бәсеке және монополиялық  қызметті шектеу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 16-тармағының, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 86 –НҚ бұйрығымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайда орын алған рынок суъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесінің, сондай-ақ Белгілі бір тауар шекарасын анықтау және монополистің рынок субъектісін тану ережесінің талаптарына сәйкес.

Талдау жүргізу  барысында рынокты талдайтын  субъектілерден ақпарат тікелей, сондай-ақ мемлекеттік органдардан сұратылады (Қазақстан Республикасының статистика, құзіретті мемлекеттік органдар жөніндегі агенттік). Талданатын рынок субъектілерінің басымдық үлесін есептеуде ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі табиғи және құндық көріністе беріледі. Біртекті тауарлардың басымдық үлесін есептеу кезінде (жұмыстар, қызметтер) негізге табиғы көріністегі көлем алынады (мысалы, ұялы телефонның бір минуттағы қызметі).

Рынок субъектісінің  басымдық жағдайы белгілері

• егер тиіст тауар рыногында субъекті рыногының жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден асатын болса. Бұл ретте тиіст тауар рыногындағы үлесі 35 пайыздан асатын субъектінің жағдайы басымды (монополиялық) деп танылуы мүмкін емес;

• егер тиіст тауар рыногында субъекті рыногыың үлесі жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден кемін құраса және егер мұны сайын монополияға қарсы орган мыналардың негізінде белгілесе:

• тиісті тауар рыногындағы рынок субъектісінің үлесінің тұрақтылығы;

• бәсекелестерге тиесілі рыноктағы үлес мөлшеріне қатысты;

• осы рынокқа рыноктың жаңа субъектілерінің (бәсекелестердің) кіру мүмкіндігі.

• Егер рынготың бірнеше  субъектілерінің кез келгеніне  қатысты мынадай шарттар орындалатын  болса:

• белгілі бір тауар рыногында екеуден аспайтын рынок субъектілерінің жиынтық үлесі 50 және одан көп пайыз болса;

• белгілі бір тауар рыногында үшеуден аспайтын рынок субъектілерінің жиынтық үлесі 70 және одан көп пайыз болса.

Қызметтер рыногында  басымдық (монопольдық) жағдайды анықтау  мысалы

Қазақстанның ұялы байланыс рыногында (болжаммен) рыноктың 4 субъектісі қызметін жүзеге асырады: «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ, «Мегафон» ЖШС. Осы кәсіпорындардың үлесі былайша көрінеді «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС - 59,4% (1900,0 млн. мин), , «Кар-Тел» ЖШС - 15,6% (500,0 млн. мин.), «Алтел» АҚ - 9,4% (300,0 млн. мин.), «Мегафон» ЖШС - 15,6% (500,0 млн. мин.). Герфиндаля – Гиршмана (НН) коэффициентінің деңгейі үлес квадраты сияқты есептеледі, ал концентрации рыноктың (CR )шоғырлануы бұл тиісті субъектінің үлесінің өзі, бірақ ең ірі немеес анағұрлым ірі топтың. Мысал бойынша Қазақстанның ұялы байланыс операторларының үлес квадраттарының жалпы сомасы 4103,44 (НН)тең. Бұл ретте бір ірі субъектінің шоғырлану коэффициенті 59,4% (CR-1) тең. Осылайша, осы коэффициенттердің мәні былай көрінеді: 35< CR-1 = 59,4% < 70%, 2000< НН=4103,44 < 10000.

Осы жағдайда «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС  ұялы байланыс қызметтері рыногындағы  жағдайы басымды (монопольдық) болып  танылады, себебі осы кәсіпорынның үлесі жыл сайын монополияға  қарсы орган белгілейтін шекті  мөлшерден асып отыр, ал бұл 35%. Сонымен, осы субъект белгілі бір тауар рыногында басымды (монопльдық) жағдайда Рынок субъектілері мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі мәтін бойынша Тізілім) енгізілуге, не ол қазірдің өзінд етізілімде тұрса, басымдық үлесін нақтылауға жатады.

 

«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Мына қоса берілген:

Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ереже;

Монополиялық жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы  Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың  орындалуын бақылау Қазақстан  Республикасы Индустрия және  сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Ж.М. Қожахметовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық ол  алғаш рет ресми жарияланған  күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға Ә. Мәтішев

       Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда  министрлігі

Бәсекелестікті қорғау комитеті

Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы

№ 252-НҚ бұйрығымен бекітілген

 

Монополиялық кірісті анықтау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Монополиялық  кірісті анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» (бұдан әрі - Заң), «Жосықсыз бәсеке туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

Осы Ереженің мақсаты  монополиялық кірісті есептеу тәртібін айқындау болып табылады.

2. Осы Ережеде  қолданылатын ұғымдар мен терминдер  заңдарда айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

2. Монополиялық кірісті айқындау

3. Нарық субъектісі  нәтижесінде монополиялық кірісті алуы мүмкін іс-әрекеттері:

1) нарық субъектілерінің  бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген  іс-әрекеттері).

2) нарық субъектісінің  үстем (монополиялық) жағдайын асыра  пайдалануы.

3) мемлекеттік органдардың  бәсекеге қарсы іс-әрекеттері.

4. Монополиялық кіріс нарық субъектісінің, мемлекеттік органның осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезден бастап нарық субъектісі, мемлекеттік органдар аталған іс-әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.

5. Монополиялық кіріс:

1) монополиялы жоғары  бағаны монополиялы жоғары бағаны  қолдану кезінде алынған кіріс пен тиісті тауар нарығында немесе ұқсас нарықта нақты немесе бағдарлы бәсеке бағасы негізінде есептелген табыс арасындағы айырмашылық ретінде не монополияға қарсы орган негізделген шығындар мен пайдалар негізінде есептеген баға бойынша бәсеке бағасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда қолданған кезде;

Информация о работе Монополияны реттеу