Монополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 14:30, реферат

Описание работы

Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы.

Работа содержит 1 файл

Kyrstuk jymus.docx

— 47.10 Кб (Скачать)

     Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония неолигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.

Тақырып мақсаты: Бәсеке нарықты зерттеу және сегменттеудің негізгі белгісі екендігін дәлелдеу  
Сүрактар:  
1. Бәсеке: мәні, зерттеу және сегменттеу рөлі.  
2. Бәсекенің формалары мен қызметтері.  
3. Монополиялық бірлістіктер.  
4. Бәсеке мен монополияның бірігүі. ҚР бәсеке нарығын қалыптастыру проблемалары мен жолдары.  
Бәсеке латын сөзі «бірге жүгіру» деген мағына. Оны халық адамдар арасындағы бір мақсатқа бұрынырақ жетуді көздеген өзара жарыс, сайыс деп қарастырған. Бәсекенің бір түрі зерттеу және сегменттеу бәсеке- нарықты шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.  
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықты құрылым тән. Салаға ену және шыру шектелмеген. Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.  
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңны және табиғи тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не монополистік бәсеке, не олигополия пайда болады.  
Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс ауытқымасы нарықты сұраныстың ауытқымасы болып табылады да, теріс еңкіш сызықты болады. Сондықтан фирмалар тауардың өндірілуін бақылай отырып (монополистік бәсеке үшін бақылау толық емес), бағаға ықпал ете алады. Монополия жағдайында (бағалың кемсі-тушілікке бармайтын) тауардың қосымша бірлігін сатудан алатын шекті кіріс (MR) оның бағасынан төмен.  
Фирманың табысы максималды болған жағдайда өндіру келемі MR = МС ережесімен анықталады. Кестеде бұл шекті шығын ауытқымасы мен шекті табыс ауытқымы-ының қиылысу орны болып табылады. Бекітілген баға максималды табыс беретін сұраныс ауытқымасының биіктігімен анықталады. Мұндай баға шекті шығындардан әр-дайым жоғары.

Бәсеке түрлері: ішкі салалық-бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес;  
салааралық-түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес.  
Бәсекенің формалары:  
1. Кәміл бәсеке-еркін бәсеке нарығы.  
2. Жетілдірілмеген бәсеке.Ол өзі 3 түрге бөлінеді:  
- монополия-тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.  
- олигополия-ірі фирмалар билейтін нарық.  
- монополистік бәсеке-біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.  
Табиғи монополия - бұл екі немесе бұдан да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыны аз қандай да бір тауар, не қызметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болған монополия.  
Жасанды монополия - сөз байласу немесе бәсекелесті басып тастау арқылы құрылған монополия.  
Кездейсоқ монополия - өз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып түсіру нәтижесінде пай¬да болады, бұл капиталдың (қаржының) тиімді жұмсалун қамтамасыз етеді.  
Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері — өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.  
Монополияға қарсы заңдылықтар-бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.  
Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.  
Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:  
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.  
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.  
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу;  
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.  
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.  
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т.б.

Әдибиеттер:

1. 1Современная  зерттеу және сегменттеу. Многоуровневая учебное пособие (Под ред. О.Ю.Маметова-Ростов на Дону, Феникс 2001)  
2. Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.  
3. Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.  
4. Рузавин Г.И. Основы экономики. М.Банки и биржи. 1999г.

Бақылау сұрақтары:

1. Монополиялық  бірлістіктер.  
2. Бәсеке мен монополияның бірігүі. ҚР бәсеке нарығын қалыптастыру проблемалары мен жолдары.  
3. Бәсекемен күресу әдістемелері

Тақырып 8. Кәсіпкерлік  қызмет.

Тақырып мақсаты: Кәсіпкерліктің формаларын білу.

Сүрақтар:  
1. Жеке меншік – нарықты зерттеу және сегменттеудің, негізі.  
2. Бизнес – нарықты зерттеу және сегменттеудің жылжытушы күші, оның белгілері мен түрлері.  
3. Кәсіпкерліктің үйымдастыру – құқыұтық формалары: артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚР кәсіпкерліктің дамуы.

Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734) еңгізді. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.  
Кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес-табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік-ол өнертапқыш. Зерттеу және сегменттеуда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғым бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Бизнес-бұл табыс әкелетін адамның зерттеу және сегменттеу қызметі.  
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формаларының ерекшеліктері келесі:  
-шаруашылық бірлестіктің қатысушылар саны  
-капитал иесі  
-басқару формасы  
-мүліктің қайнар көздері  
-мүліктік жауапкершілік шегі.  
Кәсіпкерлік қызметпен заңды және жеке тұлғалар айналысады.  
Жеке тұлға-заңды тұлға мәртебесіне иемдембейтін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат.Оның кәсіпкерлік құқығы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін басталады. Кәсіпкер не, қалай, кім үшін өндіру керек мәселелерін өзі жеке шешеді.Артықшылығы: құрылуы оңай, әрекет бостандығы елеулі, табысын өз еркімен жұмсайды. Кемшіліктері: толық мүліктік жауапкершілік, қаржы шектеулі, несие алу шектеулі.  
Заңды тұлғаның екі түрі бар: коммерциялық және коммерциялық емес.  
Коммерциялық ұйымдар: толық серіктестік, коммантидтті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорындар.  
Серіктестік-үлестері әртүрлі формалы және оның құрамынан шыққан кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке араласатын шағын компаниялар болып табылады.  
Толық серіктестік-серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері өзінің барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікте болады.  
Коммандитті серіктестік немесе “сенім артқан серіктестік” мұнда серіктестік мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болғандықтан, басқару ісіне араласпайды.  
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады.  
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, яғни бұд жерде серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады.  
Акционерлік қоғам-бұл қаржысы акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда есебінен дивиденд беріп отыратын серіктестіктер.  
Акция-бұл оның иесі акционерлік қоғамның капиталына өз үлесін қосқанын және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы бар екенін растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын табысы дивиденд деп аталады.  
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді. Сонымен бірге, акцияның бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді.  
Акциялар құнды қағаз нарықтарынды-қор биржаларында сатылады және сатып алынады. Бірақ акция бағасы әдетте осы құжатта көрсетілген ақша сомасына сай келе бермейді. Акция бағасы дивидентің мөлшері мен процентінің мөлшерлеріне байланысты болып және өзінің иесіне ақша салғаны үшін дивиденд сияқты табыс алуды қамтамасыз ете алатын ақша сомасына сай келеді.  
Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде меншік пен кәсіпорындардың алуан түрлері мен формаларының барлығы бірдей заң жүзінде орнықпағанымен, дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен мемлекеттік меншікке негізделетін және төмендегідей формаларда әрекет жасайтын түрлері бар:  
• мемлекеттік бюджетте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар-несие негізінде коммерциялық қызметпен айналыспайтын мемлекеттік-бюджеттік кәсіпорындар;  
• шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар;  
• мемлекеттік-жалгерлік кәсіпорын-мемлекеттік кәсіпорынды, оның бір бөлімшесін немесе басқа мүліктерін сондағы еңбек ұжымының өзі жалға алған жағдайда құрылады;  
• кооперативтік кәсіпорындар-бұл жаңа түрлі кооперативтер. Олар жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланып, тауар шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.  
• мемлекеттік-акционерлік қоғам немесе холдингтер;  
• мемлекеттік бірлескен кәсіпорындар, сол кәсіпорынды құрушылардың мүліктерін біріктіру жолымен құрылады. Оларға заңдылық құқығы бар тұлғалар, шетел мекемелері мен азаматтары кіреді.

Әдибиеттер:

1Современная  зерттеу және сегменттеу. Многоуровневая учебное пособие (Под ред. О.Ю.Маметова-Ростов на Дону, Феникс 2001)  
2. Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.  
3. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория,опыт, прблемы). Учебное пособие-Алматы: Зерттеу және сегменттеу, 1998г-248с.  
4. Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.

Бақылау сұрақтары:  
1. Жеке меншік – нарықты зерттеу және сегменттеудің, негізі.  
2. Бизнес – нарықты зерттеу және сегменттеудің жылжытушы күші, оның белгілері мен түрлері.  
3. Кәсіпкерліктің үйымдастыру – құқыұтық формалары: артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚР кәсіпкерліктің дамуы.

Тақырып 9. Нарықты  баға белгілеу.

Такырып мақсаты. Баға және оның қызметтері мен таныстыру. Баға орнату стратегиясы. Жаңа тауарларға баға орнату. Нарықтағы тауарларға баға орнату. Баға орнатудың мақсатын және әдісін таңдау. Баға дискриминациясы

Сүрақ:  
1. Баға және оның қызметтері.  
2. Баға орнату стратегиясы.  
3. Жаңа тауарларға баға орнату.  
4. Нарықтағы тауарларға баға орнату.  
5. Баға орнатудың мақсатын және әдісін таңдау.  
6. Баға дискриминациясы

Құн мен баға-ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара-пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы әбден мүмкін. Себебі оған сұраныс пен ұсыныс, пайдалылық, сиректік, мода, инфляция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға-тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы. Нарықты зерттеу және сегменттеуда тауар қозғалысы шаруашылық процесстерін реттеудің инструменті болып табылатын бағамен іске асады. Баға белгілеу механизмі бірқатар элементтерден тұрады: бағалар, олардың құрылымы, деңгейі, белгілеу тәсілі, баға динамикасының факторлары.  
«Баға» категориясы деп өзінің қызметтерінің ерекшелігімен, қолдану сферасымен, қалыптасу тәсілімен ерекшеленетін баға түрлерін түсінеміз.  
1. Баға-құнның ақшалай көрінісі. Ол құннан ауытқып тұрады, тек нарықты тепе-теңдіктің кейбір моменттерінде құнмен сәйкес келеді.  
2. Баға-тауарға төленетін ақша соммасы, яғни баға тауар өндірісіне кеткен шығындармен байланыспайды.

Бағаның қызметтері:  
• Есеп қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процессінің өзгеруінде байқалады және әртүрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.  
• Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, жаңа технологияны қолдануғағ өнім сапасын арттыруға күш салады.  
• Бөлу-реттеу қызметі. Бағаның бөлу қызметі сұраныс пен ұсынысты реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.  
• Нарықты, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыну мен өндірісті теңгергенде байқалады.  
• Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды.Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттілігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды. Мұндай ақпарат барометр сияқтя-зерттеу және сегменттеудағы конъюктура жағдайын айқындап, кейбіреулердің іскерлік белсенділігін арттырады.  
Бағаның түрлері:  
• Нарықты баға сатушы мен сатып алушы арасында пайда болады. Бұл кәміл бәсеке нарығына тән. Нарықты баға реттелмейді, себебі ол сұраныс пен ұсыныс әсерімен қалыптасады.  
• Аукциондық баға.  
• Комиссионды баға.  
• Шартты баға (өзгертуге жатпайтын баға)  
• Фьючерстік баға.  
• Мемлекеттік баға (тарифтер мен бекітілген бағалар)  
• Бөлшек баға, тауарды бөлшектеп сатқанда қолданылады.  
• Көтерме баға, ірі партия тауарларын сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына жеткізуде қолданылады.  
• Монополды баға, монополиялар бекіткен жоғары немесе төмен өндіріс бағасы.  
• Монопсоды баға, жалғыз сатып алушымен қойылатын баға.  
• Халықаралықбаға-халықаралық сауда бағасы.  
Қазіргі уақытта тауарды сатып алу мен қызмет көлемінің 70-80% еркін баға үлесі қамтиды. Нарық діңгегін еркін баға құрайды. Нарықты зерттеу және сегменттеу дамыған көп елдерде баға міндетті түрде реттелінеді, еркін нарықты бағасыз өзін-өзі реттеу механизмі жұмыс істелмейді.  
1. Үкімет оргндары тарапынан бағаны бақылау. Мемлекетті орган мен олардың әлеуметтік партнерлары бағалы бақылаудың басты мақсаты-өмір сүру құнының өсуін айқындау.  
2. Бағаға жанама әсер ету. Мұның мәні мынада: сыртқы саудада кейбір сандық немесе кедендік шектеуді еңгізу немесе алып тастау. Сондай-ақ есептеу ставкасының өзгеруі, салық ықпалдығын ескеру, ақша эмиссиясының көлемін көбейту немесе азайту.  
3. Мемлекеттің баға құрылу процесіне араласуы. Бұл жерде үкімет органдарының өндіріс шығындарын көтеруге рұқсат етілуі көзделген: өзіндік құнға көтеріңкі жойылған амортизация қосылады және басқа қорларға жіберілген нәрселер.  
4. Бағадағы лидерлік. Бұл құбылыс өндіріс саласының тауар мен қызмет көрсету саласында басталады. Себебі мемлекеттің үлесі сүбелі. Егер салаларды мемлекет пен жеке кәсіорындар басқарса, мемлекет конъьюктуралық немесе құрылымдық-саяси мақсатта өзіне жататын кәсіпорындар бағасына әсер ету қолынан келеді. Мемлекет нарықтың көлемді бөлігін бақылап, ұсынымның шектелуімен баға белгілеуде лидер болып, сала бойынша оның деңгейін анықтайды. Осындай жағдай мемлекеттік ірі сатып алушы және тапсырыс беруші салаларында да қалыптасқан.  
5. Мемлекеттің бағаға тікелей әсері. Мұны мемлекеттік субсидия жүзеге асырып, сала ішінде, салада немесе аймақта жеке тұтынушылар шығынының төмендеуін байқатады.  
6. Зерттеу және сегменттеудің мемлекеттік секторында өндірілген тауар және жасалатын қызметке жеңілдетілген баға мен тарифтерді белгілеу. Бұған минерал-шикізат және жағармай-энергетикалық ресурстар, темір жол мен почта-телеграф тарифтерінің бағасын айтамыз.  
7. Бағаның көрсетілген түрін немесе олардың белгіленген көтерілу шегін үкіметтің бақылауы. Бағаны осылай реттеу әлеуметтік келеңсіздіктің белен алғанында ғана қолданылады.  
8. Тауардың кейбір түрлеріне бағаны бекіту мен бақылауды ұлттық органдар құзырына береді.  
 
Әдибиеттер:  
1Современная зерттеу және сегменттеу. Многоуровневая учебное пособие (Под ред. О.Ю.Маметова-Ростов на Дону, Феникс 2001)  
2. Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.  
3. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория,опыт, прблемы). Учебное пособие-Алматы: Зерттеу және сегменттеу, 1998г-248с.  
4. Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.  
1. Ф.Ф. Стерликов. Зерттеу және сегменттеу 100 вопросов, 100 ответов. Гуманитарный издательский центр «Владос», 1999

Бақылау сұрақтары:  
1. Баға орнату стратегиясы.  
2. Жаңа тауарларға баға орнату.  
3. Нарықтағы тауарларға баға орнату

Тақырып 10. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табысты қалыптастыру.

Тақырып мақсаты: Факторлық табысты бөлу және қалыптастыру. Жалақы және еңбек қатынастарын реттеу. Жалақының зерттеу және сегменттеу негізі. Еңбек нарығында жалдау проблемасы, жұмыссыздық және әлеуметтік кепілдер. Табыс және капитал. Капитал және пайыз. Табыстың зерттеу және сегменттеу негізі. Рентаның зерттеу және сегменттеу негізі. Рента түрлері.  
Сүрақтар:  
1. Факторлық табысты бөлу және қалыптастыру.  
2. Жалақы және еңбек қатынастарын реттеу.  
3. Жалақының зерттеу және сегменттеу негізі.  
4. Еңбек нарығында жалдау проблемасы, жұмыссыздық және әлеуметтік кепілдер.  
5. Табыс және капитал.  
6. Капитал және пайыз.  
7. Табыстың зерттеу және сегменттеу негізі.  
8. Рента түрлері.

Зерттеу және сегменттеудің маңызды құрамдас бөлігі өндірістік жүйе. Адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізі-материалдық және рухани игіліктер.Өндірісті ұйымдастыруға қажетті факторлар: еңбек, еңбек заттары және еңбек құралдары. Еңбек-адамның еңбек ету қабілеттілігі. Еңбек заттары-белгілі бір бұйым жасалатын, алдын ала өңдеуден өткен н.емесе өтпеген табиғат жемістері. Еңбек құралдары-өндірістің негізгі бұлшық ет жүйесі. Еңбек заттары мен құралдарының жиынтығы-өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды немесе материалдық-заттық фактор деп аталады.  
Зерттеу және сегменттеу игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік.  
Жер-барлық табиғи ресурстар (мұнай, газ, орман, су, кен т.б). Жерден түсетін пайда-рента.  
Еңбек-еңбек ресурстары (адамдардың жұмыс күші).Еңбектен түсетін пайда-жалақы.  
Капитал-материалдық және қаржы ресурстары (ғимараттар, қаржы т.б.) Капиталдан түсетін пайда-пайыз.  
Кәсіпкерлік-қаржылық табыс алумен байланысты ынталы, шаруашылық қызмет). Кәсіпкерліктен түсетін пайда-табыс.  
Жалақы-еңбек құнының ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықты зерттеу және сегменттеуға көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Жалақының екі түрі қолданылады: мерзімді және кесімді. Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді. Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай төленеді. Номиналды жалақы-жұмыскердің өзінің еңбегіне алатын ақшалай сомасы.  
Еңбек нарығы-бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы.  
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу:  
• Жұмысқа орналастыру және кәсіби даярлық пен қайта даярлықтан өтуге көмектесу.  
• Үйлесімді еңбек нарығын жасауға ынталандыру, еңбек қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.  
• Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.  
Жұмыссыз қалу қауіпі-әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үші жалақы-жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады.  
Жұмыссыздық-еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.  
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау принциптері келесі:  
- тиімді жұмыс істеу, кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін қамтамасыз ету;  
- кіріс жасаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;  
- кірістегі және жеке тұтынудағы дифференциация процесін макрозерттеу және сегменттеу реттеу;  
- ең төменгі өмір сүру деңгейінің нақты көрсеткішін анықтау және оны жүйелі түрде индексациялау;  
-жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету.  
Жер рентасы-жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Бұл төлемқосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебінен пайда болады.  
Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: 1-ші және 2-ші дифференциалдық ренталар. 1-ші дифференциалдық рентаның құрылу себебін жерді шаруашылық объектісі ретінде монополиялау болып табылады. Оның мәнісі мынада: сапалық жағынан жақсы және орташа жер учаскелерін пайдаланған кәсіпкер-арендаторлар, өздерінше жерді шаруашылық объектісі ретінде игереді. Сондықтан олар оған басқа кәсіпкерлердің капитал салуына жол бермейді, сөйтіп сапалық жағынан жақсы және орташа жер учаскісінен монополды қосымша пайданы табады.

Информация о работе Монополия