Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 19:53, реферат
Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады.
Монополия
Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.
Таза монополия - нақты тауар нарығындағы жағдай, мұнда небәрі бір ғана сатушы әрекет етеді.
Саяси монополия - [грек, монополіон полео - сатамын] - қоғамдағы саяси ұйым, саяси билік түрі, басқару толығымен саясаттың жалғыз субъектісінің қолында болады. Монополиялық билік субъектісі бір адамның қолында болуы да мүмкін. Монополиялық биліктің мүндай түрі шығыс деспотиясына, антикалық тиранияға, еуропалық феодализм дәуіріндегі шексіз монархияларға, ХХ ғ. тоталитарлық тәртіптерге тән.
Монополиялық билік биліктің негізгі қызметтерінің бір субъектімен жүзеге асырылуынан көрініс табады: ол заң шығарушы да, ол атқарушы билік жетекшісі де, сот билігін де жүзеге асырушы. Саяси жүйенің басқа субъектілері оның қызмет көрсетушілері. Дәстүрлі мәдениетте билікке монополия қоғамдық қатынастарға негізделген табиғи басқару формасы. Батые мәдениетінде билікке монополия тарихи шектеулі рөл атқарды. Демократизм саяси монополияға қарама-қарсы жағдай.
Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылатынын атап өткенбіз. Монопоияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің
Сөйтіп, монополия бәсекелестікке қарама-қарсы жұмыс істейді. Алайда, таза монополия өмірде сирек кездеседі. Нарық-та бір фирманың билік жүргізуі жеткілікті түрде шартты болады. Шы-найы өмірде белгілі бір салаларда ірі фирманың шектеулі саны болғанда, олигополия жиі кездеседі. Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі, бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болады.
Нарық құрылымының түрлері Жетілген Монополистік Олигополия Таза монополия
Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті – бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы (тізетуші) ықпал жүргізетін әдістері енеді.
Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы (трестке қарсы) заңдар жиынтығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты – тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі.
Монополияға қарсы саясат шеңберінде екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу.
Бірінші бағытқа төмендегілер жатады:
жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету; бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату; ерекше күрделі жағдайда (бұл көбінесе табиғи монополияға қатысты) баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау (бұл белгілі бір кездері теріс пайдалану туындаған жағдайда); бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау; кішірейту жүргізу.
Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын қарастыра отырып, реттеудің дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі болып табылатынын қадағалау қажет. Белгілі бір тауарлар мен қызметтің барлық рыноктық ұсынысы бір сатушының қолына жинақталған болса және бәсекелестік ортаны құру тиімді болмаса, табиғи монополия орын алады. Көлем нәтижесінің зорлығы сондай, екі немесе бірнеше бәсекелесті фирмаларда пайда болуы мүмкін шығындармен салыстырғанда, өндірістің аз шығыны жағдайында бір фирма ұсынысты толық қанағаттандыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты негізінен 1988 жылдың 9 шілдедегі N 272-1 "Табиғи монополиялар туралы", 2001 жылдың 19 қаңтарыңдағы N 144-11 "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы", 1998 жылдың 9 маусымындағы N 232-1 "Жосықсыз бәсеке туралы", Қазақ ССР - інің 1991 жылдың 5 маусымдағы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғыларына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулыларына, нормативтік актілеріне сүйенеді.
Экономикалық саясаттың маңызды бір саласы - монополияға қарсы саясат жүргізу. Монополияға қарсы саясат тек елдің ішкі экономикалық процестерін ғана емес, сыртқы байланыстарды жүйеге келтірудің бірден бір жолы. Әлемдік деңгейде бәсекелестікті арттырудың жолдарын көрсететін, нарық қатынастарын реттейтін шаралардың бір қатары осы монополияға қарсы саясат арқылы жүзеге асырылып отырады. Монополияға қарсы реттеу саясаты басқарушы билік институттарының экономиканы реттеушілік қызметін көрсететін маңызды сала.
Монополияға қарсы саясат нарықтағы субъектілердің шаруашылық әрекеттерін бәсекеге негіздей отырып, оларға біркелкі нарық жағдайларын тудыруға, сонымен қатар нарықтағы монополистердің үстемдік жағдайын асыра пайдалануға тосқауыл қоюға бағытталатын мемлекеттік шараларды іске асыруымен маңызды.
Монополияға қарсы күрес саясаты да экономика мен саясаттың өзара ықпалдасуының, өзара тәуелділігінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Монополияға қарсы реттеу саясатын экономикалық саланың еншісіндегі құбылыс деп бір жақты қарау дұрыс емес. Монополияға қарсы саясат алдымен билік институттарының қызметі. Билік қызметі бұл салада экономикалық нарықтық қатынастарды мемлекет пен халық мүдделеріне сәйкес реттеуге бағытталған. Монополияға қарсы саясат билік қатынастары және билік субъектілерінің тікелей қызметі. Бұл саясаттан саяси процеске нақты тән саясаттың, биліктің, мемлекеттің бизнес пен қызметтерінің арқасында нарықтық модернизацияның іске асуының куәсі боламыз. Демек, монополияға қарсы саясат саясаттың субъектілері болып табылатын билік институттарының объективті экономикалық және қаржылық процестерді реттеу болып табылады. Монополияға қарсы саясатсыз экономиканы дамытушы факторлардың бірі бәсекелестік те іске қосылмайды. Монополияға қарсы саясаттан саясаттың нақты қолданбалы сипатын көре аламыз.
Нарықтық қатынастар қалыптасып, дамудың иңдустриялық кезеңіне түскен Қазақстан Республикасы үшін жан жақты қамтылған монополияға қарсы саясаттың саяси — құқықтық негізін қалыптастыру маңызды мәселе. Монополияға қарсы реттеу пен бәсеке саясаты Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудің нақты жолы болып саналады. Біз бұған ел экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы қол жеткіземіз. Бұл елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарында көрсетілген. [2, 17 б.]
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда парасатты экономика жасау монополияға қарсы ғылыми тұжырымдалған реттеу саясаты жүргізбейінше мүмкін емес. Әлемдік экономикалық даму үрдістеріне қосылған Қазақстан үшін ішкі бәсекені дамыту, әлемдік бәсекелестікке кабілетті болу, шағын және орта бизнесті дамыту экономикадағы басымдылықтардың бірі. Осы мақсатты жүзеге асыруда Қазақстандағы монополияға қарсы реттеудің ролі күшті, мемлекеттің билік органдары арқылы оның нәтижелігін арттыру өзекті міндет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ТМД елдерінде, әсіресе Ресей ғалымдарының осы мәселеге байланысты жарық көрген еңбектері бар. Ресей ғалымдарының монополия мәселесіне назар аударуын осы тақырыпта арналған еңбектер санының өсуінен көруге болады. Соның ішінде И.Авдашева, К.Балацский, С.Б.Бутыркин, И.В.Князева, Н.М.Розанова, Ашаститко еңбектері Ресейде қазіргі кездегі монополияға қарсы саясаттың қалыптасуының теориялық негізін қалады деуге болады.
Біздің елімізде экономика және заң салаларының ғалымдары монополияға қарсы саясаттың теориялық және құқықтық базаларына талдау жасады. Отандық зерттеушілер Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясатты калыптастыруда шетел тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерін де көрсетті. Осындай бағыттағы еңбектерге Н.Ж.Ахметов, Л.АӘмірғалиева, К.И.Байзақов, О.А.Жандосов, Т.АЖұмагелдиева, Е.Б.Жатқанбаев, Г.И.Куренкеева, А.И.Ондасынова, П.Своиктағы да сол сияқты авторлардың зерттеулерін жатқызуға болады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру ерекшеліктеріне саяси талдау жасау диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар осы саясатты жүзеге асырушы саяси институттарының қоғамда алатын ролін анықтауды да мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідеи міндеттерді анықтайды:
- Монополияға қарсы реттеудің жалпы теориялық негізін зерттеу;
- Экономикасы дамыған елдер мен ТМД елдеріндегі монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;
- Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу пен бәсеке саясатының қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін талдау;
- Монополияға қарсы бағытталған саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік билік институттарының ролін анықтау;
- Монополияға қарсы саясаттың саяси-құқықтық негіздерін сараптау және осы саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын ролін көрсету;
- Монополияға қарсы саясатты реттеуді жүзеге асыру барысында қоғам мүшелерінің мүдделерінің қорғалу деңгейін көрсету;
- Мемлекеттің монополияға қарсы реттеудің жаһандану процесіне байланысты келешектегі негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеу саясаты мен бәсеке саясаты;
Зерттеу пәні үкіметтің монополияға қарсы қызметі, монополияға қарсы саясатты жүзеге атқарушы мемлекеттік институттар мен нарық субъектілерінің монополияға қарсы саясатты жүзеге асырудағы іс - әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасьшың монополияға қарсы саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде институционалдық, жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдандық.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер:
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ЫСБН 9965-32-491-3
↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ЫСБН 978-601-215-003-2
↑ Қазақша инцеклопедия 6 том 27 бет.
↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ЫСБН 978-601-215-003-2
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ЫСБН 9965-32-491-3